Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КCPO Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КCPO Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрi, төрайым
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Есiмқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерлан Тұрланғазыұлы министрлiгiнiң Үкiметтiк қарыздарды
тарту департаментi халықаралық
ынтымақтастық басқармасының бастығы,
хатшы
Сартбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Медет Мақсұтұлы Төрағасының орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Самат Алпысұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментiнiң директоры;
мына:
"Исабеков - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Тимур Шамсатұлы министрлiгi мемлекеттiң мүлiктiк
құқықтарын қорғау, шарттар және
талап қою-қуыну жұмыстары
басқармасының бастығы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Исабеков - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Тимур Шамсатұлы министрлiгi Халықаралық құқық,
мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын
қорғау, шарттар және талап қою-қуыну
жұмыстары департаментiнiң директоры";
көрсетiлген құрамнан Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Әрiпханов Айдар Әбдiразақұлы, Өтеғұлов Мәулен Амангелдiұлы, Байнақов Рахмет Ғазизұлы шығарылсын.
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
2-тармақта "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн " деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі