Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алымның мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 968 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң  425-1-бабының  1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алымның мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 9 қазандағы
N 968 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн
алымның мөлшерi

      1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алымның мөлшерi:
      1) балалар және ғылыми тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) өзге де тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
      2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғандығын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн төленетiн алымның мөлшерi осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген ставканың сексен пайызын құрайды.