Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 933 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне Шахтинск қаласының ЖЭО-сын және жылу желiлерiн 2006-2007 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға Қарағанды облысының әкiмiне аудару үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жалпы сомасы 472800000 (төрт жүз жетпiс екi миллион сегiз жүз мың) теңге нысаналы трансферттер бөлiнсiн.

      2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
      "109 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу 472800000 (төрт жүз жетпiс екi миллион сегiз жyз мың) теңге";
      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында, "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында, 231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша Шахтинск қаласының ЖЭО-сын және жылу желiлерiн 2006-2007 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға арналған шығындар 472800000 (төрт жүз жетпiс екi миллион сегiз жүз мың) теңге сомасына ұлғайтылсын;
      13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" кiшi функциясында, 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша, 010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында, 101 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында шығындар 472800000 (төрт жүз жетпiс екi миллион сегiз жүз мың) теңге сомасына азайтылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі