Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 677
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 24, 319-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу ережесiнде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмде:
2-тармақта:
үшiншi, бесiншi және сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналып белгiленген басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын";
5-тармақта:
төртiншi абзац алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "орта мерзiмдi" деген сөздер "стратегиялық және орта мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өткен қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау, оның негiзгi бағыттарын жыл сайын түзете отырып, бағдарламаларды бағалау, бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды бағалау негiзiнде әзiрленедi";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Орта мерзiмдi фискалдық саясатқа, егер бюджеттi әзiрлеу немесе нақтылау кезiнде оның негiзгi бағыттары түзетiлген жағдайда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.";
"Орта мерзiмдi фискалдық саясаттың құрылымы" деген 2-бөлiмде:
8-тармақта:
"мынадай" деген сөзден кейiн "негiзгi" деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "шығын" деген сөз "шығыстар" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақша алынып тасталсын;
11-тармақта:
"бюджет кiрiстерiн" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын" деген сөздермен толықтырылсын;
"бюджетке түсетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шығыстар саясаты бюджеттiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстары бөлiгiнде бюджет саясатының мақсаттары мен мiндеттерiн, мемлекет функцияларының орындалуын және республикадағы немесе экономиканың салалары (секторлары) бойынша мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын көрсететiн үш жылдық кезеңге арналған шығыстардың басым бағыттарын, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатып алу және сату бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы орган саясатының бағыттарын қамтуы тиiс.";
17-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарындағы "бюджеттiң құрылымы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу және бекiту" деген 3-бөлiмде:
21-тармақта:
"ақпанына" деген сөз "мамырына" деген сөзбен ауыстырылсын;
", кейiннен оларды мемлекеттiк органдарға жiберуiн" деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың 1) тармақшасындағы "орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеудiң үйлестiру жоспарына сәйкес" деген сөздер "орта мерзiмдi фискалдық саясаттың негiзгi бөлiмдерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "мамырына" және "маусымына" деген сөздер тиiсiнше "тамызына" және "қыркүйегiне" деген сөздермен ауыстырылсын;