Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегі N 843 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 936 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 843  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiнде:
      бүкiл мәтiн бойынша "аумақтық орган", "аумақтық органға", "аумақтық органның", "аумақтық органда" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органға", "жергілікті атқарушы органның", "жергiлiктi атқарушы органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      2) жергілiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергілікті мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";

      10-тармақта:
      "алынған күнiнен бастап бiр жыл" деген сөздер "қаржы жылы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі