Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 982 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 12 қазандағы
N 982 қаулысымен  
бекiтiлген  

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 21-27-жол алынып тасталсын;
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 86, 100, 104 және 123-23-жолдар алынып тасталсын.

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 3 және 4-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 160-12-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 271 және 272-жолдар алынып тасталсын.

      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат):
      3-тармақтағы "осы деген сөз "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамын қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмірлері 1, 2, 7, 9, 10-жолдар алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 231  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 122-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзірлеу мен iске асыру ережесiнде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Салалық (секторалдық) бағдарламаны ұлттық холдингпен, акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялармен және экономиканың тиiстi салаларында (секторларында) жұмыс iстейтiн мемлекеттiк ұйымдармен бірлесiп, тиiстi орталық атқарушы органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.".

      5. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын:
      "4. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегі қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы".

      6. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.