Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 Қаулысы

Жаңартылған

      "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

      2) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

      V. "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнде:

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      02 "Байланыс жүйелерi" кiшi функциясында:

      603 "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" әкiмшiсi бойынша "3480000" деген сандар "2580000" деген сандармен ауыстырылсын;

      013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бағдарламасы бойынша "1800000" деген сандар "900000" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі 900000

      013 Почта-жинақтау жүйесiн дамыту 900000";

      3) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға 375-қосымшада :

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).";

      5-тармақта:

      "145 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу және техникалық нығайту" деген сөздер "15 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "167" деген сандар "37" деген сандармен ауыстырылсын;

      "4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру, Астана қаласында есептеу орталығын құру" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-тармақтың кестесiнде:

      5-бағандағы "Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру әрi почта-жинақтау қызметтерiн дамыту" деген сөздер "Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту." деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-бағандағы "Жыл бойы" деген сөздер "2006 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      мәтiндегi "145", "167", "225", "7-10", "9-11", "5-7", "12", "225" деген сандар тиiсiнше "15", "37", "95", "5-8", "7-9", "3-5", "10", "95" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Тiкелей нәтиже:" деген бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 203-1-қосымшамен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 23 қазандағы
N 1015 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
203-1-қосымша

      220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi

      ___________________________________________________________

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi

      2006 жылға арналған

      013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту"

      республикалық бюджеттiк бағдарлама

      ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).

      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысы.

      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.

      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердiң кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi жүйенi қалыптастыру.

      5. Бюджеттiк бағдарлама мiндеттерi: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлiмшесiн салу және техникалық нығайту арқылы меншiктiк филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлiмшелерiнiң операциялық залдарын 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру.

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

N

р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі (кіші бағдарламалар) іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7


013


Почта-жинақтау жүйесiн дамыту

"Самұрұқ" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтып, кейiннен қаражатты ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бағыттау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi









      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:

      Тiкелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлiмшесiнiң құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендiру; ауылдық байланыс бөлiмшелерiн 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту.

      Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлiмшесiнде компьютерлiк және банктiк жабдықтардың бiрыңғай инфо-коммуникациялық кеңiстiкте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимiнде пайдаланушылардың еркiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн базалық алғы шарттарды құру.

      Қаржы-экономикалық нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтердiң аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесiнiң жалпы табысын 7-9 % өсiруге, және сәйкесiнше Қоғам жұмыскерлерiнiң еңбек ақысының 9-10% өсуiне, бюджетке салықтық түсiмдерiн 5-7% өсуiне ықпал етедi.

      Уақтылығы: жасалған келiсiм-шарттар мен құрылыс кестелерiне сәйкес.

      Сапасы: нақты уақыт режимiнде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуi, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесiнiң 96 бөлiмшесiнде көрсетiлетiн қызметтердiң аясын 11%-ға кеңейту.