"Қазақстан Республикасының Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясына қосылуы және оны ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 17 қазандағы N 998 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясына қосылуы және оны ратификациялауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Халықаралық саудадағы жекелеген
қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала
негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясына
қосылуы және оны ратификациялауы туралы

      Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 10 қыркүйекте Роттердамда жасалған Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясына қосылсын және оны ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ЖЕКЕ ҚАУIПТI ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР
ЖӘНЕ ПЕСТИЦИДТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АЛДЫН АЛА НЕГIЗДЕЛГЕН
КЕЛIСIМ РӘСIМI ТУРАЛЫ РОТТЕРДАМ КОНВЕНЦИЯСЫ

      Осы Конвенцияның Тараптары
      халықаралық саудадағы жеке қауiптi химиялық заттар және пестицидтердiң денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян әсер етуiн сезiне отырып,
      "уытты және қауiптi өнiмдердiң заңсыз халықаралық айналымының алдын алуды қоса алғанда, уытты химиялық заттарды пайдалануды экологиялық қауiпсiз басқаруға" қатысты қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының тиiстi ережелерi мен XXI ғасырға арналған Күн тәртiбiнiң 19-тарауына сүйене отырып,
      ЮНЕП халықаралық саудадағы, сондай-ақ ФАО пестицидтерiн орналастыру және пайдалану саласындағы беталысының халықаралық кодексiндегi химиялық заттар туралы ақпараттар алмасудың өзгерген Лондондық басшылық принциптерiнде қамтылғанын алдын ала негiзделген келiсiмнiң ерiктi рәсiмiн қолдану жөнiндегi Қоршаған орта жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламасы (ЮНЕП) мен Бiрiккен Ұлттардың Сауда және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) атқарған жұмыстарын ескере отырып,
      дамушы елдердiң және өтпелi экономикасы бар елдердiң жағдайлары мен ерекше қажеттiлiктерiн, әсiресе Тараптар арасындағы ынтымақтастыққа технологияны берудi, қаржылай және техникалық көмекпен қамтамасыз етудi қоса алғанда, химиялық заттарды тиiмдi пайдалану саласындағы ұлттық мүмкiндiктердi және әлеуеттi күшейту қажеттiлiгiн назарға ала отырып,
      транзиттiк тасымалдар туралы ақпаратқа кейбiр елдердiң ерекше қажеттiлiктерiн мәлiметке ала отырып,
      Беталыстың халықаралық кодексi мен ЮНЕП химиялық заттарымен халықаралық сауда саласындағы этика кодексiнде баяндалған ерiктi стандарттарды ескере отырып, барлық елдегi химиялық заттарды тиiмдi пайдалану тәжiрибесiн таратуға бiрлесе әрекет етудi тани отырып,
      олардың аумағынан экспортталатын қауiптi химиялық заттардың өзгерген Лондондық басшылық принциптерi мен Беталыстың халықаралық кодексiнiң принциптерiне сәйкес келетiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн әдiспен оралуын және таңбалауды қамтамасыз еткiсi келе отырып,
      осы Конвенцияның бiрде-бiр ережесiнiң халықаралық саудадағы немесе қоршаған ортаны қорғаудағы химиялық заттарға қатысты қолданылатын кез-келген халықаралық келiсiм шеңберiндегi кез-келген Тараптың құқықтары мен мiндеттерiнiң қандай да бiр өзгерiсiн бiлдiрушi ретiнде түсiнiк бермейтiндiгiн атап өте отырып,
      жоғарыда баяндалған белгiлi бөлiмнiң осы Конвенция мен басқа халықаралық келiсiмдердiң арасында иерархия белгілеуге бейiмделмегенiн сезiне отырып,
      халықаралық саудадағы қауiптi химиялық заттар және пестицидтердiң әлеуеттi зиянды әсер етуiнен адам денсаулығын, оның iшiнде тұтынушылар мен жұмыскерлердiң денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн нақты шешiмнiң орындалуымен
      МЫНАЛАР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап
Мақсат

      Осы Конвенцияның мақсаты - олардың қасиеттерi туралы ақпаратпен алмасуды жеңiлдету жолымен оларды экологиялық негiзделген пайдалануға әлеуеттi зиянды әсер етуден және бiрлесе әрекет етуден, олардың импорты мен экспортына қатысты шешiмдердi қабылдау процесiнiң ұлттық деңгейiнде жүзеге асыру туралы ережелердi бекiтуден және Тараптар арасында осы шешiмдердi таратудан адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау үшiн халықаралық саудадағы жеке қауiптi химиялық заттарға Тараптардың ортақ жауапкершілiгін және бiрлескен күштерiн қамтамасыз етуге әдiстену.

2-бап
Анықтамалар

      а) "химиялық заттар" өз бетiмен немесе препараттың қоспасында немесе құрамында болатын және өндiрiстiк әдiспен дайындалған немесе табиғи жолмен алынған, бiрақ құрамында ешқандай тiрi организмдер болмайтын заттарды бiлдiредi. Бұл термин мынадай санаттарды: пестицидтер (аса қауiптi пестицидтер құрамдарын қоса алғанда) мен өндірістік химикаттарды қамтиды;
      b) "тыйым салынған химиялық заттар" химиялық затты бiлдiредi, бiр немесе бiрнеше санат шеңберiнде адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында соңғы регламенттеушi қаулымен тыйым салынған қолданудың барлық түрi. Бұған бiрiншi рет пайдалануға рұқсат берiлмеген немесе өндiрiстен не елдiң iшiндегi саудадан не осы елде олардың сатылуына рұқсат құралын одан әрi қарау процесiнен шыққан химиялық заттар енедi, сонымен бiрге осындай шаралардың адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанына айқын куә болады;
      с) "қатаң шектелген химиялық заттар" химиялық затты бiлдiредi, бiр немесе бiрнеше санат шеңберiнде адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында соңғы регламенттеушi қаулымен тыйым салынған шын мәнiндегi кез-келген пайдалану, бiрақ қолданудың жеке де нақты түрлерiне қатысты рұқсат етiледi. Бұған бiрiншi рет пайдалануға рұқсат берiлмеген немесе өндiрiстен не елдiң iшiндегi саудадан не осы елде олардың сатылуына рұқсат құралын бұдан арғы қарау процесiнен шығарылған химиялық заттар енедi, сонымен бiрге, осындай шаралардың адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанына айқын куә болады;
      d) "аса қауiптi пестицид құрамы" пайдалану жағдайында бiр немесе бiрнеше рет әсер етуден кейiнгі уақыттың қысқа кезеңiнiң iшiнде байқалған адам денсаулығына немесе қоршаған орта үшiн елеулi салдар туғызатын пестицид ретiнде пайдалану үшiн алынған химиялық затты бiлдiредi;
      e) "соңғы регламенттеушi қаулы" мақсаты химиялық заттарға тыйым салумен немесе қатаң шектеумен аяқталатын бұдан кейiнгi регламенттеушi қаулыны талап етпейтiн Тараптың шығарғанын бiлдiредi;
      f) "экспорт" және "импорт" олардың тиiстi мағынасының шеңберiндегі транзиттiк операцияларды алып тастағанда, бiр Тараптан басқа Тарапқа химиялық заттардың ауысуы;
      g) "Тараптар" осы Конвенцияның мiндеттерiмен байланысты болатын немесе осы Конвенция күшiне енген мемлекеттi немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымын бiлдiредi;
      h) "экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы" қандай да бiр өңiрдiң егемен мемлекеттерiмен құрылған оның мүше мемлекеттерiне осы Конвенциямен реттелетiн мәселелермен айналысу тапсырылған және осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау, қабылдау және мақұлдау немесе оған қосылу өздерiнiң iшкi рәсiмдерiмен сәйкес тиiсiнше уәкiлдiк берiлген ұйымды бiлдiредi.
      i) "Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет" 18-баптың 6-тармағында айтылған көмекшi органды бiлдiредi.

3-бап
Конвенцияның әрекет ету саласы

      1. Осы Конвенция:
      а) тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттарға; және
      b) аса қауiптi пестицидтер құрамына қатысты қолданылады.
      2. Осы Конвенция:
      а) есiрткi құралдары мен психотроптық заттарға;
      b) радиоактивтi материалдарға;
      с) қалдықтарға;
      d) химиялық қаруларға;
      e) адамдарға арналған дәрiлер мен мал дәрiлерi құралдарын қоса алғанда, фармацевтiк препараттарға;
      f) тамақ қосымшалары ретiнде пайдаланылатын химиялық заттарға;
      g) саудаға;
      h) импортталған жағдайда, адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер ете қоймайтын көлемдегi химиялық заттарға,
      i) зерттеулерге немесе талдау жүргiзу мақсаты үшiн; немесе
      іі) пайдаланудың осындай түрi үшiн шектеулi санмен жеке пайдалануға арналған жеке тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

4-бап
Тағайындалған ұттық органдар

      1. Әрбiр Тарап осы Конвенциямен қарастырылған әкiмшiлiктiк қызметтердi орындау барысында өзiнiң атынан қатысатын бiр немесе бiрнеше ұлттық органдарды тағайындайды.
      2. Әрбiр Тарап осындай органның немесе органдардың өз мiндеттерiн тиiмдi орындауы үшiн жеткiлiктi ресурстарды игерудi қамтамасыз етуге ұмтылады.
      3. Әрбiр Тарап осы Конвенцияның ол үшiн күшiне енген күнiнен кешiктiрмей хатшылыққа осындай органның немесе органдардың мекен-жайын хабардар етедi. Ол осындай органның немесе органдардың атауларына немесе мекен-жайларына қатысты кез-келген өзгерiстер туралы хатшылыққа хабардар етедi.
      4. Хатшылық Тараптарға 3-тармаққа сәйкес алынған хабарламалар туралы кешiктiрместен ақпарат бередi.

5-бап
Тыйым салынған немесе қатаң шектелген
химиялық заттарға қатысты рәсiмдeр

      1. Соңғы регламенттеушi қаулы қабылдаған әрбiр Тарап хатшылыққа осындай қаулы туралы хабарламаны жазбаша түрде жiбередi. Осындай хабарлама мүмкiндiгiнше тезiрек жiберiледi және кез-келген жағдайда соңғы регламенттеушi қаулы күшiне енген күнiнен кейiн тоқсан күннен кешiктiрмеу керек және егер бар болса, I-қосымшаға сәйкес талап етiлетiн ақпаратты қамтиды.
      2. Өзгерген Лондондық басшылық принциптерiне немесе Беталыстың халықаралық кодексiне сәйкес осындай хабарламаларды қайта ұсынбауы тиiс соңғы регламенттеушi қаулылар туралы хабарламалар ұсынған барлық Тараптарды қоспағанда, әрбiр Тарап осы Конвенция ол үшiн күшiне енген күнiнен бастап хатшылыққа осы уақыттағы қолданыстағы соңғы регламенттеуші қаулылар туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      3. Хатшылық 1 және 2-тармақтарға сәйкес хабарламаларды алғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей тезiрек және кез-келген жағдайда хабарламада I-қосымшаға сәйкес талап етiлетiн ақпараттың бар болуын анықтайды. Егер, хабарламада қажеттi ақпарат болса, хатшылық барлық Тараптарға кешiктiрместен алынған ақпараттың резюмесiн жiбередi.
      4. Хатшылық Тараптарға әрбiр алты ай сайын I-қосымшаға сәйкес талап етiлетiн барлық ақпараттарды қоса алғанда, 1 және 2-тармақтарға сәйкес алынған ақпаратқа қысқаша шолуды жiбередi.
      5. Хатшылық тексерiске I-қосымшаның талаптарын қанағаттандыратын тексерiске сәйкес нақты химиялық заттарға қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмiне қолданылатын әрбiр екi өңiрден кем дегенде бiр хабарлама алғаннан кейiн оларды Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитетке жiбередi.
      6. Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет осындай хабарламалар шеңберiнде ұсынылған және II-қосымшада баяндалған критерийлерге сәйкес ақпараттарға шолу жасайды және Тараптар Конференциясы қаралатын химиялық заттардың алдын ала негiзделген келiсiмнiң рәсiмiне түсуi және тиiсiнше III-қосымшаға қосылуының тиiстiгi туралы ұсыным шығарады.

6-бап
Аса қауiптi пестицидтер құрамдарына
қатысты рәсiмдер

      1. Дамушы ел немесе өтпелi экономикасы бар ел және оның аумағында оны пайдалану шарттары кезiнде қандай да бiр аса қауiптi пестицидтер құрамынан пайда болатын проблемаларды бастан өткiзiп отырған кез-келген Тарап хатшылыққа осы қауiптi құрамды III-қосымшаға қосуды ұсына алады. Тарап ұсынысты дайындау кезiнде кез-келген тиiстi деректерден техникалық сараптамалық деректерге сүйене алады. Бұл ұсыныста IV-қосымшаның 1-бөлiгiнде қарастырылған қажеттi ақпарат болуы тиiс.
      2. Хатшылық неғұрлым тезiрек, бiрақ 1-тармақта қарастырылған ұсынысты алғаннан кейiн алты айдан кешiктірмей кез-келген жағдайда, ондағы IV-қосымшаның 1-бөлiгiне сәйкес талап етiлген ақпараттың бар болуын тексередi. Егер, ұсыныста талап етiлген ақпарат бар болса, хатшылық барлық Тараптарға алынған ақпараттың резюмесiн кешiктiрместен жiбередi. Егер, осындай ақпарат ұсыныста жоқ болса, ол ұсынып отырған Тарапқа бұл туралы ақпарат бередi.
      3. Хатшылық IV-қосымшаның 2-бөлiгiнде анықталған, 2-тармаққа сәйкес жiберiлген ұсынысқа қатысты қосымша ақпаратты жинайды.
      4. Нақты аса қауiптi пестицидтер құрамына қатысты жоғарыдағы талаптар 2 және 3-тармақтарда қарастырылғаннан кейiн орындалған соң, хатшылық Химиялық заттарды қарастыру жөнiндегi комитетке ұсыныс пен тиiстi ақпаратты жiбередi.
      5. Химиялық заттарды қарастыру жөнiндегi комитет ұсыныста бар ақпаратты және жиналған қосымша ақпаратты қарайды және IV-қосымшаның 3-бөлiгiнде анықталған критерийлерге сәйкес Тараптар Конференциясына алдын ала негiзделген келiсiмдер шеңберiнде және III-қосымшаға сәйкес осы аса қауiптi пестицидтер құрамын қосу қажеттiлiгiне қатыстығы туралы ұсыным шығарады.

7-бап
III-қосымшаға химиялық заттарды қосу

      1. Химиялық заттарды қарастыру жөнiндегi комитет III-қосымшаға қосу үшiн ұсынуға қаулы шығарған әрбiр химиялық заттарға қатысты шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжаттың жобасын дайындайды. Шешім қабылдауға әрекет етуге арналған құжат I-қосымшада көрсетiлген ақпаратқа немесе IV-қосымшадағы жағдайларға байланысты негiзделуi және соңғы регламенттеушi қаулы қолданылатын санаттан өзге қандай да бiр санаттағы химиялық заттарды пайдалану түрлерi туралы ақпаратты қосуы тиiс.
      2. 1-тармақта ескерiлген ұсыным және шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжаттың жобасы Тараптар Конференциясына жiберiледi. Тараптар Конференциясы осы химиялық заттардың алдын ала негізделген келiсiмдер рәсiмiнде қамтылуы тиiстiгiне және тиiсiнше III-қосымшаға қосылуына қатысты шешiм шығарады және шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжаттың жобасын бекiтедi.
      3. Тараптар Конференциясы химиялық заттарды III-қосымшаға қосу туралы шешiм қабылдағанда және шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған тиiстi құжат бекiткенде, хатшылық барлық Тараптар арасында осы ақпаратты кешiктiрместен таратады.

8-бап
Алдын ала негiзделген келiсiмнiң ерiктi
рәсiмiнде қамтылған химиялық заттар

      Тараптар Конференциясының бiрiншi кеңесiн өткiзудi бастауға дейiн алдын ала негiзделген келiсiмнiң ерiктi рәсiмiнде қамтылған III-қосымшада көрiнетiн химиялық заттардан өзге кез-келген химиялық заттарға қатысты Тараптар Конференциясы осы кеңесте осы қосымшаға химиялық заттарды қосу туралы барлық талаптар орындалды деп сенген жағдайда оны III-қосымшаға қосу туралы шешiм қабылдайды.

9-бап
III-қосымшадан химиялық заттарды алып тастау

      1. Егер, Тараптар хатшылыққа III-қосымшаға сол немесе өзге химиялық заттарды қосу туралы шешiм қабылдау уақыты кезiнде болмаған ақпаратты ұсынса және осы ақпараттың оны қосу II-қосымшадағы критерийлерге сәйкес немесе IV-қосымшадағы жағдайларға байланысты негізделген болып саналуы мүмкiн емес болса, хатшылық осы ақпаратты Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитетке жiбередi.
      2. Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет 1-тармаққа сәйкес алатын ақпаратқа шолу жасайды. Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет II-қосымшадағы критерийлерге сәйкес немесе IV-қосымшадағы жағдайларға байланысты III-қосымшадан оны алып тастауға ұсыным беруге тиiстi шешiм қабылдауға қатысты әрбiр химиялық зат бойынша шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжаттың қайта қаралатын жобасын дайындайды.
      3. 2-тармақта ескерiлетiн ұсыным Тараптар Конференциясына жiберіледi және шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжаттың қайта қаралатын жобасымен қоса берiледi. Тараптар Конференциясы III-қосымшадан осы химиялық затты алып тастау дұрыстығы туралы шешім қабылдайды және шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжаттың қайта қаралатын жобасын мақұлдайды.
      4. Тараптар Конференциясы III-қосымшадан химиялық заттарды алып тастау туралы шешiм қабылдағаннан және шешiм қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған қайта қаралатын құжатты мақұлдағаннан кейiн хатшылық осы ақпаратты барлық Тараптарға кешiктiрместен жiбередi.

10-бап
III-қосымшаға қосылған химиялық заттардың
импортына қатысты мiндеттер

      1. Әрбiр Тарап III-қосымшаға қосылған химиялық заттардың импортына қатысты өз уақытында шешiм қабылдауды қамтамасыз ету үшiн заңнамалық және әкiмшiлiктiк шараларды жүзеге асырады.
      2. Әрбiр Тарап хатшылыққа осы химиялық заттардың алдағы импортын жүзеге асыруға қатысты жауапты мүмкіндігінше тезірек, бiрақ кез-келген жағдайда 7-баптың 3-тармағында ескерілген шешiмдi қабылдауға бiрлесе әрекет етуге арналған құжатты жiберу күнiнен кейiн тоғыз айдан соң кешiктiрмей жiбередi. Егер, Тараптар жауапқа өзгерiстер енгiзетiн болса, ол хатшылыққа қайта қаралған жауапты ұсынады.
      3. Хатшылық 2-тармақта анықталған кезең бiткеннен кейiн осындай жауап ұсынбаған Тарапқа осыны жасау керектiгi туралы жазбаша түрде кешiктiрместен жiбередi. Егер, Тарап жауап жiбере алмаса, хатшылық тиiстi жағдайларда оған 11-баптың 2-тармағындағы соңғы ұсыныста көрсетiлген мерзiмде жауап ұсынуға бiрлесе әрекет етедi.
      4. 2-тармақта қарастырылған жауап мынадай нысандардың бiрiнде ұсынылады:
      а) заңнамалық немесе әкiмшiлiктiк шараларды орындау кезiнде қабылданған соңғы шешiм:
      i) импортқа рұқсат беру;
      іі) импортқа рұқсат бермеу немесе
      iii) тек нақты жағдайларда ғана импортқа рұқсат беру; немесе
      b) аралық жауап қосуы мүмкiн:
      i) нақты немесе өзге жағдайларға рұқсат етiлген импорт немесе аралық кезең iшiнде рұқсат етiлмеген импортты;
      іі) соңғы шешiмнiң қызу талқылау үстiнде екендiгi туралы өтiнiштi;
      iii) хатшылықтың немесе Тараптың атына жiберiлген соңғы регламенттеушi қаулы туралы хабарлама беретiн қосымша ақпарат ұсыну туралы өтiнiштi;
      iv) хатшылыққа химиялық заттарға бағалау жүргiзуде бiрлесе әрекет ету туралы өтiнiшi
      5. 4-тармақтың а) немесе b) тармақшаларында келтiрiлген жауаптар III-қосымшаға қосылған химиялық заттарға қатысты анықталған санатқа немесе санаттарға жатады.
      6. Соңғы шешiм негiзделген кез-келген заңнамалық немесе әкiмшiлiктiк шаралардың мазмұндамасында болуы тиiс.
      7. Әрбiр Тарап ол үшiн осы Конвенцияның күшiне ену күнiнен кешiктiрмей хатшылыққа III-қосымшаға қосылған әрбiр химиялық заттарға қатысты жауаптарды жiбередi. Өзгерген Лондондық басшылық принциптерiне немесе Беталыстың халықаралық кодексiне сәйкес осындай жауаптарды ұсынған Тарап осындай жауаптарды қайта ұсынбауы тиiс.
      8. Әрбiр Тарап өздерiнiң заңнамалық немесе әкiмшiлiктiк шараларымен осы баптың ережелерiне сәйкес өздерiнiң есептерiн оның юрисдикциясына сай келетiн мүдделi тұлғалардың назарына жеткiзедi.
      9. Тарап жоғарыдағы 2 және 4-тармақтарға және 11-баптың 2-тармағына сәйкес сол немесе өзге химиялық заттардың импортына рұқсат бермеу немесе тек белгiлi жағдайларда импортқа рұқсат беру шешiмiн қабылдайды, егер, ол мұны жасамаса, бір уақытта ұқсас:
      а) кез-келген көзден осы химиялық заттардың импортына арналған; және
      b) оның iшкi пайдалануға арналған отандық өндiрiсiне қатысты жағдайларға тыйым салады немесе бекiтедi.
      10. Хатшылық алты айда бiр рет барлық Тараптарға олардан алынған жауаптар туралы ақпарат бередi. Бұл ақпаратқа, егер, шешiмдер негiзделген осындай мәлiметтер бар болатын болса, заңнамалық немесе әкiмшiлiктiк шаралар туралы мәлiметтер қосылады. Бұдан басқа, хатшылық Тараптарға жауап ұсынбаудың кез-келген жағдайы туралы ақпарат бередi.

11-бап
III-қосымшаға қосылған химиялық заттардың
экспортына қатысты мiндеттер

      1. Әрбiр экспорт шығаратын Тарап:
      а) оның юрисдикциясына сай келетiн мүдделi субъектiлердiң хабарламасына арналған 10-баптың 10-тармағына сәйкес хатшылық жiберген жауаптар туралы тиiстi заңнамалық немесе әкiмшiлiктiк шараларды жүзеге асырады;
      b) осындай әрбiр жауапта бар оның юрисдикциясына сай келетiн экспорттаушылардың шешiмдердi орындауларын қамтамасыз ету үшiн тиiстi заңнамалық немесе әкiмшiлiктiк шараларды хатшылық 10-баптың 10-тармағына сәйкес осындай жауап туралы Тараптарға бiрiншi рет ақпарат бергенде қабылдайды;
      с) импорттаушы Тараптарға олардың өтiнiшi және тиiстi үлгi бойынша консультативтiк қызмет пен жәрдем көрсетедi:
      i) 10-баптың 4-тармағына және 2 с) тармағына сәйкес шешiм қабылдауда жәрдемдескен Тараптарға қосымша ақпарат алуға; төмендегi және
      іі) химиялық заттарды қауiпсiз реттеу саласындағы олардың жарамдылығының мерзiмi iшiнде олардың мүмкiндiгiн және әлеуетiн кеңейту.
      2. Әрбiр Тарап III-қосымшада көрсетілген химиялық заттар оның аумағынан кез-келген импорттаушы Тарапқа экспортталмауы үшiн ерекше жағдайлар күшiнде жауап жiбермеу үшiн немесе алдын ала шешiмi болмайтын аралық жауап жiберудi қамтамасыз етедi, мынадай жағдайлардан басқа:
      а) бұл-импорттық жеткiзудi жүзеге асыру уақытында импорттаушы Тарапта химиялық зат ретiнде тiркелген химиялық заттар;
      b) бұл-импорттаушы Тарап аумағында бұрын пайдаланылғаны немесе онда импортталғанына және оны пайдалануға тыйым салу жөнiнде ешқандай регламенттеушi шаралар қабылданбағанына қатысты ақпарат бар химиялық заттар; немесе
      с) экспорттаушы импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органы арқылы импорттық жеткiзудi жүзеге асыруға анық келiсiм сұрау салғанда және алғанда. Импорттаушы Тарап осындай өтiнiшке 60 күн iшiнде жауап жiбередi және хатшылыққа өзiнiң шешiмi туралы хабардар етедi.
      Экспорттаушы Тараптардың мiндеттерi осы тармаққа сәйкес хатшылық Тараптарды 10-баптың 10-тармағына сәйкес Тараптың жауап жiбермегенi немесе алдын ала шешiмi болмайтын аралық жауап жiбергенi туралы бiрiншi ақпарат берген күнiнен бастап алты ай мерзiм өткен күнiнен бастап қолданылады және бiр жыл iшiнде қолданыста болады.

12-бап
Экспорт туралы хабарлама

      1. Тарап тыйым салған немесе қатаң шектелген қандай да бiр химиялық зат оның аумағынан экспортталатын жағдайда, бұл Тарап импорттаушы Тарапқа экспорт туралы хабарлама жiбередi. Экспорт туралы хабарламада V-қосымшада айқындалған ақпарат болады.
      2. Экспорт туралы хабарлама тиiстi соңғы регламенттеушi қаулы қабылданғаннан кейiн бiрiншi экспорттық жеткiзуге дейiн химиялық заттарға қатысты ұсынылады. Iзiнше экспорт туралы хабарлама қандай да бiр күнтізбелiк жылға бiрiншi экспорттық жеткiзуге дейiн жiберiледi. Экспортты жүзеге асыруға дейiнгi хабарламаға қатысты талапты импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органы өзгеру мүмкiн.
      3. Экспорттаушы Тарап экспорт туралы жаңа хабарламаны осы химиялық заттарға тыйым салуға немесе қатаң шектеуге қатысты өзгерiстер шығатын соңғы регламенттеушi қаулыны алғаннан кейiн жiбередi.
      4. Импорттаушы Тарап соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдағаннан кейiн алынған экспорт туралы бiрiншi хабарламаны алынғанын растайды. Егер, экспорттаушы Тарап экспорт туралы хабарламаны жiбергеннен кейiн 30 күн iшiнде растауды алмаса, ол экспорт туралы екiншi хабарламаны жiбередi. Экспорттаушы Тарап екiншi хабарламаны импорттаушы Тараптың алуын қамтамасыз ету үшiн бар күшiн салады.
      5. 1-тармақта анықталған қандай да бiр Тараптың мiндетi:
      а) химиялық зат III-қосымшаға қосылғанда;
      b) импорттаушы Тарап хатшылыққа 10-баптың 2-тармағына сәйкес химиялық заттарға қатысты жауап бергенде; және
      с) хатшылық Тараптар арасында 10-баптың 10-тармағына сәйкес жауап таратқанда iс-қимылын тоқтатады.

13-бап
Химиялық заттардың экспортталуы
кезiндегi iлеспе ақпарат

      1. Тараптар Конференциясы Дүниежүзiлiк кеден ұйымына III-қосымшаға қосылған әрбiр химиялық затқа немесе әрбiр химиялық заттар тобына Келiсiлген жүйе шеңберiнде нақты кедендiк кодтар белгiлеудi ұсынады. Барлық жағдайда осындай химиялық затқа тиiстi код белгiленгенде, әрбiр Тарап осы химиялық заттың экспортталуы кезiнде осы кодтың iлеспе құжатта көрсетiлуiн талап етедi.
      2. Әрбiр Тарап импорттаушы Тараптың қандай да бiр талаптары үшiн зиянсыз III-қосымшаға қосылған химиялық заттарға сияқты оның аумағында тыйым салынған немесе қатаң шектелген заттарға тиiстi халықаралық нормаларды есепке ала отырып адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға тәуекелдiктер және/немесе қауiптер туралы жеткiлiктi ақпараттың бар болуын қамтамасыз ететiн таңбалауға қатысты талаптардың сақталуы үшiн талап етедi.
      3. Әрбiр Тарап импорттаушы Тараптың қандай да бiр талаптары үшiн зиянсыз химиялық заттарды экспорттау кезiнде оның аумағында экологиялық немесе медициналық таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты халықаралық нормаларды есепке ала отырып, адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға тәуекелдiктер және/немесе қауiптер туралы жеткiлiктi ақпараттың бар болуын қамтамасыз ететiн таңбалауға қатысты талаптардың сақталуын талап ете алады.
      4. Әрбiр Тарап кәсiби мақсатта пайдалану үшiн арналған 2-тармақта ескерiлген химиялық заттарға қатысты халықаралық танылған пiшiнге сәйкес келуi және ең соңғы ақпарат келтiрiлуi тиiс қауiпсiздiкке қатысты деректер нысанының әрбiр импорттаушыға жiберiлуiн талап етедi.
      5. Қауiпсiздiкке қатысты таңбалау заттаңбасындағы және деректер нысанындағы ақпараттар импорттаушы Тараптың бiр немесе бiрнеше ресми тiлдерiнде iс жүзiнде мүмкiндiгiнше келтiрiлуi тиiс.

14-бап
Ақпарат алмасу

      1. Тараптар тиiстi үлгiде және осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес жәрдемдеседi:
      а) уытты және экоуытты сипаттағы ақпаратты қоса алғанда, осы Конвенцияның қолданылу саласы шеңберiндегi химиялық заттарға қатысты ғылыми, техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттармен, сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты ақпаратпен алмасуға;
      b) осы Конвенцияның мақсаттарын iске асыру үшін өзектi мәнi бар ұлттық регламенттеушi қаулылар туралы жалпыға бiрдей ақпаратты ұсынуға;
      с) тиiстi жағдайларда басқа Тараптарға тiкелей немесе хатшылық арқылы химиялық заттарды қолданудың бiр немесе бiрнеше түрлерiн қатаң шектейтiн ішкі регламенттеушi шаралар туралы ақпарат ұсынуға.
      2. Осы Конвенцияны орындау барысында ақпарат алмасуды жүзеге асырушы Тараптар кез-келген құпия ақпаратты қорғауды өзара түсiнiстiк негiзiнде қамтамасыз етедi.
      3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн мынадай ақпарат құпия саналмайды:
      а) 5 және 6-баптарды орындау барысында ұсынылған I және IV - қосымшаларда ескерiлген ақпарат, тиiсiнше;
      b) 13-баптың 4 тармағында ескерiлген қауiпсiздiкке қатысты деректер нысанындағы ақпарат;
      с) химиялық заттардың жарамдылық мерзiмi;
      d) сақтандыру шаралары, оның iшiнде қауiптiлiк деңгейi, тәуекелдiк сипаты және қауiпсiздiкке қатысты тиiстi ұсынымдар туралы ақпарат; және
      e) уытты және экоуытты тексерiстер қорытындыларының резюмесi.
      4. Химиялық заттардың шығарылған күнi осы Конвенцияның мақсаттары үшiн, әдетте, құпия ақпарат болып саналмайды.
      5. Оның аумағы арқылы III-қосымшаға қосылған химиялық заттарды транзиттiк тасымалдау туралы ақпаратты қажет ететiн кез-келген Тарап тиiстi үлгiде барлық Тараптарға ақпарат беретiн хатшылыққа осы қажеттiлiк туралы хабардар етедi.

15-бап
Конвенцияны жүзеге асыру

      1. Кез-келген Тарап осы Конвенцияны тиiмдi жүзеге асыру мақсатында оның ұлттық инфрақұрылымдары мен мекемелерiн құру және күшейтуге арналған қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды. Бұл шаралар қажетiне қарай ұлттық заңнамаларды немесе әкiмшiлiктiк сипаттағы iс-қимылдарды iске асыруды қабылдау немесе өзгерту қосады және қарастыруы мүмкiн:
      а) химиялық заттарға қатысты ақпараттың қауiпсiздiгiне қатысты ұлттық тiркелiмдер және деректер базаларын құруды;
      b) химиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында өнеркәсiп ұсынған бастамаларды көтермелеудi; және
      с) 16-баптың ережелерiн есепке ала отырып, ерiктi келiсiмдерге әрекет етудi.
      2. Әрбiр Тарап жұртшылықтың химиялық заттармен жұмыс iстеу және апат пайда болған жағдайда шаралар қолдану туралы және III-қосымшада санамаланған химиялық заттарға қарағанда адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға неғұрлым қауiптiрек ұқсастықтар туралы ақпараттарға тиiсiнше қол жеткiзуi үшiн iс жүзiнде қаншалықты мүмкiн екендiгiн қамтамасыз етедi.
      3. Тараптар кiшi өңiрлiк, өңiрлiк және ғаламдық деңгейлерде осы Конвенцияны жүзеге асыру iсiнде құзыреттi халықаралық ұйымдар арқылы тiкелей ынтымақтасуға немесе бұл орынды болатын жерде келiседi.
      4. Осы Конвенция ережелерiнiң бiрде-бiреуi Тараптардың осы Конвенцияда қарастырылған адам денсаулығын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған неғұрлым қатаң шараларды, осы шаралар осы Конвенцияның ережелерiне және халықаралық құқыққа сәйкес болған жағдайда қабылдау құқын шектеушi ретiнде өзiнше пайымдалмайды.

16-бап
Техникалық көмек

      Тараптар, атап айтқанда, дамушы елдердiң және өтпелi экономикасы бар елдердiң қажеттiлiктерiн назарға ала отырып, осы Конвенцияны жүзеге асыру мүддесiмен химиялық заттарды тиiмдi пайдалану саласындағы қажеттi инфрақұрылымдар мен әлеуеттi дамыту үшiн техникалық көмектi кеңейтуге ынтымақтасады. Химиялық заттарды реттеудiң неғұрлым жетілдiрiлген бағдарламалары бар Тараптар басқа Тараптарға кәсiби дайындықты қоса алғанда, олардың өмiр бойғы химиялық заттарды тиiмдi пайдалану саласындағы инфрақұрылымдары мен әлеуетiн дамыту iсiнде техникалық көмек көрсетуi тиiс.

17-бап
Сақтамау

      Тараптар Конференциясы мүмкiндiгiнше тезiрек осы Конвенцияның ережелерiн сақтамау фактiсiн анықтауға және осы ережелердi сақтамаушы ретiнде танылған Тараптарға қатысты шараларды қолдануға арналған рәсiмдер мен ұйымдастырылған тетiктердi әзiрлейдi және бекiтедi.

18-бап
Тараптар Конференциясы

      1. Осымен Тараптар Конференциясы бекiтiледi.
      2. Тараптар Конференциясының бiрiншi кеңесiн бiрлесе әрекет ететiн ЮНЕП Атқарушы директоры мен ФАО Бас директоры осы Конвенция күшiне кiргеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Бұдан соң Тараптар Конференциясының кеңесi Конференцияда анықталған кезеңде шақырылады.
      3. Тараптар Конференциясының кезектен тыс кеңестерi Конференция мұны қажет деп санаған немесе кез-келген Тараптың жазбаша өтiнiшi бойынша бұл өтiнiштi Тараптардың үштен бiрi қолдаған кезiнде шақырылады.
      4. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кеңесiнде өздерiнiң сияқты көмекшi органдардың рәсiмдер ережесiне және қаржы ережесiне, сондай-ақ хатшылық қызметiн реттейтiн қаржы ережелерiне пәтуамен келiсiм алады және қабылдайды.
      5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның жүзеге асу барысын үнемi бақылайды және тиiстi бағасын бередi. Ол Конвенциямен жүктелген қызметтердi орындайды және осы мақсатта:
      а) 6-тармақта қарастырылған Конвенцияны орындауға қажет деп тапқан төмендегi сондай көмекшi органдарды бекiтедi;
      b) тиiстi жағдайларда халықаралық ұйымдармен және үкiмет аралық және үкiметтiк емес органдармен ынтымақтасады; және
      с) осы Конвенцияның мақсатқа жетуiн қамтамасыз ету үшiн қажет кез-келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.
      6. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кеңесiнде Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет деп аталатын көмекшi органды осы Конвенцияға сәйкес осы Комитетке жүктелетiн қызметтердi орындау үшiн ратификациялайды. Осыған байланысты:
      а) Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитеттiң мүшелерiн Тараптар Конференциясы бекiтедi. Комитет химиялық заттарды реттеу саласындағы тағайындалған шектеулi санда үкiметтiк сарапшылардан тұрады. Комитет мүшелерi әдiл географиялық орналасу негiзiнде есепке алына отырып, оның iшiнде дамыған және дамушы елдер болып табылатын Тараптардың баланстағы өкiлдiктерiн қамтамасыз етудi қоса алғанда тағайындалады;
      b) Тараптар Конференциясы Комитеттiң жұмысын жүргізу, ұйымдастыру және қалыптастыру шеңберi туралы мәселенi шешедi;
      с) Комитет пәтуа негiзiнде өздерiнiң ұсынымдарын шығару үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. Егер, пәтуаға қол жеткiзудiң барлық мүмкіндіктері жасалған болса, ал пәтуаға қол жеткізілмесе, осындай ұсыным соңғы шара ретiнде дауыс беруге қатысып отырған мүшелердiң үштен екi басым даусымен қабылданады.
      7. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның арнайы мекемелерi мен Атом энергетикасы жөнiндегi халықаралық агенттiгi, осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез-келген Тарап Тараптар Конференциясының отырыстарында бақылаушы ретiнде қатыса алады. Хатшылыққа Тараптар Конференциясы отырысына бақылаушы ретiнде қатысқысы келетiндiктерiн хабарлаған, Конвенция iс-қимылына қатысты салада жұмыс тәжiрибесi бар басқа ұлттық немесе халықаралық, үкiметтiк немесе үкiметтiк емес органдар немесе мекемелер, егер Тараптар отырысына қатысып отырғандардың кем дегенде үштен бiрi бұған қарсы болмаса, оған қатысуға жiберiлуi мүмкiн. Бақылаушылардың жiберiлуi мен қатысуы Тараптар Конференциясында қабылданған рәсiмдер ережелерiмен реттеледi.

19-бап
Хатшылық

      1. Осымен хатшылық бекiтiледi.
      2. Хатшылыққа мынадай қызметтер жүктеледi:
      а) Тараптар Конференциясының отырысын және оның көмекшi органдарын ұйымдастыру және қойылатын талаптарға сәйкес оларға қызмет көрсету;
      b) осы Конвенцияны жүзеге асыру iсiндегi өтiнiштерi бойынша Тараптарға, бiрiншi кезекте дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар Тараптарға көмек көрсетуге әрекет етедi;
      с) басқа тиiстi халықаралық органдардың хатшылықтарын қажеттi үйлестiрумен қамтамасыз ету;
      д) Тараптар Конференциясының жалпы басшылығымен оның қызметтерiн тиiмдi орындау үшiн талап етiлуi мүмкiн осындай әкiмшiлiктiк немесе шарттық келiсiмдердiң қорытындысы;
      e) осы Конвенцияда қарастырылған хатшылық қызметтердi және Тараптар Конференциясы анықтауы мүмкiн осындай басқа да қызметтердi орындау.
      3. ЮНЕП Атқарушы директоры мен ФАО Бас директоры осы Конвенция шеңберiндегi хатшылық қызметтердi олардың арасында келiсiлетiн және Тараптар Конференциясы бекiтетiн келiсiмдердi есепке ала отырып, бiрлесе орындайды.
      4. Тараптар Конференциясы, егер ол хатшылық тетiгiнiң болжанған тиiстi себеппен қызмет атқармайды деген тұжырымға келсе, Тараптардың дауыс беруiне қатысып отырғандардың төрттен үшiнiң басымдылығымен хатшылық қызметтi бiр немесе бiрнеше басқа құзыреттi халықаралық ұйымдардың орындауына шешiм қабылдауы мүмкiн.

20-бап
Дауларды реттеу

      1. Тараптар осы Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты олардың арасындағы дауларды келiссөздер жолымен немесе өзiнiң таңдауы бойынша кез-келген өзге бейбiт әдiспен реттейдi.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде немесе бұдан кейiн кез-келген уақытта экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы болып табылмайтын Тарап Депозитарийге Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты кез-келген дауда осындай мiндеттi мойнына алған кез-келген Тарапқа қатысты дауды реттеудiң мынадай құралдарының бiреуiн немесе екеуiн де мiндеттi деп танитыны туралы жазбаша түрде өтiнiш бере алады:
      а) Тараптар Конференциясы қабылдаған қосымшаға жататын рәсiмдерге сәйкес iс жүзiнде мүмкiн болатын төрелiк сотта қарау; және
      b) Халықаралық сотқа дауды тапсыру.
      3. Экономикалық ықпалдастықтың өңірлік ұйымы болып табылатын Тарап 2 а) тармағында ескерiлген рәсiмге сәйкес төрелiк iстi қарауға қатысты ұқсас сипаттағы өтiнiш бере алады.
      4. 2-тармаққа сәйкес жазылған өтiнiш осы өтiнiштiң шарттарына сәйкес оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның пiкiрi туралы жазбаша хабарлама Депозитарийге сақтауға берiлгеннен кейiн үш ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      5. Өтiнiш, пiкiр туралы хабарлама немесе осындай жаңа өтiнiш мерзiмiнiң аяқталуы, егер, дауласушы Тараптар өзгеше келiспесе, төрелiк соттың немесе Халықаралық соттың қарауында жатқан істерге ешқандай кедергі болмайды.
      6. Егер, дауласушы Тараптар 2-тармаққа сәйкес сол немесе кез-келген рәсiмдi қабылдамаса және, егер, бiр Тараптың басқа Тарапқа олардың арасында дау туғаны туралы хабарлағаннан кейiн он екi ай өткеннен соң Тараптар өздерiнiң дауларын реттей алмағанда, кез-келген дауласушы Тараптың өтiнiшi бойынша бұл дау келiсiм комиссиясына берiледi. Келiсiм комиссиясы ұсынымдары бар баяндаманы ұсынады. Келiсiм комиссиясына қатысты қосымша рәсiмдер Конференцияның екiншi кеңесiнен кешiктiрмей Тараптар Конференциясы қабылдауға жататын қосымшаға қосылады.

21-бап
Конвенцияға өзгерiстер

      1. Тараптардың кез-келгенi осы Конвенцияға өзгерiстер ұсына алады.
      2. Осы Конвенцияға өзгерiстер Тараптар Конференциясының кеңесiнде қабылданады. Хатшылық кез-келген ұсынылған өзгерiстiң мәтiнiн оны қабылдауға ұсынатын кеңестi өткiзуге дейiн алты айдан кешiктiрмей Тараптарға жiбередi. Сондай-ақ, хатшылық ақпарат үшiн осы Конвенцияға қол қойған елдерге және Депозитарийге ұсынылған өзгерiстердiң мәтiнiн жiбередi.
      3. Тараптар пәтуа жолымен осы Конвенцияға кез-келген ұсынылған өзгерiстердi қабылдауға қатысты келiсiмге қол жеткiзуге барлық күшiн салады. Егер, пәтуаға қол жеткiзу үшiн барлық құралдар қолданылып болса, онда соңғы шара ретiнде дауыс беруге қатысып отырған Тараптардың төрттен үшiнiң басым даусымен өзгерiс қабылданады.
      4. Депозитарий өзгерiстi барлық Тараптарға ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға жiбередi.
      5. Депозитарийге өзгерiстi ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы жазбаша хабарлама жiберiледi. 3-тармаққа сәйкес қабылданған өзгерiс оны қабылдаған Тараптар үшiн күшiне енедi, ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi Тараптардың кем дегенде төрттен үшiне жiберiледi. Одан әрi өзгерiс кез-келген басқа Тарап үшiн осы Тараптың өзгерiстi ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

22-бап
Қосымшалар қабылдау және оларға
түзетулер енгiзу

      1. Осы Конвенцияға қосымшалар оның бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылады, егер, өзгесi тура қарастырылмаса, осы Конвенцияға сiлтеме сол уақытта оның кез-келген қосымшаларына сiлтеме бола алады.
      2. Қосымшалар рәсiмдiк, ғылыми, техникалық немесе әкiмшiлiктiк мәселелермен шектеледi.
      3. Осы Конвенцияға толықтырушы қосымшаларды ұсынудың, қабылдаудың және күшiне енудiң мынадай рәсiмi қолданылады:
      а) толықтырушы қосымшалар 21-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында баяндалған рәсiмге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
      b) толықтырушы қосымша қабылдай алмайтын кез-келген Тарап Депозитарийге бұл туралы Депозитарий осындай толықтырушы қосымша қабылданғаны туралы жазбаша нысанда хабарлаған күнiнен бастап бiр жылдың iшiнде хабардар етедi. Депозитарий барлық Тараптарды олар алған кез-келген осындай хабарлама туралы кешiктiрместен хабардар етедi. Кез-келген Тарап кез-келген уақытта бұрын жiберiлген кез-келген толықтырушы қосымшаға қатысты қарсылығы туралы өтiнiштi төмендегi с) тармақшасын сақтай отырып, қосымша осы Тарап үшiн күшiне енгеннен кейiн қайтып ала алады; және
      с) Депозитарий толықтырушы қосымша қабылдау туралы хабарлаған күнiнен бастап бiр жыл өткеннен соң осы қосымша жоғарыда b) тармақшасының ережелерiне сәйкес хабарлама ұсынбаған барлық Тараптар үшiн күшiне енедi.
      4. III қосымшадағы жағдайдан басқа осы Конвенция қосымшаларына түзетулер қабылдау және күшiне енгiзу Конвенцияға толықтырушы қосымшалар ұсыну, қабылдау және күшiне енгiзу үшiн бекiтiлген ұқсас рәсiммен реттеледi.
      5. III қосымшаға түзетулер ұсыну, қабылдау және күшiне енгiзу мынадай рәсiм қолданылады:
      а) III қосымшаға түзетулер 5-9-баптарда және 21-баптың 2-тармақшасында баяндалған рәсiмге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
      b) Тараптар Конференциясы пәтуа негiзiнде өз шешiмдерiн шығарады;
      с) Депозитарий Тараптарға III қосымшаға түзетулер енгізуге қатысты шешiм туралы кешiктiрместен хабарлайды. Түзетулер барлық Тараптар үшiн шешiмде көрсетiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
      6. Егер, толықтырушы қосымша немесе қосымшаға өзгерiс осы Конвенцияға өзгерiстер енгiзумен байланысты болса, онда осындай толықтырушы қосымша немесе түзету осы Конвенцияға түзету күшiне енгеннен кейiн ғана күшiне енедi.

23-бап
Дауыс беру

      1. Төмендегi 2-тармақта қарастырылған жағдайдан басқа осы Конвенцияның әрбiр Тарабы бiрдей дауысқа ие болады.
      2. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы өз құзыретiне енген мәселелер бойынша осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын мүше мемлекеттердiң санына тең дауыстар санын ие бола отырып, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Осындай ұйым, егер, оған мүше мемлекеттер өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асыратын және керiсiнше болса, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.
      3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "дауыс беруге қатысатын Тараптар" "дауыс беруге" немесе "қарсы дауыс беруге" қатысушыларды және дауыс берушiлердi бiлдiредi.

24-бап
Қол қою

      Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың ұйымдары үшiн 1998 жылғы 11 қыркүйекте Роттердамда және Нью-Йорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде 1998 жылғы 12 қыркүйек - 1999 жылғы 10 қыркүйек аралығында қол қою үшiн ашық.

25-бап
Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау
немесе қосылу

      1. Осы Конвенция мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымдарының ратификациялауына, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады. Он мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымдарының қосылуы үшiн Конвенция қол қою үшiн жабылғаннан кейiнгi келесi күнiнен бастап ашық. Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      2. Осы Конвенцияның Тарабы болатын экономикалық ықпалдастықтың кез-келген өңiрлiк ұйымы оның мүше мемлекеттерiнiң бiрде-бiрi Тарап болып табылмайтын уақытта Конвенциядан туындайтын барлық мiндеттемелермен байланысты болады. Осындай ұйымның бiр немесе бiрнеше мүше мемлекеттерi Конвенция Тараптары болып табылған жағдайда, бұл ұйым және оның мүше мемлекеттерi Конвенциядан туындайтын өз мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi тиiстi мiндеттерi туралы мәселенi шешедi. Осындай жағдайларда ұйым және мүше мемлекеттерi осы Конвенциядан туындайтын құқықты бiр уақытта жүзеге асыра алмайды.
      3. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретiнiң саласы туралы жазады. Сондай-ақ, кез-келген осындай ұйым өз кезегiнде Тараптарға оның құзыретi саласының кез-келген тиiстi өзгеруi туралы хабарлайтын Депозитарийдi хабардар етедi.

26-бап
Күшiне ену

      1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуiншi құжат сақтауға тапсырылған күнiнен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуiншi құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы үшiн Конвенция осындай мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      3. 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшiн экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы сақтауға тапсырған кез-келген құжат осы ұйымның мүше мемлекеттерi сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретiнде қаралмайды.

27-бап
Ескертпелер

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берiлмейдi.

28-бап
Шығу

      1. Тараптар үшiн осы Конвенция күшiне енгiзiлген күнiнен бастап үш жыл өту бойына кез-келген уақытта осы Тарап Депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, Конвенциядан шыға алады.
      2. Кез-келген осындай шығу Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күнiнен бастап бiр жыл өту бойына немесе шығу туралы хабарламада көрсетiлуi мүмкiн неғұрлым осындай кешiрек мерзiмде күшiне енгiзiледi.

29-бап
Депозитарий

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның Депозитарийi болып табылады.

30-бап
Бiрдей мәтiндер

      Осы Конвенция мәтiндерiнiң ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiнде бiрдей тең болатын түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА төменде қол қойғандар осыған уәкiлеттi тиiстi түрде осы Конвенцияға қол қойды.
      Мың тоғыз жүз тоқсан сегiзiншi жылы қыркүйек айының оныншы күнi Роттердамда жасалды.

І қосымша
5-БАПҚА СӘЙКЕС ҰСЫНЫЛҒАН ХАБАРЛАМАЛАРДА БАР
АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

      Хабарламаға мынадай ақпарат енгiзiледi:
      1. Қасиеттi, көрiнуi және қолдану түрлерi
      а) жалпы атауы;
      b) халықаралық деңгейде (мысалы, Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағының (ХТҚХО) танылған номенклатура шеңберiндегi, егер, осындай номенклатура бар болған жағдайда, атау;
      с) сауда атаулары және құрамдар атаулары
      д) Кодтық нөмiрлер: Химия бойынша аналитикалық шолулар дайындау қызметiнiң (КАС) нөмiрi, Кедендiк кодтардың келiсiлген жүйесi және басқа нөмiрлер;
      е) химиялық зат жiктеуге қатысты талаптарға түскен жағдайларда, қауiптiлiк жiктеуi туралы ақпарат;
      f) түр немесе пайдалану түрлерi;
      g) физикалық-химиялық, уыттылық және экоуыттылық қасиеттер.
      2. Соңғы регламенттеушi қаулы
      а) Соңғы регламенттеушi қаулыға қатысты ақпарат:
      i) соңғы регламенттеушi қаулының резюмесi;
      іі) регламенттiк құжатқа сiлтеме;
      iіі) соңғы регламенттеушi қаулының күшiне енген күнi;
      iv) тәуекелдiктi/қауiптiлiктi бағалау негiзiнде қабылданған соңғы регламенттеушi қаулы болғаны туралы хабар; және оң жағдайда тиiстi құжаттамаға сiлтеме қосатын осындай баға туралы ақпарат;
      v) тұтынушылар мен жұмыскерлер денсаулығын қоса алғанда, адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне қатысты соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдау себептерi;
      vi) тұтынушылар мен жұмыскерлердiң денсаулығын қоса алғанда адам денсаулығы немесе қоршаған орта үшiн химиялық заттармен байланысты қауiптiлiкке және тәуекелдiкке және соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдаудың болжамды салдарларына шолу;
      b) әрбiр санат бойынша бөлгенде соңғы регламенттеушi қаулы қабылданатын санат немесе санаттар:
      i) соңғы регламенттеушi қаулыға сәйкес тыйым салынған пайдалану түрi немесе түрлерi;
      ii) бұрынғысша рұқсат етiлген пайдалану түрi немесе түрлер;
      ііі) өндiрiлетiн, импортталатын, экспортталатын және пайдаланылатын химиялық заттар көлемдерiнiң бағасы, егер, мұндай баға бар болса;
      с) соңғы регламенттеушi қаулы басқа мемлекеттер мен өңiрлер үшiн өзектi болуын мүмкiндiгiнше көрсету;
      d) мынадай элементтердi қосуы мүмкiн кез-келген басқа тиiстi ақпарат:
      i) соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдаумен байланысты әлеуметтiк-экономикалық салдарларды бағалауды;
      іі) ұқсастықтар және олармен байланысты тәуекелдiктер туралы ақпарат, егер, мұндай бар болса, мысалы:
      - ауыл шаруашылық зиянкестерiмен күрестiң кешендi стратегиясы;
      - экологиялық таза технологияны қоса алғанда, өндiрiстiк әдiстер және процестер.

II қосымша
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НЕМЕСЕ ҚАТАҢ ШЕКТЕЛГЕН ХИМИЯЛЫҚ
ЗАТТАРДЫ III ҚОСЫМШАҒА ҚОСУ КРИТЕРИЙI

      Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет 5-баптың 5-тармағына сәйкес хатшылық жiберген хабарламаны қарау кезiнде:
      а) соңғы регламенттеушi қаулының адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанын растайды;
      b) соңғы регламенттеушi қаулы тәуекелдiктi бағалау қорытындысының негiзiнде қабылданғанын белгiлейдi. Бұл баға тиiстi Тараптағы басым түсетiн шарттардың контексiндегi ғылыми деректердi шолуға негiзделуi тиiс. Осы мақсат үшiн ұсынылған құжаттамадан айқындалуы тиiс:
      i) деректердiң ғылыми танылған әдiстер көмегiмен алынғаны;
      іі) деректер шолуларының жалпы танылған ғылыми принциптердi және рәсiмдердi сақтай отырып жүргізiлгенi және құжат түрiнде ресiмделгенi;
      iii) соңғы регламенттеушi қаулының қаулыны қабылдаушы Тараптағы басым түсетiн шарттарды есепке ала отырып, тәуекелдiктердi бағалау қорытындысына негiзделгенi
      с) соңғы регламенттеушi қаулының химиялық заттарды III қосымшаға қосу үшiн жеткiлiктi түрде кеңiнен негiзделгенiн қамтамасыз ететiндiгін мыналарды есепке ала отырып анықтайды:
      i) соңғы регламенттеушi қаулының осы химиялық заттардың тұтыну көлемiнiң немесе оны қолдану түрлерi санының елеулi қысқаруына алып келгенiн немесе күтiлетiндей алып келетiнiн;
      іі) соңғы регламенттеушi қаулы хабарлама ұсынған Тараптағы адам денсаулығына немесе қоршаған орта үшiн тәуекелдiктiң iс жүзiндегi азаюына алып келгенiн немесе күтiлетiндей елеулi азаюына алып келетiнiн;
      ііi) тек шектеулi географиялық аймақта немесе басқа да шектеулi жағдайларда қолданылған соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдау үшiн негiз болған пiкiр болғанын;
      iv) халықаралық деңгейде осы химиялық заттармен жалғасқан сауда фактiлерiнiң барлығын;
      d) алдын ала болжанған дұрыс пайдаланбау химиялық заттарды III қосымшаға қосу үшiн жеткiлiктi негiз болып табылмайтынын ескередi.

                       III қосымша
          АЛДЫН АЛА КЕЛІСІМ РӘСІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ
                 ТҮСЕТІН ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР

Химиялық зат

КАС тиісті нөмірі (лері)

Санаты

2,4,5-Т

93-76-5

Пестицид

Альдрин

309-00-2

Пестицид

Каптафол

2425-06-1

Пестицид

Хлордан

57-74-9

Пестицид

Хлордимеформ

6164-98-3

Пестицид

Хлорбензилат

510-15-6

Пестицид

ДДТ

50-29-3

Пестицид

Дильдрин

60-57-1

Пестицид

Диносеб және диносебтың тұздары

88-85-7

Пестицид

1,2-диброметан

106-93-4

Пестицид

Фторацетамид

640-19-7

Пестицид

НСН (аралас изомерлер)

608-73-1

Пестицид

Гептахлор

76-44-8

Пестицид

Гексахлорбензол

118-74-1

Пестицид

Линдан

58-89-9

Пестицид

Органикалық емес сынап бірігуімен қосымша, сынап бірігуі

  

Пестицид

Пентахлорфенол

87-86-5

Пестицид

Монокротофос (600 г/л-дан асатын, белсенді ингредиенттері бар еритін сұйық құрамдар)

6923-22-4

Аса қауіпті пестицидтік құрам

Метамидофос (600 г/л-дан асатын, белсенді ингредиенттері бар еритін сұйық құрамдар)

10265-92-6

Аса қауіпті пестицидтік құрам

Фосфамидон (1000 г/л-дан асатын, белсенді ингредиенттері бар еритін сұйық кұрамдар)

13171-21-6

Аса қауіпті пестицидтік құрам

Химиялық зат

КАС тиісті нөмірі (лері)

Санаты

Метилпаратион
(19,5-,40-,50-,60-проценттік белсенді құрамдас бөліктері бар және 1,5-,2- және 3-проценттік белсенді құрамдас бөліктері бар эмульгаторланған шоғырлар (ЭШ)

298-00-0

Аса қауіпті пестицидтік құрам

Паратион
Осы заттың барлық құрамы - капсулалардағы жүзгіндерден (КЖ) басқа, аэрозолдар, себілетін ұнтақтар (СҰ), эмульгаторланған шоғырлар (ЭШ), түйіршіктер (Т) және суланғыш ұнтақтар (СҰ)

56-38-2

Аса қауіпті пестицидтік құрам

Кроцидолит

12001-28-4

Өндірістік химикат

Полибромдалған дифенилдер (ПБД)

36355-01-8 (гекса-) 27858-07-7 (окта-) 13654-09-6 (дека-)

Өндірістік химикат

Полихлорланған дифенилдер (ПХД)

1336-36-3

Өндірістік химикат

Полихлорланған терфинилдер (ПХТ)

61788-33-8

Өндірістік химикат

Трис (2,3-дибромпропил) фосфат

126-72-7

Өндірістік химикат

IV қосымша
АСА ҚАУIПТI ПЕСТИЦИДТIК ҚҰРАМДАРДЫ III ҚОСЫМШАҒА
ҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КРИТЕРИЙ

      1-бөлiм. Ұсынушы Тараптан талап етiлетiн құжаттама
      6-баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылған ұсыныстардың мынадай ақпарат бар тиiстi құжаттамасы болады:
      а) аса қауiптi пестицидтiк құрамның атауы;
      b) белсендi құрамдас бөлiктер немесе құрамдағы құрамдас бөлiктер атауы;
      с) құрамдағы белсендi құрамдас бөлiктердiң салыстырмалы көлемi;
      d) құрамның типi;
      f) ұсынушы Тарапта құрамды қолданудың таралған және танылған түрлерi;
      g) қолайсыз салдарларды және пестицидтiк құрамның қалай пайдаланғанын қоса алғанда, проблемаға қатысы бар оқиғаларды нақты сипаттау;
      h) ұсынушы Тарап қабылдаған немесе күтiлетiндей қабылданатын кез-келген регламенттеушi, әкiмшiлiктiк немесе өзге шаралар.

2 бөлiм Жинақталуын хатшылық жүзеге асыратын ақпарат

      6-баптың 3-тармағына сәйкес хатшылық құрамға қатысты тиiстi ақпараттың жинақталуын жүзеге асырады, қоса алғанда:
      а) құрамның физикалық-химиялық, уыттылық және экоуыттылық қасиеттерiн;
      b) басқа мемлекеттердегi қайта өңдеуге немесе қолдануға қатысты шектеудiң барлығы туралы ақпаратты;
      с)басқа мемлекеттердегi құраммен байланысты оқиғалар туралы ақпаратты;
      d) басқа Тараптар, халықаралық ұйымдар, үкiметтiк емес ұйымдар немесе ұлттық, сонымен бiрге халықаралық басқа тиiстi көздердiң желiсi бойынша ұсынған ақпаратты;
      e) тәуекелдiк және/немесе қауiптілiк бағасын;
      f) егер, мұндай бар болса, құрамның қолданылу ауқымы, мысалы өндiрiс немесе сату тiркеуiнiң саны немесе көлемi туралы куәландыратын ақпаратты;
      g) егер, мұндай бар болса, қаралатын пестицидтердiң басқа құрамдарын және осы құрамдармен байланысты оқиғаларды,
      h) ауыл шаруашылық зиянкестерiмен күрестiң ұқсас әдiстерi;
      i) осы мәселеге қатысы бар Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет анықтайтын басқа ақпаратты.

3 бөлiм Аса қауiптi пестицидтер құрамын
III қосымшаға қосу критерийi

      Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет 6-баптың 5-тармағына сәйкес хатшылық жiберген ұсыныстарды қарау кезiнде мынадай факторларды назарға алады:
      а) ұсынушы Тарап шеңберiнде кең таралған немесе қолданылған танымал тәжiрибеге сәйкес жүзеге асқан құрамның пайдаланылуы туралы куәландыратын деректер сенiмдiлiгiнiң тiркелген оқиғаларға алып келгенiн;
      b) ұқсас климаты, жағдайлары және құрамды пайдалану сипаты бар басқа мемлекеттер үшiн осындай оқиғалардың өзектiлiгiн;
      с) тиiстi инфрақұрылымы жоқ мемлекеттерде тиiмдi немесе кеңiнен қолданылмауы мүмкiн технологиямен немесе әдiстермен байланысты қайта өңдеудi немесе қолдануды шектеудің бар болуын;
      d) пайдаланылған құрам көлемi тұрғысынан тiркелген салдарлардың маңыздылығын; және
      e) алдын ала болжанған бұрыс пайдалану сол немесе өзге құрамды III қосымшаға қосу үшiн жеткiлiксiз негiз болып табылмайтынын.

V қосымша
САРАПТАМА ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА БАР АҚПАРАТҚА
ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

      1. Сараптама туралы хабарлама мынадай ақпараттан тұрады:
      а) экспорттаушы Тараптың және импорттаушы Тараптың тиiстi тағайындалған ұлттық органдарының атауы және мекен-жайы;
      b) импорттаушы Тарапқа экспорттық жеткiзудi жүзеге асырудың болжамды күнi;
      с) тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттардың атауы және 5-бапқа сәйкес хатшылық ұсынуы тиiс I қосымшада көрсетiлген ақпараттық материалдар резюмесi. Қоспада немесе құрамда осындай химиялық заттардың бiреуi бар болса, осындай ақпарат әрбiр химиялық затқа ұсынылады;
      d) егер, ол белгiлi болса, химиялық заттың болжамды санаты және оның импорттаушы Тарапқа осы санат шеңберiнде пайдаланудың болжамды түрi көрсетiлген өтiнiш;
      e) әсер етудi және химиялық зат шығарындысын қысқартуға бағытталған сақтанудың шаралары туралы ақпарат;
      f) қоспа немесе құрам болған жағдайда, осы тыйым салынған немесе қатаң шектелген заттың шоғыры көрсетiледi;
      g) импорттаушының атауы және мекен-жайы;
      h) импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органына көмектесе алатын экспорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органында бар кез-келген қосымша ақпарат.
      2. 1-тармақта ескерiлген ақпарат сияқты экспорттаушы Тарап импорттаушы тарап сұратуы мүмкiн 1-қосымшада анықталған осындай қосымша ақпаратты ұсынады.