Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 899 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi болып қайта аталсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2006 жылғы 22 қыркүйектегі 
N 899 қаулысымен      
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ережеде:

      1-тармақта:
      бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтiң сапасын бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, денсаулық сақтау, оның iшiнде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.";
      үшiншi абзацта "қызметтiң сапасын" деген сөздер "қызмет көрсету саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      1) тармақшада:
      екiншi абзацта "медицина" деген сөзден кейiн "және фармацевтика" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзац "құқықтық кесiмдердi" деген сөздерден кейiн "нормативтiк құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзацта:
      "тегiн" деген сөз алынып тасталсын;
      "медициналық" деген сөздiң алдынан "тегiн" деген сөзбен толықтырылсын;
      он екiншi абзацта:
      "әзiрлеу және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "денсаулық сақтау" деген сөздер "медициналық және фармацевтикалық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшiншi абзацта "дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын" деген сөздер "медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатуралары мен бiлiктiлiк сипаттамаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бесiншi абзацта "азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын" деген сөздер "денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде есепке алу-есеп беру құжаттамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он сегiзiншi абзацта "мамандандырылған емдiк тағам" деген сөздер "арнайы балалар және емдiк тағам өнiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары мен үлгiлiк оқу бағдарламаларын бекiту;
      медициналық ұйымдардың өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн белгiлеу;
      медициналық қызметтердi, алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын жарнамалау тәртiбiн бекiту және оларды жарнамалауға рұқсат берудiң тәртiбiн белгiлеу;
      медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу және емдiк препараттарды (жануарлардың, құрамында есiрткi құралдары мен психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiруден, жинау мен сатудан басқа) дайындау және сату бойынша лицензиялау ережелерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      алдын ала медициналық тексерулерден өткiзу тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тiзбесiн әзiрлеу және бекiту;
      уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн белгiлеу;
      жыныстық сәйкестiгiнде ауытқушылық бар адамдар үшiн жынысын ауыстыруды медициналық куәландыру мен жүргiзу ережесiн әзiрлеу және бекiту;
      алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын пайдалану тәртiбiн белгiлеу;
      диагностика мен емдеудiң мерзiмдiк хаттамаларын әзiрлеу және бекiту;
      клиникаға дейiнгi зерттеулердi, медициналық-биологиялық эксперименттер мен клиникалық сынақтарды өткiзудiң тәртiбiн белгiлеу;
      тiндердi және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерiн) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануарлардан адамға трансплантациялау тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
      балаларды сәбилер үйiн және білім беру ұйымдарын, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін айқындау;
      дәстүрлi емес (халықтық) медицина мамандарының қызметін бақылау;
      әлеуметтiк маңызы бар аурулар мен айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулар тiзбесiн әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емдеуге жiберу ережесiн әзiрлеу;";
      2) тармақшада:
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;";
      жетiншi абзац ", оның iшiнде тәуелсiз сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындау" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлаудың, оның iшiнде шетелде, медицина және фармацевтика кадрларының бiлiктiлiгiн арттырудың және оларды қайта даярлаудың тәртiбiн белгiлеу;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "азаматтардың денсаулығы мүддесiнде салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;";

      17-тармақтың 2) тармақшасы "ұйымдардың" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде бiлiм беру және ғылыми ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1124  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 533-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация комитетi туралы ережеде:

      1-тармақта "салааралық үйлестiрудi" деген сөздер "басшылық жасауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
      1) дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау және қадағалау функциялары:
      дәрiлiк заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызметiн мемлекеттiк бақылау;
      медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейлерiнде дәрiлiк заттардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      дәрiлiк заттарды өндiруге және көтерме саудада сатуға байланысты қызметке және денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке: өндiруге, тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткiзуге, пайдалануға, жоюға лицензия беру және оны қайтарып алу және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;
      бiлiктiлiк талаптары мен фармацевтикалық қызметтi лицензиялау ережелерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      дәрiлiк заттар айналымы саласында сараптаманың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
      дәрiлiк заттарды жарнамалауды бақылауды жүргiзу;
      2) дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру саласындағы функциялар:
      дәрiлiк заттар айналымы саласындағы бағдарламаларды iске асыру;
      дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, сондай-ақ кейiннен дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып ала отырып, мемлекеттiк тiркеудiң қолданылуын тоқтата тұруды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк дәрiлiк заттар тiзiлiмiн жүргiзу;
      дәрiлiк заттар айналымы саласына дәрiханалық және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгiзу жөнiнде шаралар қабылдау;
      дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъект қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы фармацевтикалық тексеру актiсiн жасау;
      уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қызмет объектiлерiне жеткiзiлетiн, қосылған құн салығынан босатуға жататын тауарлардың нысаналы пайдаланылуын растау;
      дәрiлiк заттарды, медицина техникасы мен медициналық бұйымдарды әкелудi және әкетудi келiсу;
      дәрiлiк заттарға, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға салық салу және оларға баға белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлердi аккредиттеу;
      фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлердiң бiлiктiлiк деңгейiне сәйкестiгiн тәуелсiз сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүргiзу;
      бес жылда бiр рет мерзiмдiлiкпен фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын мамандарды кәсiби құзыреттiлiкке аттестаттауды жүргiзу;
      фармацевтикалық қызметкерлерге бiлiктiлiк санатын беру;
      дәрiлiк заттарды жарнамалауға рұқсат беру;
      дәрiлiк заттар айналымы саласында мониторингтi жүзеге асыру;
      фармацевтикалық бiлiмi бар мамандар қатарынан тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн жасау;
      дәрiлiк заттарды сынақтан өткiзудi және (немесе) зерттеудi жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тiзбесiн айқындау;
      консультативтiк-кеңесшi және сараптамалық комиссиялар құру;
      жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;
      дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi фармакопеялық баптарды және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiту, сондай-ақ дәрiлiк заттар өндiрiсiнiң технологиялық регламенттерiн келiсу, оларды есепке алуды және жүйелеудi жүргiзу;
      өз құзыретi шегiнде дәрiлiк заттар айналымы саласында халықаралық ынтымақтастық жасау.";

      11-тармақта:
      1) тармақшада "халықтың" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлерден дәрiлiк заттар айналымы мәселелерi бойынша ақпаратты, есептiлiктi сұратуға және алуға;";
      12) тармақша алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 534-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде бақылау, қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестiрудi және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.";

      11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын бақылау-қадағалау функциялары:
      Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      халықты жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудiң ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
      өз құзыретi шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензия беруге байланысты қызметтi жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан, адамның денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау;
      халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру саласындағы функциялар:
      Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдау;
      тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысу;
      мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалары іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекіту;
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілеу;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтiру туралы талап қою;
      Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауiп төндiретiн химиялық, биологиялық заттардың тiзiлiмiн және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасау және жүргiзу;
      өнiмге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттiк стандарттар жобаларын келiсу;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiру, олардың орындалуына қатысу, ғылыми жетiстiктердi практикалық қызметке енгiзу;
      салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысу және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзiлетiн санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
      балалар тағамы өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық модификацияланған көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алу жөнiнде сараптамалық комиссиялар құру;
      балалар тағамы өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық модификацияланған көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу;
      гигиеналық оқытуды және салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастыру;
      санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi ұйымдастыру және жүргiзу;
      жұқпалы, паразиттiк, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеудi жүзеге асыру;
      егер осы iс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, басқа елдердiң санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларын баламалы ретiнде тану;
      халықаралық практикада қауiп-қатердi бағалаудың жалпыға бiрдей қабылданған әдiстерiн есепке ала отырып, қауiп-қатердi бағалауды жүргiзуге құқылы барлық ұйымдар үшiн бiрыңғай әдiснаманы айқындау;
      аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейi төмен аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн айқындау;
      жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын мерзiмдi аттестаттауды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң республикалық ұйымдарының басшыларын кәсiби құзыреттiлiгiне аттестаттауды жүргiзу;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандарына жоғары және бiрiншi бiлiктiлiк санатын берудi жүзеге асыру.
      12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретiнiң шегiнде:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бәсекелестiктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткiштер мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу жөнiндегi санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды, алдын ала егулердi жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      6) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
      7) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;
      8) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;
      9) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласқан адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;
      10) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;
      11) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;
      12) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бұзушылықтар жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;
      13) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен шикiзаттың барлық тyрлерiн, технологиялық жабдықтарды, процестердi, құрал-саймандарды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, өнеркәсiптiк бұйымдарды, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен араласатын иондаушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрiлiк заттар мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды және басқа да кеңiнен тұтынатын тауарларды өндiруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
      14) белгiленген тәртiппен тiркелмеген балалардың тамақ өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, химиялық заттарды, иондаушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
      15) адам денсаулығына зиянды әсерi анықталған жағдайда тамақ өнiмдерiн өндiру және өңдеу кезiнде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен жануарларды өсiру стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдi қолдануға тыйым салуға;
      16) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз сумен және шаруашылық сумен жабдықтау үшiн суды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн пайдалануға тыйым салуға;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға;
      18) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  талаптарын бұзған жағдайда, оларға қаулымен тәртiптiк жаза қолдануға;
      19) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      20) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң заңды талаптарын орындамаған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа шағымдануға;
      21) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      22) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiн қызметке тағайындау мен қызметтен босатуға келiсуге;
      23) Комитеттiң жанынан консультативтiк-кеңесшi органдары мен сараптау комиссияларын құруға құқылы.".

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 628-құжат):
      тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" деген сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ережеде:
      тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" деген сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде медициналық қызмет көрсету саласындағы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудiң сапасы бойынша басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi медициналық қызмет көрсетудi бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтау, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ азаматтарға медициналық қызмет көрсетудiң қол жетiмдiлiгi мен сапасына кепiлдiктердi қамтамасыз ету, меншiк нысанына, ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан, денсаулық сақтау субъектiлерi көрсететiн медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      Комитеттiң облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi болады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
      1) мыналар бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi бақылау және қадағалау функциялары:
      денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарға сәйкес көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын, көлемi мен қол жетiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету;
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрiлiк заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргiзудi бақылауды қамтамасыз ету;
      денсаулық сақтау практикасына алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын енгiзудi бақылауды қамтамасыз ету;
      дәрiлiк заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдануды бақылауды қамтамасыз ету;
      медициналық қызметтердiң, сондай-ақ дәрiлiк заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын жарнамалауды бақылауды қамтамасыз ету;
      медициналық қызмет саласындағы бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеудегi сырқаттарға дәрiлiк заттардың тағайындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
      2) мыналар бойынша медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi атқару функциялары:
      денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi жүзеге асыру;
      денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асыру;
      әр түрлi бейiн мамандарының қатарынан тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн қалыптастыру;
      денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және жүргiзу;
      денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, сондай-ақ басшылардың орынбасарларының кәсiби құзыреттiлiгiн аттестаттауды жүргiзу;
      республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен тысқары жерлерге таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлiгiндегi медициналық қызметтi жүзеге асыру;
      медициналық бiлiмi бар мамандарға бiлiктiлiк санатын беру үшiн емтихандар өткiзу;
      медициналық қызметтердi, сондай-ақ дәрiлiк заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын жарнамалауға рұқсаттар берудi жүзеге асыру;
      дәрiлiк заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдануға рұқсаттар берудi жүзеге асыру;
      жеке тұлғаларға халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысуға куәлiк беру;
      адамның органдарын (олардың бөлiктерiн) және тiндерiн әкелу мен әкетудi келiсу;
      көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтердiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесiн айқындау;
      көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мәселелерi бойынша азаматтардың шағымдарын қарау;";

      11-тармақта:
      1) тармақшада "нормативтiк құқықтық кесiмдердi," деген сөздерден кейiн "нормативтiк-техникалық құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "сапасын бақылау саласында" деген сөздер "сапаны сараптау саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "қызметтің сапасын" деген сөздер "қызмет көрсету аясындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшада "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздер "денсаулық сақтау субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада "жазалар" деген сөздiң алдынан "денсаулық сақтау субъектiлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшада "тәуелсiз сараптамаға, аккредиттеуге, сертификаттауға" деген сөздер "денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметтерiне сараптама жүргiзуге, аккредиттеуге, аттестаттауға, лицензиялауға және денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Комитет төрағасы және аумақтық бөлiмшелердiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiнде:
      тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" деген сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын. 

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 899 қаулысына     
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң      
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 15 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Дәрiлiк саясат басқармасы
      1) Фармацевтикалық қызметтi ұйымдастыру бөлiмi
      2) Фармацевтикалық қызметтi бақылау бөлiмi
      3. Дәрiлiк заттар айналымын бақылау басқармасы
      1) Дәрiлiк заттардың сапасын бақылау бөлiмi
      2) Дәрiлiк заттардың пайдаланылуын бақылау бөлiмi

 

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 399 қаулысына    
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 15 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Аккредиттеу және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы
      1) Ұйымдастыру-ақпараттық жұмыс бөлiмі
      2) Лицензиялау, аккредиттеу, аттестаттау және құқықтық жұмыс бөлiмi
      3. Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдiснама және бақылау басқармасы
      1) Медициналық қызмет көрсету саласындағы талдау мен бақылау бөлiмi      
      2) Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдiснама бөлiмi