Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 2 наурыздағы N 145 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 907 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 2 наурыздағы N 145  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Ноғаев                   - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Нұрлан Асқарұлы            минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай
                           өнеркәсiбi департаментiнiң директоры;

Таутеев                  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Әуесбек Зпашұлы            қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу
                           департаментiнiң директоры;

      мына:

"Сейтiмбетов             - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Дәулетияр Сахидоллаұлы     министрлiгi Заңға тәуелдi кесiмдер
                           департаментiнiң бөлiм бастығы"
      деген жолдағы "бөлiм" деген сөз "заңға тәуелдi кесiмдердi сараптау басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Исаев Мұсабек Исаұлы және Әбiшева Алиса Бiләлқызы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi