Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Мүдделi министрлiктер, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi және ұйымдар:
1) Бағдарламаны тиiсiнше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн;
2) жарты жылда бiр рет, есептiден кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 21 қыркүйектегi
N 895 қаулысымен
бекiтiлген
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1.
Бағдарламаның паспорты
2.
Кiрiспе
3.
Саланың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
3.1.
Мақта өндiру, тоқыма өнеркәсiбiнiң шикiзаттық әлеуетi
3.2.
Мақта талшығын өндiру және тұтыну
3.3.
Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсiптiк әлеуетi
3.4.
Иiрiмжiптi өндiру
3.5.
Мақта мата өндiру
3.6.
Маталарды өңдеу
3.7.
Дайын тоқыма бұйымдарын өндiру
3.8.
Оңтүстiк Қазақстан облысының тоқыма өндiрiсi
3.9.
Өндiрiстiк жағдайлар
3.10.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру мен дамытуды
SWOT талдау
4.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
5.1.
Бiрiншi кезең (2007 - 2009 жылдар) - "Оңтүстiк" арнайы
экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу
5.1.1.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын
дамыту
5.1.2.
Коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту
5.1.3.
Ықтимал инвесторлардың "Оңтүстiк" арнайы экономикалық
аймағының мүмкiндiктерiмен және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама iс-шараларын өткiзу
5.2.
Екiншi кезең (2010 - 2012 жылдар) - "Оңтүстiк" арнайы
экономикалық аймағы аумағында кәсiпорындар салу
5.2.1.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына
жауап беретiн инвестициялық жобаларды iрiктеу
5.2.2.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағы аумағында
кәсiпорындар салу
5.3.
Үшiншi кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндiрiстердi кеңейту
және одан әрi дамыту, тоқыма өнiмiнiң әлемдiк нарыққа шығуы
5.3.1.
Отандық тауарларды әлемдiк тауар нарықтарына жылжыту
5.3.2.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағы аумағында тоқыма
кәсiпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру
5.3.3.
Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру
6.
Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
7.
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007-2015
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Атауы
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын дамытудың
2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы.
Әзiрлеу үшiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оңтүстiк"
негiздеме
арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2005 жылғы
6 шiлдедегi N 1605
Жарлығы
;
"Экономикалық басым секторларында пилоттық
кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 25 маусымдағы N 633
қаулысы
;
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру
жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi N
770
қаулысы
.
Әзiрлеушi
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлiгi, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi
Мақсаты
Тоқыма өнеркәсiбiн дамыту және оның бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегi
бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына
кiруiне алғы шарттар жасауға мүмкiндiк беру
Мiндеттерi
Тоқыма кәсiпорындарының аумақта ресурстарды (электр
энергиясы, газ, су) тиiмдi пайдалануға ықпал ететiн
жеткiзу инженерлiк желiлерiн салу;
коммуникациялық инфрақұрылымдарды (автомобиль
жолдарын, темiр жолды, телефон желiлерiн) салу,
қайта жаңарту;
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының
мүмкiндiктерi мен басымдықтарын ықтимал
инвесторларға таныстыруға бағытталған тұсау кесер
және өзге де жарнамалық iс-шаралар жүргiзу;
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру
мақсаттарына жауап беретiн инвестициялық жобаларды
iрiктеу;
тiгiнен бiрiктiрiлген, жоғары технологиялы және
экспортқа бағдарланған өндiрiс құрылысын қамтамасыз
ету;
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының аумағында
өндiрiлген тауарларды әлемдiк тауарлық рыноктарға
жылжытуына ықпал ету;
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағы аумағында
тоқыма кәсiпорындарын қолдауға бағытталған
шараларды жүзеге асыру;
кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн
ұйымдастыру.
Iске асыру
Бiрiншi кезең: 2007 - 2009 жылдар;
мерзiмi
Екiншi кезең: 2010 - 2012 жылдар;
Үшiншi кезең: 2013 - 2015 жылдар.
Қажеттi
Бiрiншi кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан
ресурстар
бастап 2008 жылға дейiнгi кезеңде "Оңтүстiк" арнайы
және
экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу
қаржыландыру
Республикалық бюджеттiң есебiнен жоспарланып отыр,
көздерi
шығындардың жалпы сомасы 4 174,334 млн. теңге;
2007 жылғы өзектiлер жалпы сомасы 2 970,546
млн.теңге;
2008 жылғы объектiлер жалпы сомасы 1 203,788 млн.
теңге.
Екiншi кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма
өнеркәсiбi кәсiпорнын салуға шетелдiк және отандық
инвесторлардың салған инвестицияларының ұйғарылған
сомасы 65 миллиард теңгенi құрайды. Сол сияқты
"Қазына" тұрақты дамыту қоры" АҚ қаражаты мен
Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң қаражаты
қолданылады.
Үшiншi кезең (2013 - 2015 жылдар). Маркетингтiк
шығыстарға бiрiншi кезекте инвесторлардың жеке
қаражаты жұмсалады, "Оңтүстiк" арнайы экономикалық
аймақ аумағында кәсiпорындарды қолдауға бағытталған
іс-шараларды жүргiзуге "Қазына" орнықты дамыту
қоры" АҚ қаражаты мен Оңтүстiк Қазақстан облыстық
бюджетiнiң қаражаты қолданылады.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi бюджет
қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде
нақтыланатын болады.
Күтiлетiн
Бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдардағы кезең): осы
нәтижелер
мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлiнген 4
174,334 млн. теңгенi игере отырып, заманға сай
Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының
құрылысын аяқтау;
тоқыма өнеркәсiбiн дамытуға инвестициялағысы
келетiн отандық және шетелдiк компаниялар
тартылатын болады.
Екiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар): 15 тоқыма
саласы кәсiпорынының құрылысын аяқтауға шамамен 65
млрд. теңге сомасында инвестиция тарту;
шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құру;
мақта талшығының жыл сайын 100 мың тоннаға дейiн
импортын ескере отырып, мақта талшығының iшкi
тұтыну көлемiн арттыру;
мақта егу алаңын 90 мың га-ға арттыру;
өндiрiстiң жалпы көлемiнiң 30%-ына дейiн iшкi
рынокта мақта талшығын тұтыну үлесiн арттыру
күтiлiп отыр.
Үшiншi кезеңде (2013 - 2015 жылдар): Қазақстанның
тоқыма өнеркәсiбiн әлемдiк рынокқа бiрiктiру;
"Қазақстан тоқымасы" сауда маркасын (бренд) құру
және жылжыту.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2005 жылғы 6 шiлдедегi N 1605 Жарлығына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының Оңтүстiк Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерiн құру жөнiндегi алғашқы қадамның бiрi болып табылады. Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрi - "Оңтүстiк" AЭA) облыс және тұтастай алғанда Қазақстан үшiн келешектi тоқыма секторына инвесторларды тарту үшiн құрылды.
Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеме жоғарыда аталған Жарлық және "Экономикалық басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633
қаулысы
болып табылады.
Тоқыма жабдығын тиiсiнше жаңғыртқан кезде Қазақстанның халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн өнiм шығаратын жағдайы болады. Осы мақсатқа жету үшiн тоқыма өнеркәсiбiн дамытуға мүлдем жаңа көзқарас қажет. Әлемдiк тоқыма өнеркәсiбi өндiрiстiң сапа жағынан өзге деңгейiне ауысуына байланысты отандық тоқыма өнеркәсiбiн жаңарту емес, алғыр технологияларды ендiре отырып, қайта құру қажеттiлiгi туындайды.
Тоқыма өнеркәсiбi күрделi қаржы сиымдылардың, ал тоқыма жабдығы - ең қымбат тұратындардың бiрi болып табылады. Өзiнiң ерекшелiгiне қарай салынып жатқан тоқыма кәсiпорны инвестициялар салғаннан кейiн бесiншi жылы ғана жобалық қуатқа шығады, жеңiлдiктi шаралар неғұрлым ұзақ кезеңге қажет, бұл жағдайда 2015 жылға дейiн.
Оңтүстiк Қазақстан облысында (бұдан әрi - ОҚО) "Оңтүстiк" АЭА инфрақұрылымын дамыту және құру үшiн Сайрам ауданында орналасқан алаңы 200 га жер учаскесi бөлiнген. Таңдалған жергiлiктi жермен қатар темiр жолы, ЛЭП ВЛ-220 желiсi, бес километрде жоғары қысымды газ құбыры өтедi. "Оңтүстiк" АЭА атқарушы органы ОҚО әкiмдiгi құрған "Оңтүстiк" АЭА дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi болып табылады. Оңтүстiк Қазақстан мақта өсетiн, тоқыма өнеркәсiбi үшiн негiзгi шикiзат болып табылатын Қазақстанның жалғыз өңiрi болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларға келетiн мақтаның рентабельдiлiгi егiн алаңдарын кеңейтуге және шығымын арттыруға ынталандырады.
Шетел инвестицияларын тарту "Оңтүстiк" АЭА дамыту бағдарламасының басым бағыттарының бiрi болып табылады, мұнда отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн жеңiлдiктi шаралар құрылады.
Бағдарлама халықаралық тоқыма рыногының өзгергiштiгiн ескере отырып, инвестициялық ұсыныстарды, инфрақұрылымның дамуын, отандық компаниялар мен шетелдiк инвесторларға рұқсат берген кезде басымдықтарын анықтауды және бағалау өлшемдерiн бағалауда стратегиялық көзқарасты анықтайды.
3. Саланың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
3.1. Мақта өндiру, тоқыма өнеркәсiбiнiң шикiзаттық әлеуетi
Қазақстанда мақта Оңтүстiк Қазақстан облысында ғана өсiрiледi, өйткенi осында ғана оны өңдеу үшiн қажеттi климаттық жағдай бар - күн сәулесiнiң көптiгi, құнарлы суармалы жердiң, сондай-ақ ағын су мен еңбек ресурстарының болуы. Мақта өндiру рентабельдiлiгi кейбiр басқа дақылдарға қарағанда жоғары екендiгiн ескеру қажет.
Егер соңғы 14 жылда ауыл шаруашылық дақылдарының жалпы егiн алаңдарының төмендеу үрдiсi болса, онда мақтаға қатысты керiсiнше картина қадағаланды, олардың алаңы 2001 жылғы кезең үшiн 116 мың га көрсеткiштен 80%-ға (88 мың гa) және 2005 жылғы жағдай бойынша 204 мың га құрады.
Мақта облыстың 15 ауданы мен қалаларының 8 ауданында және 2 қаласында өсiрiледi. Мақтаның негiзгi алаңдары ОҚО Мақтаарал ауданында орналасқан, оның үлесiне жалпы облыстық егiстердiң 65-тен 75%-ына дейiн келедi, мұнда су ресурстарымен қамтамасыз етiлуi неғұрлым жоғары, мақта өсiрудегi табиғи жағдайлар неғұрлым жоғары, мақта тазалау зауыттарының шоғырлануы жоғары, мақта егуге берiлген алаң 2005 жылғы жағдай бойынша 117,8 мың га құрады.
2005 жылы облыста шиттi-мақта өнiмiн жалпы жинау 23,1 ц/га орташа шығымдылық кезiнде 464 мың тоннаны құрады, бұл 2004 жылғы 466 мың тонна көрсеткiштен ауытқиды және 2003 жыл бойынша 360 мың тонна жалпы жинау 104 мың тоннаға артады. Тұтастай алғанда 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейiнгi кезең үшiн шиттi-мақтаны жалпы жинау көлемi өсу үрдiсiн сақтады, жалпы жинау көрсеткiштерi 2000 жылы - 287 мың тоннаны, 2001 жылы - 402 мың тоннаны, 2002 жылы - 416 мың тоннаны, 2003 жылы - 360 мың тоннаны, 2004 жылы - 466 мың тоннаны, 2005 жылы - 464 мың тоннаны құрады.
Мақтаның шығымдылығына көптеген факторлар әсер етедi, оның iшiнде топырақтық-климаттық жағдайлар, ұтымды су режимi; өсiмдiктердiң жұқпалы ауруларымен, арам шөптермен және зиянкестермен күресу құралдарының пайдаланылатын тетiктерi; жүргiзiлетiн суару жұмыстарының кешенi және сапасы; минералдық қорек деңгейi, еселiгi және баланстылығы; пайдаланылатын агрохимиялық тәсiлдер; топырақты өңдеу, жинау және жинаудан кейiн жаңарту технологиясының негiзгi талаптарын сақтау.
Өсiмдiк шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемiнде шиттi-мақта 50 пайыздан астамын құрайды. Қазақстанда мақтаның бiршама тез пiсетiн сұрыптары өндiрiледi: "C-4727", "C-6524", "Юлдуз". Сол сияқты жаңа сұрыптары аудандырылған және енгiзiлген "Мақтаарал-3044" және Мақтаарал-3031". Осы сұрыптардың тұқымдарынан шығым 36%-ға жетедi, қорапшаның массасы 6,5-6,8 грамм. Облыста мақтаның асыл тұқымды шаруашылығымен 6 қожалық айналысады.
Қазақстанда алынатын мақта орташа талшықты мақта талшықтылары түрлерiне жатады. 80% жалпы шиттi-мақта жинау шаруашылық қожалықтарына келедi. Мақта талшығынан басқа, шиттi-мақтаны қайта өңдеу өнiмдерi (май алады, шрот, қабық) тұқым, линт, мақта мамығы. Мақтаның сабақтары мен жармалары отын түрiнде пайдаланылады. Мақта-тоқыма секторының iлеспелi салаларын май шығарғыш, целлюлозалық, азық-түлiктiк, құрама жем және өзге де өнеркәсiп субъектiлерi ұсынуы мүмкiн.
Сол сияқты шикiзат базасын кеңейтудiң аса маңызды факторы Қызылқұм массивi алаңдарын мақта егуге игеру болып табылады, шамамен 90 мың га игеру ұйғарылып отыр.
3.2. Мақта талшығын өндiру және тұтыну
OҚO-да мақта талшығын өндiретiн 21 зауыт бар, зауыттардың қайта өңдеу суммарлық жобалық қуаты 770 мың тонна шиттi-мақтаны құрайды, олардың 12-ci Мақтаарал ауданында - ОҚО-ның негiзгi мақта өңiрiнде, қалғандары - Шымкент, Түркiстан қалаларында, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Орташа жылдық қуаттылығын пайдалану 40-45 мың тонна шиттi-мақтаға жетедi. Мақта зауыттарының қуаттылықтары 60 %-ға ғана жүктелген, бұл шикiзат базасын кеңейткен кезде қосымша қайта өңдеу қуаттылықтарын салмастан мақта өндiрiсi көлемiнiң өсуiне мүмкiндiк бередi.
Iшкi рыноктағы баға мақтаның әлемдiк рыноктағы жағдаятына байланысты, мақтаға әлемдiк бағаның барометрi Cotton Outlook LTD агенттiгi (Ұлыбритания, Ливерпуль) жариялайтын индекстiң бағаламасы болып табылады, Өнiм жинауды жүзеге асырған немесе оған дейiнгi кезеңде индекс бағаламасының ауытқуы iшкi рынокта мақтаның рыноктың бағасына әсер етедi.
Шиттi-мақтаны қайта өңдеу процесiнде джинирлеу (мақтаны тазалау) және грединг (талшықты сорттау және бағалау) жүзеге асырылады. Джинирлеу және грединг процестерiнiң бүгiнгi жағдайы өңдеудiң жеткiлiксiз деңгейiн көрсетедi. Кәсiпорындар пайдаланатын жабдықтар тұрақты техникалық қолдауды талап етедi (көбi 1970-80 жылдары салынған). Мақта өндiру өнiмдiлiгi мен жылдамдығы төмен. Грединг талшық мақта шығаруда негiзгiлердiң бiрi болып табылады, өйткенi осы процестi жүргiзген кезде мақтаның сапасын (ұзындығы, салмағы, тығыздығы, талшықтың түсi және қоқыстың болуы және қысқа талшықты) және тиiсiнше оның бағасын бағалау. Мақта саласын дамыту үшiн грединг процесiнiң стандарттарын, оның әлемдiк рынокта бәсекелесу қабiлетiн арттыру қажеттiлiгi туындайды, бұл талшық мақта сапасын бағалау бойынша заманға сай техникасымен жарақталған сапасы бойынша заманға сай зертханалар желiсiн салу қажеттiгiн негiздейдi.
Қазақстанның мақта талшығын әлемдiк өндiру көлемiндегi үлесi 2003 жылғы жағдай бойынша жалпы әлемдiк өндiрiстiң 20,5 млн.тоннасынан 0,65 %-ды, 2005 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның мақта талшығын әлемдiк өндiру көлемiндегi үлесi 0,75%-ға дейiн құрады.
Талшықты әлемдiк тұтыну көлемiнiң өсуi екi негiзгi факторлармен анықталады: әлемдiк экономиканың өсуiмен және халықтың өсуiмен.
Талшықты түрлерi бойынша тұтынылуын талдау кезiнде екi негiзгі түрлерiнiң басымдығы көрiнедi: талшық мақта және синтетикалық талшық. Түктi целлюлозды талшықтарды тұтыну өзгерген жоқ, болашақта сол сияқты мақта мен синтетиканың бағаларымен салыстырғанда негiзiнен бағаның жоғары деңгейi себептi өсуi күтiлмейдi.
Сол сияқты мұнайға әлемдiк бағаның өсуiне байланысты синтетикалық талшықтарды өндiру үшiн шикiзат та үздiксiз қымбаттайтын болады, бұл талшық мақтаның бәсекелестiк басымдықтарының өсуiне және талшық мақта мен талшықты тұтынудың жалпы массасындағы оның үлестерiнiң өсуiне әкеп соқтырады.
Мақта талшығы облыс экономикасының негiзгi экспорттық өнiмi болып табылады. Облыстың экспортында мақта талшығының үлесi жылдан жылға артып, соңғы жылдардың қорытындылары бойынша 45-49 %-ды құрады. Мақта талшығын орнында өңдеу мен түпкiлiктi өнiмдi алған кезде экономика тиiмдiрек болады.
2005 жылғы бағалармен есептегенде:
1) 330 тонна тазартылмаған мақтадан 100 тонна мақта талшығы алынады, 100 тонна мақта талшығының құны 120 мың АҚШ долларын құрайды;
2) 100 тонна мақта талшығынан 90 тонна кардалық иiрiмжiп алынады, 90 тонна иiрiмжiптiң құны 211 мың АҚШ долларын құрайды;
3) 90 тонна кардалық иiрiмжiптен 600 мың ш.м. мата алынады, 600 мың ш.м. матаның құны (текше метрiнiң өлшемi 1 х 1,4 болған кезде) 634 мың АҚШ долларын құрайды;
4) 600 мың ш.м. матадан 170 мың тiгiн өнiмi алынады, 170 мың тiгiн өнiмiнiң құны 952 мың АҚШ долларын құрайды.
3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсiптiк әлеуетi
Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсiбi табиғи және синтетикалық талшықтардан иiрiмжiп пен матаны iстеп шығарумен айналысатын кәсiпорындардың тобын бiлдiредi. Қазақстан Республикасы Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (ЭҚЖЖ) сәйкес тоқыма өндiрiсi экономикалық қызметтiң 7 түрiмен және 20 кiшi түрiмен ұсынылуы тиiс. Саланың құлдырауына байланысты көптеген өндiрiстiк бағыттар жойылып жабылды. Мысалға, тiгiн жiптердi шығару, талшықтар мен иiрiмжiптердi бояу, маталарды ағарту, баспасуреттеу мен өңдеу, трикотаж жаймасын өндiру және басқалары секiлдi қызмет бағыттары жоқ.
Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібі саласындағы экономикалық қызмет түрлері
Экономикалық қызмет түрлері |
Экономикалық қызметтің кіші түрі |
Өндірістің жағдайы |
||
Өндіріс бар |
Өндіріс жоқ |
|||
1. Тоқыма талшықтарын иіру |
1.1. Мақта-мата талшығын иіру |
Кардты иіру |
+ |
|
Тарақпен иіру |
+ |
|||
1.2. Жүн талшықтарын иіру |
Тарақпен иіру |
+ |
||
Аппараттық иіру |
+ |
|||
1.3. Зығыр талшығын иіру |
|
+ |
||
1.4. Табиғи жібек, жасанды және синтетикалық талшықтарды жасау |
+ |
|||
1.5. Тігін жіптерін өндіру |
+ |
|||
1.6. Басқа да тоқыма талшықтарын дайындау мен иіру |
+ |
|||
2. Тігін өндірісі |
2.1. Мақтадан тоқылған маталарды өндіру |
+ |
|
|
2.2. Жүннен тоқылған матаны өндіру |
тарақпен иірілген иірімжіптен |
+ |
||
аппаратпен иірілген иірімжіптен |
+ |
|||
2.3. Жібек маталарын өндіру |
|
+ |
||
2.4. Басқа да тоқыма маталарды өндіру |
+ |
|
||
3. Тоқыма маталарды өңдеу |
3.1. Талшықтар мен иірімжіптерді бояу жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
|
+ |
|
3.2. Маталарды ағарту мен бояу жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
+ |
|||
3.3. Маталарды баспасуреттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
+ |
|||
3.4. Сіңірілген маталарға жабындыны жасау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тоқыманы өңдеу жөніндегі басқа да көрсетілетін қызметтер |
+ |
|||
4. Киімнен басқа, дайын тоқыма өнімдерін өндіру |
4.1. Үй шаруашылығына және басқаларға дайын тоқыма өнімдерін өндіру |
+ |
|
|
4.2. Кілем мен кілем өнімдерін өндіру |
+ |
|||
4.3. Беймата материалдарын өндіру |
+ |
|||
5. Техникалық мақсаттарға арналған тоқыма өнімдерін өндіру |
5.1. Арқандар, жіптер, бау, тор |
|
+ |
|
6. Трикотаж жаймасын өндіру |
+ |
|||
7. Трикотаж өнімдерін өндіру |
7.1. Шұлық бұйымдарын өндіру |
+ |
|
|
7.2. Трикотаж пуловерлерді, кардигандарды және оларға ұқсас бұйымдарды өндіру |
+ |
|||
7.3. Мақта иірімжібінен трикотаж бұйымдарын өндіру |
+ |
("Маркетинг және талдамалық зерттеу орталығы" АҚ деректер бойынша)
Қазақстанның тоқыма өнеркәсібіне мыналар тән:
саланың кеңес уақытында салынған тоқыма тiгiн кәсiпорындармен ұсынылуы;
кәсiпорындардың техникалық жабдықталуының төменгi деңгейi;
саланың жаңартылуы мен өсуi: соңғы 2-3 жылда кәзiргi заманның кәсiпорындары - "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС; "Меланж" АҚ; "Ютекс" АҚ; "Нимекс Текстайл" ЖШС салынды.
Бүгiнгi кезеңде елдiң жалпы өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң үлес салмағы 0,4 %-ды, өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнде 1,3 %-ды құрап отыр.
Германия, Франция және Америка Құрама Штаттары (бұдан әрi - АҚШ) секiлдi дамыған елдерде өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiндегi тоқыма және жеңiл өнеркәсiбiнiң үлесi 6-8 %-ға, Италияда 12 %-ға тең. Мұның өзi оларға бюджеттiң 20 %-ын қалыптастыруға, сондай-ақ өздерi шығарған өнiммен iшкi нарықты 75-85 %-ға толтыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi iшкi нарық мұқтаждығының 10%-ын ғана өтейдi. Елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қалыптастыру үшiн iшкi өндiрiс көлемi кем дегенде iшкi сұраныстың 30%-ын қанағаттандыруы тиiс.
Қазақстанның тоқыма индустриясын дамытуға, сол сияқты өңiрдiң мақта-тоқыма өнеркәсiбiнiң жеке секторы үшiн де нарықтық мүмкiндiктерiнiң жақсы ауқымы бар.
Мақта жөнiндегi Халықаралық Консультативтiк Комитет талдамашыларының болжамы бойынша 2008 жылы мақта-мата және химиялық иiрiмжiптерiн өндiрудегi дамушы елдердiң үлесi 80%-ға дейiн өседi. Дамушы елдердiң арасындағы әлем өндiрiсiнiң ең көп үлесi - 25,28%-ы Қытайдың үлесiнде.
Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының барлық көлемi (90%-дан астамы) экспортқа бағытталған. Мақтаның 10%-ы иiрiмжiптердiң сұрыптық түрлерi мен маталарды өндiруде "Ақ жiп" ААҚ, "Almaty Cotton Plant" ЖШС, "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС, "Меланж" АҚ, "Ютекс" АҚ, секiлдi мақта иiретiн кәсiпорындар пайдаланады.
Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары қауымдастығының деректерi бойынша иiрiмжiп өндiрудiң өсу серпiнi байқалып отыр. Осылайша республикада 2000 жылы 1 мың тонна мақта иiрiмжiбi, ал 2005 жылы - 4,5 мың тонна өндiрiлдi.
Мақта талшығынан орташа есеппен иiрiмжiп шығуы 88%-ды құрайды, қалған 12%-ы қалдықтар (тозаң - 7%, қайтарымды қалдықтар - 5%). Иiрiмжiптiң негiзгi қолданылу саласы маталарды, трикотаж және шұлық бұйымдарын өндiру. Анағұрлым жiңiшке иiрiмжiптi өндiру үшiн ұзын талшықты мақта қажет.
Иiрiмжiптiң 97-99%-ы тоқыма өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарында маталарды өндiруде пайдалану үшiн арналған. Иiрiмжiптiң 1-3%-ы басқа өнеркәсiптердiң кәсiпорындарында пайдаланылады.
Мақта маталардың нарығында Азия, Латын Америкасы елдерiнде, сондай-ақ ТМД елдерiнде өндiрiстiң өсуi болды. Дәл сол кезде Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде және Африканың дамушы елдерiнде өндiрiстiң құлдырауы байқалды.
Қазақстанда табиғи және синтетикалық талшықтардан маталарды өндiрудiң көлемiндегi мақта маталардың үлесi 80%-дан астамын құрайды. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары қауымдастығының деректерi бойынша мақта маталарды өндiрудiң өсу серпiнi байқалып отыр. Осылайша республикада 2000 жылы 6,8 млн. м
2
мақта мата, ал 2005 жылы - 19,1 млн. м
2
өндiрiлдi.
Мыналар:
бетiнiң тығыздығы 200 г/ш.м. аспайтын сұрыптық ағартылмаған мақта мата;
медициналық дәке;
бетiнiң тығыздығы 200 г/ш.м. асатын ағартылған маталар;
бетiнiң тығыздығы 200 г/ш.м. асатын басқа да маталар (әртүрлi түстi иiрiмжiптен жасалған маталардан басқа) номенклатураны құрайды.
Маталардың импорт көлемi айтарлықтай болуда, шамамен маталардың 71%-ы Ресейден әкелiнедi.
Қазақстан Республикасында бүгiнгi күнi өндiрiс тiзбегiнiң осы бөлiгi нашар дамыған. Мақта маталарды шығарумен айналысатын тек қана үш компания бар "Almaty Cotton Plant" ЖШС, "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС, "Меланж" АҚ. Әлi бар компаниялардың мамандандыру сегменттерi айқындалмаған. Мата өндiруге арналған тоқыма жабдықтары онша икемдi емес және оны қайта жасап құру да ауыр, сондықтан нарықтың өзгеру үрдiстерiн түсiну және осыған байланысты сегменттi және нарықты айқындау өте маңызды.
Маталарды өңдеудi жүзеге асыратын кәсiпорындардың секторы нашар дамыған. Соған қарамастан, мақта маталарды өндiрудi дамытумен бiрге елдiң мақта-тоқыма саласының осы сегментi де қалпына келедi. Алдын ала берiлген баға бойынша осы сегмент едәуiр пайдалы болуы мүмкiн және жабдықтарға мұндай үлкен инвестицияларды талап етпейдi. Бәсекеге барынша қабiлеттi тоқыма саласын құру үшiн осы сегменттi дамытудың маңызы зор. Шри-Ланканың тоқыма өнеркәсiбi өндiрiс тiзбегiнiң дәл осы сегментiн дамыта отырып, үлкен жетiстiктерге жеттi. Жеткiлiктi түрде дамыған тоқыма өнеркәсiбi болмай, Шри-Ланка кластер жасауды бояуға, басуға және өңдеуге шоғырландырды. Сапа, дизайн және бояу, басу мен өңдеу шапшаңдығы жағынан жоғары нәтижелерге қол жеткiзiп, Шри-Ланканың тоқыма кластер әлем нарығында бәсекеге қабiлеттi болды.
Шри-Ланканың және кластердi дамытудың осы жолын қолданған басқа да елдердiң тәжiрибесi инвестициялық жобаларды таңдау және "Оңтүстiк" АЭА аумағында тоқыма өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын салу процесiнде қолданатын болады.
3.7. Дайын тоқыма бұйымдарын өндiру
Дайын бұйымдар нарығы iш киiмдердiң, трикотаж бұйымдарының, киiмдердiң, кiлем бұйымдарының және күнделiктi сұранысқа, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ мерзiм пайдаланылатын басқа да тауарлардың түр-түрiмен ұсынылуы мүмкiн. Әрине, мақта шикiзат элементi ретiнде түпкiлiктi сұраныс өнiмдерiнде ұсынылуы мүмкiн. Қазақстанда түпкiлiктi пайдаланатын дайын тоқыма бұйымдарын өндiруде пайдаланылатын маталарды өндiрудiң толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарын өндiрудiң төмендеуiне, олардың өзiндiк құнының жоғары болуына және импорт көлемiнiң өсуiне әкеп соқтырады. Осылайша, ағымдағы тұтыну көлемiндегi көрпелер мен пледтер импортының үлесi жекелеген жылдары 90%-ға (оның iшiнде қытайдың өндiргенi - 53%, ресейдiкi - 10%), свитерлер мен жемпiрлер - 83%-ға, трикотаж жаймасынан жасалған киiмдер - 46%-ға, кiлемдер - 97%-ға, төсек орын - 12%-ға жеттi.
Қазақстанның тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi кәсiпорындарының 70-80%-ы киiм нарығында жұмыс iстейдi, негiзiнен өздерiнiң ассортиментiн күш құрылымдарының мұқтаждықтарына және арнайы киiм шығаруға бағытталған.
ОҚО-да өндiрiс тiзбегiнiң осы сегментi дамымаған. Облыста "Восход" компаниясы бар, ол бұрын матадан дайын бұйымдарды шығаратын iрi өндiрушi болды, қазiргi уақытта кәсiпорын тек мемлекеттiк тапсырыс бойынша жұмыс iстейдi, сондай-ақ мұнай газ компаниялары үшiн бiр үлгiдегi киiм мен арнайы киiм шығарады.
Сегментке мынадай проблемалар тән: ескiрген жабдық, әлемдiк үрдiстердi бiлмеу, кәсiби кадрлардың жетiспеуi, дайын өнiмдi жасырын және жарияламай импорттау, өндiрiлетiн өнiм сапасының төмендiгi.
3.8. Оңтүстiк Қазақстан облысының тоқыма өндiрiсi
Қазiргi уақытта Оңтүстiк Қазақстан облысында қаражатты тоқыма өндiрiсiн жаңғыртуға және жаңаларын салуға жұмсаған бiрнеше жаңа кәсiпорын жұмыс iстейдi.
"Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС - бiрлескен кәсiпорын, оның құрамына қазақстанның мақта компаниясы "Мырзакент" ЖШС және "Орыс Тоқымасы" ресей корпорациясы (ресейдiң iрi тоқыма холдингi) кiредi. Жаңа өндiрiстiң жоба бойынша белгiленген қуаты жылына 15 млн. шаршы метр деңгейiнде жоспарланып отыр.
"Ютекс" АҚ - мақта талшығын қайта өңдейтiн кәсiпорын, жоспарланған қуаты жылына шамамен 6 мың тонна мақта иiрiмжiбiн шығару, ол Украинаға, Ресейге және жергiлiктi нарыққа сатылады.
"Меланж" АҚ - жергiлiктi шикiзатты пайдалана отырып мақта иiрiмжiбiн шығаратын мақта иiретiн фабрика. Кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты жылына орташа есеппен 2,5 мың тонна иiрiмжiп шығару деп бағаланады. Өнiм Қазақстан, Ресей, Түркия бойынша сатылады.
Өндiрiстiк шығындардың төмендiгiн, шикiзатты өңiрлердiң жақындығын (Қазақстанның оңтүстiк өңiрi, Өзбекстан, Түркіменстан Тәжiкстан), тоқыма өнiмiн өткiзудiң ықтимал нарықтарының жақындығын (Батыс, Шығыс Еуропа, Азия тынық мұхиты өңiрiнiң, Таяу Шығыс елдерiнiң, ТМД елдерiнiң де) ескере отырып, Қазақстанның тоқыма өнеркәсiбiнде одан әрi даму үшiн жақсы негiз бар.
Тоқыма өнеркәсiбiндегi жұмыс күшiне жұмсалатын шығындар Қазақстанның оңтүстiгiнде оператор жұмысының бiр сағаты үшiн 0,94 АҚШ долларына жуық. Мұның өзi Түркиядағы шығындардан төмен, бiрақ Қытайдағыдан, Үндiстандағыдан, Пәкiстандағыдан жоғары.
Қосалқы шикiзатқа және ресурстарға жұмсалатын негiзгi шығындар тоқыма мен киiм бойынша негiзгi бәсекелес елдерден төмен.
Pecуpc қағидаты өңiрде мыналардың:
өндiрiске арналған шикiзаттың;
өңiрдiң жедел экономикалық дамуына байланысты көлiктiк және өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту перспективаларының;
еңбек ресурстары молдығының бар болуымен iске асырылады.
3.10. "Оңтүстiк" АЭА құру мен дамытуды SWOT талдау
Күштi жақтары:
1) Тұрақтылық. Соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың өсу, қаржы жүйесiнiң нығаю, басым салаларды дамыту үрдiсi қалыптасты, шетелдiк капиталды, оның iшiнде тоқыма өнеркәсiбiне қауiпсiз тартуға құқықтық база мен шарттар құрылды.
2) Тұрақты ұлттық валюта.
3) Мақта. Жергiлiктi жерде өндiрiлген мақта-талшыққа кең ауқымды ұсыныс бар, сондай-ақ қазiргi бар егiн алқаптарынан шикiзат мақтаның көлемi мен одан да көп өңдеуге қабiлеттi қуаты көп өңдейтiн кәсiпорындардың жеткiлiктi саны бар. Мақтаны егуге арналған игерiлмеген егiн алқаптары бар. Қазiргi уақытта қазақстан мақтасының 90 %-ынан астамы экспортқа кетедi. Қосылған құнды арттыру процестерiнде жергiлiктi мақтаны тұтыну мүмкiндiгi бар. Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын құру, сондай-ақ мақта-тоқыма кластерiн дамыту бағдарламасында көзделген мақта-талшық сапасын сатып алу бағасы бойынша қазiргi заманғы зертханалар желiсiн құру үшiн халықаралық танылған компанияларды тарту Қазақстанда мақтаның сапасы мен егiстiгiн арттыруға елеулi әсер етедi.
4) Мақтаның импорты. Мақтаға әлемдiк бағамен шамамен салыстырғанда 15% құндық басымдығы бар көршiлес Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжiкстаннан, Түркiменстаннан әкелiнетiн мақтаны да "Оңтүстiк" АЭА аумағында тоқыма кәсiпорындары тұтына алады. 5 үлгiдегi мақтаға баға бiр килограмм үшiн 1,1 АҚШ доллары. Салыстыру үшiн - ұқсас сападағы қытай мақтасына баға бiр килограмм үшiн шамамен 1,75 АҚШ доллары. Баға басымдығы орасан пайда болып табылады. Өзбекстан Тәжiкстан мен Түркiменстан сияқты тоқыма жiптiң жоғары нөмiрлерiн өндiру үшiн нәзiк талшықтың неғұрлым бағалы сапалы мақта-талшықты өндiруге қабiлеттi.
5) Электр энергиясы бойынша шығындар. Мемлекеттiк электр энергиясы жүйесiне тiкелей қатынаған кезде баға кBT үшiн 0,029 АҚШ долларына жетедi. Салыстыру үшiн: Қытайда кBT үшiн 0,07 АҚШ доллары, Түркияда 0,089 АҚШ доллары туралы сөз болмақ. Текше метр үшiн 0,07 АҚШ долларымен табиғи газ үшiн баға Түркияда төлейтiннiң үштен бiр бөлiгi болып табылады.
6) Салыстырмалы арзан жұмыс күшi. Оңтүстiк Қазақстанда еңбек ресурстарының көптiгi бар. Сондықтан негiзгi мiндеттердiң бiрi еңбек әлеуетiн сақтау жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бұдан кейiн, жалақының орташа деңгейi Қазақстанның басқа өңiрлерiмен салыстырғанда салыстырмалы төмен, алайда жалпы ел үрдiстерiне сәйкес ол өсiп отыр. Жұмыс күшiне шығындар төмен, Қытайдың Шығыс жағалауындағы деңгейiнде. Ең төменгi жалақы сағатына 0,44 АҚШ доллары, тiгiн операторы 0,8 АҚШ доллары және иiрушi/тiгiншi сағатына 1,2 АҚШ доллары.
7) Темiр жол желiсi. Қазiргi бар темiр жол желiсi солтүстiк бағытта ТМД елдерiне және Балтық жағалауы мемлекеттерi арқылы Еуропаға, оңтүстiк бағытта Қара теңiзге тасымалдауды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ тiкелей Түркияға жүк тасымалдары мүмкiн.
8) Су. Мақта өсетiн ОҚО өзен, сондай-ақ жер асты көздерiнен шығатын таза су ресурстарына бай. Iрi өзен - Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бөген және т.б. ағындарымен) облыстың аумағын оңтүстiктен солтүстiк-батысқа қиып өтедi.
Әлсiз жақтары:
1) Тоқыма саласы өндiрiсiнiң құлдырауы. Өз уақытында тоқыма-тiгiн өнеркәсiбi елдiң ЖIӨ-нiң 35%-ын құрады. Инфрақұрылымның құлауына байланысты тоқыма-тiгiн өнеркәсiбiнiң үлесi ЖIӨ-нiң 0,5%-ына азайып кеттi. Көптеген кәсiпорындар әлi күнге дейiн ескiрген жабдықта жұмыс iстеуде.
2) Жеткiзу уақыты ұзақтығы. Қазақстан мақсатты өткiзу нарығынан және жабдықтар мен қосымша бөлшектердi мақсатты жеткiзушiлерден елеулi қашықтықта болғандығына байланысты, ел жеткiзу мерзiмiнiң ұзақтығы жағынан қолайсыз жағдайда тұр. Мақсатты нарықтарға дейiн жеткiзу кезеңi, 15 күндi құрауы мүмкiн Түркияға жеткiзудi алып тастағанда, жуық шамамен 30 күндi құрайды.
3) Өзбекстанмен бәсекелестiк. Көршiлес Өзбекстанның Қазақстандағы деңгейден 8 есе асатын мақта егiстiгi бар. Бұдан басқа, Өзбекстан кейбiр ұзынырақ талшықты талшықтарды өндiруге де қабiлетi бар. Сондай-ақ, мақтаны пайдаланатын және дайын өнiмдi экспортқа шығаратын Өзбекстандағы компаниялар үшiн мақтаға мемлекеттiк бағалар субсидиялары бар. Бұл күштi, тiптi тең емес бәсекелестiк жағдай туғызады.
4) Қазақстан белгiлi емес. Өндiрiс көлемi аз болғандығына және көпшiлiк өнiм Ресейге экспортталатындықтан, Қазақстан Еуропа тоқыма және киiм индустриясында онша танымал емес.
5) Автомобиль жолдары. Автожол желiсi тиiмдi және баламалы тасымалдау әдiсiн құру үшiн инвестицияға мұқтаж.
6) Еңбек өнiмдiлiгi. Сала көнерген жабдықтармен жабдықталғанын ескеретiн болсақ, өндiру әдiсiнде артта қалу, төмен өнiмдiлiк деңгейi бар, жаңа кәсiпорындар, жаңа технологиялар еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмi үшiн жағдай жасау керек болады. Бұл кеңейтiлген тренингтi және жұмыс күшi менталитетiнiң өзгеруiн талап етедi.
7) Оқыған техникалық персоналдың жетiспеушiлiгi. Тоқыма өнеркәсiбi құлдырағаннан бастап, осы саладағы бiлiктi мамандар саны елеулi қысқарды. Техникалық мамандардың жаңа буыны қажет. Тоқымадағы техникалық және инжинирингтiк тренинг танымал емес, өйткенi индустрия өте шағын. Жаңа компаниялардың үлкен ағыны бастапқы кезеңде шетел мамандарымен қанағаттанатын оқыған персоналға сұраныс туғызады.
8) Маркетинг. Жаңартылған тоқыма өнеркәсiбiне ең тиiмдi Еуропа нарығына кiру үшiн маркетингте және сатуда жаңа дағдылар алуы қажет. Бұл уақыт пен күштi талап етедi. Бастапқы кезеңде маркетинг шетел мамандарының күштерiмен жүргiзiлетiн болады.
Мүмкiндiктер:
1) Индустрияның өсуi. Қазақстан үшiн негiзгi мүмкiндiк - жергiлiктi мақта жеткiзудi пайдалана және қазiргi заманғы алдыңғы қатарлы кәсiпорындар, фабрикалар сала отырып, тоқыма және киiм индустриясының мүлде жаңа нысанын құру.
2) Дүниежүзiлiк сауда ұйымы (бұдан әрi - ДСҰ). ДСҰ-ға қосылған соң, Қазақстан неғұрлым ашық сауда ережелерi бар неғұрлым танымал ел бола алады.
3) Өңiрдiң орталық пунктi. Облыс үшiн Қазақстандағы тоқыма технологиясының орталығы болу мүмкiндiгi бар. Rieter және Веnninger сияқты тоқыма индустриясымен байланысты көптеген қазiргi заман кәсiпорындары техникалық қызмет көрсету үшiн жоғары технологиялық қамтамасыз етумен бiрге Шымкентте қосалқы бөлшектердi жеткiзу жөнiнде орталық құруды ұсынды.
Қатерлер:
1) Өзбекстан. Өзбекстан шетелден әкелiнген инвестицияларға күштi бәсекелес болады деген мүмкiндiк бар. Екiншi тараптан, Қазақстан кәсiпорынды жеке иемденуге мүмкiндiк бередi, ал Өзбекстанда болса, меншiк, көбiнесе, мемлекеттiк.
2) Тоқыманың соңғы 5 жылда инвестициялармен дүниежүзiлiк молығуы.
3) Электр тасығыштарға ықтимал бағаның өсуi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты тоқыма өнеркәсiбiн дамыту және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiне алғы шарттар жасауға мүмкiндiк беру болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
аумақта тоқыма кәсiпорындарының ресурстарды (электр энергиясын, газды, суды) тиiмдi пайдалануға септiгiн тигiзетiн жеткiзетiн инженер желiлерiн салу;
коммуникациялық инфрақұрылымды (автомобиль жолдарын, темiр жолдар, телефон желiлерiн) салу, қайта жаңарту;
ықтимал инвесторлардың "Оңтүстiк" АЭА мүмкiндiктерiмен және басымдықтарымен танысуға бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама iс-шаралар өткiзу;
"Оңтүстiк" АЭА құру мақсаттарына жауап беретiн инвестициялық жобаларды iрiктеу өлшемдерiн қалыптастыру;
тiгiнен бiрiктiрiлген, жоғары технологиялық және экспорттық бағдарлы өндiрiс салуын қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақ аумағында өндiрiлген тауарларды әлемдiк тауарлық рыноктарға жылжытуына ықпал ету;
"Оңтүстiк" АЭА аумағында тоқыма кәсiпорнын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiктерi
"Оңтүстiк" АЭА қалыптасуы және дамуы үш орта мерзiмдi кезеңде өтедi.
Iске асырудың бiрiншi кезеңi 2007 - 2009 жылдар - "Оңтүстiк" АЭА инфрақұрылымын салу, инвестициялар тарту, "Оңтүстiк" АЭА аумағында кәсiпорындар құрылысының басталуы.
Iске асырудың екiншi кезеңi 2010 - 2012 жылдар - "Оңтүстiк" АЭА аумағында кәсiпорындар салу.
Iске асырудың үшiншi кезеңi 2013 - 2015 жылдар - өндiрiстi кеңейту және "Оңтүстiк" АЭА одан әрi дамыту, тоқыма өнiмiнiң әлемдiк нарығына шығу.
5.1. Бiрiншi кезең (2007 - 2009 жылдар) - "Оңтүстiк" АЭА инфрақұрылымын салу
5.1.1. "Оңтүстiк" АЭА инфрақұрылымын дамыту
"Оңтүстiк" АЭА құрылысының жобасына (инженерлiк iздестiрулер, геология, топография, бас жоспары) сәйкес "Оңтүстiк" АЭА аумағына бөлiнген алаң 200 га құрайды. Ауданның сейсмикалығы - 7 балл, алаңның сейсмикалығы - 8 балл. "Оңтүстiк" АЭА алаңының бiр бағытта кенет бiлiнген ұзақтығы (3500 м) және елеусiз енi (360 м-ден 710 м-ге дейiн) бар, осыны ескере отырып, бiрқатар шарттарды орындау көзделедi:
су құбыры құрылысы учаске ұзындығы бойынша қарама-қарсы бетте орналасқан 2 алаңда орналастырылады;
ашық трансформатор кiшi стансасы күштi тең бөлу үшiн учаске ортасына орналастырылатын болады;
ағынды суларды алдын ала тазалау құрылыстарының кешендерi кәсiпорындар топтарына көзделедi және "Оңтүстiк" АЭА өнеркәсiп алаңының оңтүстiк бөлiгiнде орналастырылады.
ММ "Оңтүстiк" АЭА дирекциясы" әкiмшiлiк-тұрмыстық корпустар маңында көрiктендiру және көгалдандыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жүргiзiлмейтiн барлық бос учаскелер көгалдандырылады.
"Оңтүстiк" АЭА кәсiпорындарын электрмен қамтамасыз ету бiрнеше өзара байланысқан электр энергиясын жеткiзу және бөлу жүйелерiн құру арқылы жоспарланады. Бұл "Оңтүстiк" АЭА iшкi электрмен қамтамасыз ету және алаң iшiнде кәсiпорынды электрмен қамтамасыз ету. "Оңтүстiк" АЭА сыртқы электрмен қамтамасыз ету мыналарды:
1) ВЛ 220 кВ жалпы ұзақтығы - 4,5 км, оның iшiнде қайта жаңартылатын - 4,2 км (АС 400/51 және АС 500/64 сымы);
2) жалпы ұяшық саны 10 кВ - 54 дана тоқты шектейтiн реакторлардың төрт үш фазды топтары бар 80 ВМ.А-1ПС күшi бар екi 220/10 кВ трансформаторы бар 220 кB кiшi стансасын салу;
3) релелiк қорғау және желiлiк желi автоматикасы 220кВ, диспетчерлiк технологиялық басқару. Толық дамуға "Оңтүстiк" АЭА болжамды есеп қуаттылығы 90 MBт.
"Оңтүстiк" АЭА қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн газ бөлу пунктi (бұдан әрi - ГБП) салынатын және жоғары қысымды газ құбыры жүргiзiлетiн болады. Газ құбыры трассасы электр кiшi стансасы ауданында орналасқан ГБП-ден Шымкент қаласының шығыс бөлiгiнде жоспарлануда. "Оңтүстiк" АЭА аумағында табиғи газды жылдық пайдалану 124827,1 мың нм
3
құрайды. Газ құбырында қосу нүктесiнде газ қысымы 6-12 кг/см
2
. "Оңтүстiк" АЭА аумағында желiдегi газ қысымын 12-ден 3 кг/см
2
дейiн төмендететiн ГБП орнату қажет.
Сумен қамтамасыз ету және су тарту. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiс өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзi есебiнде қалалық су құбыры пайдаланылады.
"Оңтүстiк" АЭА сумен қамтамасыз етудi қосу бiрiншi көтерiлу насос стансасынан көзделген, сутартқыш диаметрi 600 мм екi құбырдан орындалады (сутартқыштың жалпы ұзындығы - 7 км). Бұдан басқа, әрқайсысының көлемi 200 м
3
екi резервуар салу көзделген.
Кәрiздiк коллектор салу да көзделген (диаметрi 800 мм, ұзындығы 7 км). Шаруашылық-тұрмыстық және өндiрiс ағынды сулар қабылдауышы алдын ала тазалаудан кейiн қалалық кәрiз коллекторына тастау қабылданды.
5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту
Ленгiр тас жолынан "Оңтүстiк" АЭА-ға дейiн "Цемент зауытының саздақ карьерiне кiреберiс" қазiргi автомобиль жолын қайта жаңарту және Бадам өзенi арқылы көпiрдi қайта жаңарту көзделдi.
Өнеркәсiп кәсiпорындарына кiреберiс автомобиль жолы кәсiпорын құрылысы кезеңiнде толық жобалау қуаттылыққа қол жеткiзе отырып жобаланады.
Көпiр габаритi қоршаулар бар болғанда бөлу жолымен анықталған.
Көпiрде сырт жағынан шарбақтармен қоршалған әрбiр жағында қызметтiк жолдар құрылысы көзделедi. Көпiрдiң жалпы енi 30,5 м құрайды. Жол жүру бөлiгiнiң енi 2х7,5 м, көпiр ұзындығы - 126 м.
Кiреберiс темiр жол жолы. Темiр жолы кiреберiс жолының түйiсуi Текесу стансасында көзделедi. Түйiсу орнында қашыртқы шиеленiстердi жөндеу көзделедi. "Оңтүстiк" AЭA кешенiнiң вагондарын толықтыру үшiн Teкecу стансасында әрқайсысының пайдалы ұзындығы 450 м. екi тұйық жол салу көзделген.
Кешен аумағында алаң iшiндегi жол дамыту жүктер түрлерiн және мақтаны қайта өңдеу жөнiндегi кешеннiң технологиялық процесiн есепке ала отырып көзделген. Қайта жаңартуды есепке ала отырып, кiреберiс темiр жолының жалпы ұзындығы 4 км-ден астамды құрайды.
Кiреберiс темiр жолының бiр тармағында "Оңтүстiк" АЭА кеденiнiң құрылыс кешенi орналастырылатын болады, оған "Оңтүстiк" АЭА кәсiпорындарының дайын өнiмдерiн жiберуге арналған қоймалар блогының және қосалқы-көмекшi қызметтер блогының ғимараты енедi. Екiншi тармақта келiп түскен шикiзатты, химикаттарды, қосалқы материалдарды қабылдап алуға арналған қоймалар блогы орналасады.
Телефондандыру. Телефондандыру желiлерi "Шымкентмұнайоргсинтез" кәсiпорнының аумағында қазiр бар құдыққа қосылады. Байланыс желiсi оптика-талшық желiсiнен орындалады. Желi ұзындығы 2 км.
"Оңтүстiк" АЭА аумағында мынадай алаң iшiндегi инженерлiк коммуникациялық желiлер құрылысы көзделедi:
сумен қамтамасыз ету және су тарту;
электрмен қамтамасыз ету және электр жарығы;
газбен қамтамасыз ету;
телефондандыру;
алаң iшiндегi автомобиль жолы.
5.1.3. Ықтимал инвесторлардың "Оңтүстiк" АЭА мүмкiндiктерiмен және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама iс-шараларын өткiзу
Жарнама компаниясы мынадай элементтерден тұратын болады:
"Оңтүстiк" АЭА-ны шетел инвесторларына жарнамалайтын Powerpoint форматында тұсау кесерiн дайындау. Тұсау кесердi Германияда, Түркияда, Үндiстанда, Пәкiстанда және басқа да елдерде өткiзу;
жеке тоқыма кәсiпорындарына пошта арқылы жiберуге буклеттер шығару;
мекен-жайын бүкiл дүниежүзi бойынша ықтимал тоқыма инвесторларға жiберуге жататын әзiрленген веб-сайттың ресурстарын пайдалану, www.textilezone.kz
халықаралық танысу бағдарламасын жүргiзу. Werner International халықаралық компаниясының қолдауымен халықаралық танысу бағдарламасы басталады - бүкiл дүниежүзi бойынша ең маңызды тоқыма кәсiпорындарының жоғары басшыларына ақпараттық хатты жiберу. Бұл бағдарлама бүкiл дүниежүзi бойынша 1000 жуық тоқыма кәсiпорындарды жабады.
Сондай-ақ, мыналарды:
Қазақстан аумағында тоқыма конференциялар;
халықаралық тоқыма конференцияларында тұсау кесу;
Еуропада және Азияда негiзгi тоқыма көрмелерiнде стендтер көрсету;
IТМА 2007, тоқыма жабдықтарының ең iрi көрмесiне қатысу болжамдалады.
"Оңтүстiк" АЭА информациялық жылжытудың "ROAD SHOW" және т.б. iс шаралары.
5.2. Екiншi кезең (2010 - 2012 жылдар) - "Оңтүстiк" АЭА аумағында кәсiпорындар салу
5.2.1. "Оңтүстiк" АЭА құру мақсаттарына жауап беретiн инвестициялық жобаларды iрiктеу
Төменде келтiрiлген параметрлер Еркiн экономикалық аймаққа кiруге сәйкес келетiн кәсiпорындардың тамаша мөлшерiн, форматын және құрылымын анықтау үшiн пайдаланылады. "Оңтүстiк" АЭА тоқыма және дайын киiм индустриясында жоғары технологияларды қолдану орталығы болады. Төменде келтірілген компанияларды іріктеу принциптері мағыналық тәртібінде орналастырылған.
1) Басым жергілікті өндіріс шикізатын пайдалану.
Компаниялар Қазақстанда өсірілген және өңделген мақтаны пайдалануға ұмтылуы тиіс, осылайша, жергілікті нарықта өсірілген және қайта өңделген мақтаны пайдалануды елеулі арттырып. Көптеген бұйымдар иірімжіптің белгілі сапасын келтіру үшін мақтаның басқа түрлерімен араластыруды талап ететінін ескере отырып, инвестор компанияларға мақта талшығын импорттау мүмкіндігі ұсынылады. Алайда, кәсіпорындар қазақстандық мақтаны кәсіпорында пайдаланылатын мақтаның жалпы санының кемінде 30% пропорциясында пайдалануға ұмтылуы тиіс.
2) Өнiм/бұйым түрлерi.
Компаниялар джинса, төсек жабдығы, сүлгi, мақтадан жасалған iшкi киiм, пижамалар, балалар киiмдерi, футболкалар және басқа сияқты көбiнесе мақтадан жасалған өнiмдi шығаратын болады.
Синтетика мен мақта қоспасынан жасалған бұйымдар жасалатын өнiмдер тiзбесiне енуi мүмкiн. Мұнай-химия өнеркәсiбiнiң өсуiне орай Қазақстанда ұзақ мерзiмдi болашақта полиэстер немесе нейлон сияқты өнiмдердi өндiруге жергiлiктi шикiзатты жеткiзу жүзеге асырылатын болады, алайда, бұл бiрнеше жылдарды талап етедi. Осылайша, "Оңтүстiк" АЭА жергiлiктi мақтаны пайдалану үшiн құрылады.
3) Жоғары сапа өнiмi.
Дайын өнiмнiң сапасы орта және жоғары деңгей арасында болжанады. Мысалы, джинсалар үшiн бұйымдарда негiзгi күш қазiргi заман стилiне жұмсалатын болады, мата салмағы жағынан жеңiл және өзiнiң құрамында лайкра болуы тиiс. Төсек жабдығын өндiруде компаниялар орта деңгейдегi өнiм өндiруге бәсекелес болады. Мақсаты төмен шығын деңгейi мен iске асыру бағасы бар массалық өндiрiс тауарлары емес, жоғары деңгейдегi өнiм болып табылады.
4) Тiгiнен бiрiктiрiлген кәсiпорындар.
Тамаша нұсқасында, кәсiпорындар тiгiнен бiрiктiрiлген болады, осылайша, тiгу бұйымдарын өндiруге дайын өңделген мата өндiруге дейiнгi барлық процестердi өзiне қамтиды. Яғни, көптеген тоқыма кәсiпорындардың мынадай бiр өндiрiс құрылымы болады: тоқу, тiгу, бояу/баспа сурет салу/өңдеу - мысалы, төсек жабдығы, сүлгi, арнайы киiм, вельвет және т.б.; иiру, тоқу, бояу/өңдеу - мысалы, iшкi киiм, футболкалар; иiру, иiрiмжiптi бояу, тiгу, өңдеу - мысалы, джинса немесе сәндi жейде маталары.
Түсiндiру кезiнде басқа құрылым түрлерiнiң мүмкiндiгi жонқа шығарылмайды. Мысалы, беймата материалдар өндiрiсiн пайдаланып, фетр өндiруге мақта қалдықтарын қайта өңдейтiн компания да сәйкес келетiн кәсiпорын есебiнде қарастырылатын болады.
Бояу және өңдеу сервистiк немесе комиссиялық негiзде құрыла алады және ұқсас кәсiпорындар "Оңтүстiк" АЭА аумағында басқа тоқыма кәсiпорындарына қызметтерiн ұсынады. Мұндай жағдайда, кәсiпорын тек бояумен/өңдеумен айналысатын болады.
Сондай-ақ, "Оңтүстiк" АЭА-дан тысқары кәсiпорындар "Оңтүстiк" АЭА-дан тысқары жасалған жеке маталарын өңдеу үшiн "Оңтүстiк" АЭА аумағында бояу және өңдеу жөнiнде фабрикасын iске қоса алады.
Сондай-ақ, медициналық марля, мақта және тағы да басқа өндiру жөнiнде фабрика құру мүмкiндiгi де бар, өйткенi олар жергiлiктi мақта пайдаланатын және дайын бұйымдар өндiретiн болады.
"Оңтүстiк" АЭА аумағында бөлек тұратын иiрiм фабрикаларын салған жағдайда, кәсiпорын мақсаты иiрiмжiптi экспортқа сату емес, "Оңтүстiк" АЭА аумағында орналасқан тiгiн фабрикаларына иiрiмжiп жеткiзу болып табылады.
5) Қазiргi заман жабдықтары мен технологиялары.
"Оңтүстiк" АЭА аумағында құрылған кәсiпорындар ең жақсы технологияларды және қазiргi заман жабдықтарын қолданатын болады. Бұл зертханалар, жабдықтар, компьютерлiк технологиялар мен компьютерлiк желiлер көмегiмен дизайн жасаудың технологиялық аспектiлерiне де жатады. Алайда, жұмыс күшiнiң жоғары құнының себебi бойынша ұқсас технология қолданылатын көптеген Еуропа тоқыма кәсiпорындарында кездесетiн тек қана автоматтандырылған жабдықтар мен роботтар желiлерiн пайдалану болжалмайды.
Шындығында, инвесторлар жаңа жабдықтарды әлемдiк нарықта танымал жеткiзушiлерден сатып алуы тиiс. Алайда, бұрын пайдаланылған жабдықтар да, егер қазiргi заманға сай және орнату сәтiнде өндiрушi кепiлдiк берген пайдалы қолданудың күтiлетiн мерзiмi кемiнде 10 жыл болса, "Оңтүстiк" АЭА аумағына орнату үшiн қарастырылуы мүмкiн. Осы жабдықтар үшiн техникалық қызмет көрсету құралдарына қол жеткiзу өте маңызды.
6) Күштi маркетингтiк жоспар.
Кәсiпорындардың нақты маркетингтiк стратегиясы болуы тиiс: өнiммен әрбiр нарыққа кiру негiздемесiн қоса алғанда елдер бөлiнiсiнде сату ұйғарылатын дайын өнiмдi жеткiзу жоспарланатын елдер анықталды. Кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi табысы көбiне жақсы және тұрақты тапсырыс берушiлердi тарту және ұстап тұру, сапа, баға мен жеткiзу өлшемдерi бойынша жоғары деңгейде оларға жеткiзу мүмкiндiгiне байланысты. Бастапқы компаниялардың мақсатты нарықтары уақыт өте өзгеретiн болады деп ұйғарылады. Уақыт өткеннен кейiн инвесторларды халықаралық деңгейде тоқыма мен дайын киiмде берушiлер танитын болады, осы нарықта атақты және белсендi болады.
7) Өнiмдердi дайындау.
Дайын өнiмдi тiгу тiгiнен бiрiктiрiлген кәсiпорындар үшiн опционды болуы тиiс. Алайда, тоқу жөнiндегi компаниялар (тоқыма) әдетте мақтадан тоқылған iшкi киiм, футболкалар мен ұқсас өнiмдердi тiгу жөнiндегi кәсiпорындармен тiкелей байланыста болады.
Тiгу кәсiпорындары тұтынатын маталардың кемiнде 40%-ы "Оңтүстiк" АЭА аумағында өндiрiлiуi тиiс деген шартпен "Оңтүстiк" АЭА енгiзуге жатады.
8) Техникалық ноу-xaу мен адамдардың салымы.
Қазақстан тоқыма өнеркәсiбi даму сатысында екендiгiн ескере отырып, Италия, Германия, Түркия сияқты жоғары деңгейде техникалық жағынан дамыған елдерден техникалық ноу-хаудың елеулi салымы болады деп ұйғарылады. Осы елдерден және басқа елдерден инженер мамандардың келуi үш жыл және одан көп кезеңде созылады және осы кезең iшiнде олар фабрикаларды жабдықтап және бiр уақытта жергiлiктi техникалық мамандарды оқытатын болады. Бiраз уақыт өткеннен кейiн жергiлiктi халық бiлiктi болады және одан әрi қарай адамдар тоқыма технологиялары саласында, станоктарда жұмыс iстеуде және өнiмнiң сапасын бағалауда сарапшылар болады.
Инвестор жақсы техникалық менеджменттi жүргiзудi, экстенсивтi тренингтер жүргiзудi және ұзақ мерзiмдi перспективада компаниялар еңбегiнiң табысты дамуын және қызметiн қамтамасыз ету үшiн техникалық ноу-хау берудi қамтамасыз етуi тиiс:
1) Сатуға өндiрiлген иiрiмжiп.
Иiрудiң негiзгi мақсаты тоқыма талаптарын қанағаттандыру үшiн жiптердiң сапасы мен нөмiрлерiнiң дұрыс сәйкес келуiн өндiру болып табылады. Иiру технологиялары сақиналы, пневмомеханикалық және вотекс әдiсiмен иiру болуы тиiс.
Жiптер нөмiрлерi N 6 мен N 30 ара қашықтығында болуы мүмкiн. Алайда барлық өндiрiлетiн иiрiмжiп тоқыма өндiрiсiнде пайдалануы мiндеттi емес. Көптеген иiру фабрикалары сатуға да, iшкi тұтынуға да иiрiмжiп өндiредi. Иiрiмжiптi "Оңтүстiк" АЭА аумағынан тыс жерлерге сату көлемi 40%-дан аспауы тиiс.
2) Сервистiк кәсiпорындар.
"Оңтүстiк" АЭА енгiзiлуi мүмкiн түрлi сервистiк компаниялар мен агенттiктер бар:
1. бояғыштарды жеткiзу және қоймада сақтау;
2. жабдықтарға қосалқы бөлшектердi жеткiзу және жабдықтарға сервистiк қызмет көрсету;
3. жiптердi, түймелердi, сырмалар мен басқа қосымша бөлшектердi өндiрушiлер;
4. моторлар мен тұтқаларға сервистiк қызмет көрсету;
5. компьютерлендiрiлген дизайн жөнiндегi қызметтер;
6. баспа суреттердi салу жөнiндегi қызметтер;
7. иiру мен тоқымада тез тозатын бөлшектердi жөндеу жөнiндегi қызметтер;
8. электр энергиясын жеткiзетiн, су тазартумен айналысатын және т.с.с. компаниялар;
9. тоқыма мен киiм өндiруге тiкелей қатысы жоқ "Оңтүстiк" АЭА қажет басқа да қызметтер:
1) мейрамханалар мен тамақ iшетiн орындар;
2) банктiк ЕКБ;
3) көлiк қызметтерi (автобустар, таксилер);
4) медициналық орталық және алғашқы көмек орталығы;
5) тасымалдау қызметтерi.
Компаниялар бар көлiк жарақтарын пайдалана отырып шикiзат пен дайын өнiмдi жеткiзудi ұйымдастырады деп ұйғарылады. "Оңтүстiк" АЭА жеке тасымалдау жүйесi бар кәсіпорындарды қоспайды.
"Оңтүстiк" AЭА аумағында көлiк агенттiктерi болмайды.
"Оңтүстiк" АЭА-дан көлiк компанияларын алып тастау себебi барлық көлiк компанияларына адал бәсекелестiк шарттарын сақтауға мүмкiндiк беруiне негiзделген.
Кәсiпорындарды iріктeу үшiн де, саудада шектеулердiң орындалуын одан әрi бақылау үшiн де өлшемдер осы құжатта белгiленген және "Оңтүстiк" АЭА құқықтық құрылымының біp бөлiгi болып табылады. ОҚO әкiмдiгiмен уәкiлеттi мемлекеттiк орган бiрiншi кезеңдерде кәсіпорындарды инвестициялық жобаларды iрiктeу өлшемдерiнiң негiзгi талаптарынан ауытқыту жөнiнде шешiмдер қабылдайтын болады. Сондай-ақ жоғарыда келтiрiлген ережелерде белгiленген пайыздық қатынастарды шешетiн болады және өндiрiс пен сауда жөнiндегi деректердi пайдалана отырып кәсiпорындар қызметiнiң жыл сайынғы мониторингiн жүзеге асыратын болады.
5.2.2. "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсiпорындар салу
"Оңтүстiк" АЭА аумағында өндiрiстер салу және бизнестi кеңейту кәсiпорындардың белгiлi бiр экономикалық мақсаттарға қол жеткiзуiне байланысты себептермен шартталған. "Оңтүстiк" АЭА тоқыма бағыттылығының негiзгi себептерi мыналар болады:
жергiлiктi шикiзатқа;
қол жеткiзу;
өндiрiстiк шығындардың төменгi деңгейi;
қол жетiмдi қисын;
жергiлiктi және өңiрлік сату нарықтарына қол жеткiзу;
жеңiлдiктi сауда келiсімдерi;
инвестициялық жеңiлдiктер;
сату нарықтарына жақындау;
бiлiктi мамандардың болуы;
тәуекелдердi әртараптандыру.
Бағдарламаға байланысты "Оңтүстiк" АЭА аумағында қызметтiң рұқсат етiлген негiзгi түрлерi мыналар болып табылады:
1. джинсы өнiмдеpін өндiру: қалың мақта-мата маталарын және джинс өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейдi: иiру (сақиналы және пневмомеханикалық) ағарту, бояу, тігін өндiрiсi операцияларын қоса алғанда маталарды өңдеу.
2. түкті өнімдер өндіру: орамалдар, жуыну халаттары мен басқа талшықты өнiмдер өндіру. Өндiрiстiк процестер мыналарды көздейдi: иiру (сақиналы және пневмомеханикалық), жiптi бояу мен ширату, иiрiмжiптi тiзiпорау мен шлихталау, бояуды, тiгу өндiрiсiн қоса алғанда матаны өңдеу.
3. трикотаж өнiмдерiн шығару: трикотаж матаны өндiру және iшкi киiм, футболкалар, пижама, спорт костюмдерi, майкалар және т.б. трикотаж өнiмдерiн тiгу. Өндiрiс процестерi мыналарды көздейдi: сақиналы иiру, тоқу, бояу, тiгу өндiрiсi.
4. арнайы киiмдер мен маталарды өндiру: арнайы киiмдерге арналған маталар мен өнiмдер - курткалар, шалбарлар, кепкалар, шапкалар, комбинезондар және өзгелер. Өндiрiстiк процестер мыналарды көздейдi: сақиналы иiру, тоқыма, бояу, баспа сурет салу, өңдеу, тiгу өндiрiсi.
5. төсек жабдықтарын өндiру: төсек маталарын және дайын төсек жабдықтарын, жастықтыстар және үй тоқымасының басқа өнiмдерiн өндiру. Өндiрiстiк процестер мыналарды көздейдi: сақиналы иiру, жiптi бояу мен ширату, иiрiмжiптi тiзiпорау мен шлихталау, бояуды, тiгу өндiрiсiн қоса алғанда матаны өңдеу.
6. медициналық және басқа да өнiмдердi өндiру, қалдықтарды қайта өңдеу, негiзiнен қалдықтардан өңделген материалдарды пайдалана отырып мақта, тампондар, мақта талшықтары және басқа медициналық өнiмдердi өндiру.
7. қосымша өндiрiс тyрлерi: матаға жатпайтын материалдар өндiру, жоғары сапалы қағаз өндiру, медициналық мақта, бинт және басқа да өнiмдер өндiру.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының алаңында 15 кәсiпорын: тоқыма кешенi, талшықты маталар, жейде маталарын, костюм маталарын, джинс маталарын, техникалық маталар, тiгiн жiптерi мен басқаларды өндiру жөнiндегi фабрикалар салу жоспарланады.
Өндiрiс технологиясын ескере отырып, кәсiпорындарды орналастыру ғимараттар, құрылыстар, жолдар, желiлер астында сенiмдi топырақ негiздер құрылғысын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қолдана отырып дербес террасаларда жүзеге асырылатын болады.
Табиғи жағдайларға байланысты, алаң-рельеф, топырақтардың орнығуы, сондай-ақ кiреберiс темiржол жолдарын орнату, көлiк тyйiсулерi, инженерлiк желiлердi төсеу (су құбыры, кәрiз және т.б.) жеңiл өнеркәсiптiң, басқару қызметтерiнiң, кеден және т.б. ұтымды саны көзделдi.
5.3. Үшiншi кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндiрiстердi кеңейту және одан әрi дамыту, тоқыма өнiмiнiң әлемдiк нарыққа шығуы
Кәсiпорындар үшiншi кезеңде өздерiнiң жоспарланған өндiрiстiк қуаттылығына шығатын болады, бұған қазiргi заманғы технологияларды қолдану, шикiзатқа еркiн қол жеткiзу, сондай-ақ салықтардың бiр қатар төлеуден босатуды көздейтiн салық салудың жеңiлдiктi режимiн қолдану ықпал ететiн болады.
Қазақстандық әрiптестермен бiрге бiрлескен кәсiпорын нысанында кәсiпорындар құру жоспарланады. "Оңтүстiк" АЭА аумағында кейбiр кәсiпорындар iшiнара немесе толығымен Қазақстанның резиденттерiне тиесiлi болады. Жеке меншiктiң iс жүзiнде құрылымы жоғарыда көрсетiлгенмен шектелмейдi және инвесторлардың жеке артықшылық беруiне тәуелдi болады.
5.3.1. Отандық тауарларды әлемдiк тауар нарықтарына жылжыту
Қазақстан тоқыма және дайын өнiмдердi өндiрушiлер үшiн дәстүрлi сату нарықтары Ресей және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының басқа елдерi болды.
Құрылған кәсiпорындар тоқымажiптер мен маталарды жеткiзудi жүзеге асыра отырып өнiмдерiнiң негiзгi бөлiгiн Ресейге, Еуропа және Түркияға өткiзетiн болады.
Жекелеген тiгiн өндiрiстерi өз өнiмдерiн Ресей, ТМД-нiң басқа елдерiне және Еуропа нарықтарына жеткiзетiн болады.
Батыс Еуропа елдерiнде мақта-мата өнiмiн өндiру оның импортымен алмастыру үрдiсi байқалып отыр, ол иiру фабрикаларының мақта талшығын тұтыну көлемiнiң азаюына әсерiн тигiзедi. Тұтынудың негiзгi азаюы Италияда, Португалияда және Германияда болды. Батыс Еуропада мақта талшығын өнеркәсiптiк тұтынудың көлемi дайын өнiм импорты пайдасына қарай азаятын болады деп болжамдалады.
"Оңтүстiк" АЭА-да кәсiпорындар салу үшiн инвесторлар жеке маркетингтiк көзқарастарын алып келедi деп күтiлуде, бұл оларға дайын өнiмдi елеулi сату нарықтарында, негiзiнен Еуропада сатуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан резиденттерiнiң жеке меншiгi болып табылатын компаниялар Еуропада биiк емес айналым деңгейi бар ресей рыногында сатуды жүзеге асыруға икемделетiн болады.
АҚШ нарығына сатулар кiшiгiрiм деңгейде болады. Себебi контейнерлердi халықаралық порттарға дейiн тасымалдауға қажет қосымша шығындар мен мерзiмдерге негiзделген.
Қытай, Үндiстан, Пәкiстан. Осы елдер "Оңтүстiк" АЭА аумағында өндiрiлген өнiмдi сатудың ықтимал нарықтары бола алмайды. Ұзақ мерзiмдi перспективада дайын киiм өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi нарықтың жақындығына байланысты Қытайға жеткiзiлетiн болады. Алайда, қытай нарығында бағаның төменгi деңгейi осы өңiрдi жақын жылдарда сату нарығы ретiнде жоққа шығарады.
Қытай, Үндiстан, Пәкiстан "Оңтүстiк" АЭА кәсiпорындары сияқты нарық сегментiнде iрi өндiрушiлер болып табылады. Тиiсiнше, бiр сегментте бәсекелесетiн елдер арасында сауда жүзеге асырылады деген шындыққа онша жанасымсыз.
Дайын киiм немесе үйге арналған өнiм үшiн жеке сауда дүкендер желiсi немесе кез келген басқа iрi көтерме сатушы үлгiлiк клиент болып табылады. Арнайы киiм жағдайында мемлекеттiк мекемелер, әуе желiлерi, әскери қызмет және т.с.с. клиент бола алады.
Мақта немесе иiрiмжiптi сатып алушылар. Сатушысы тоқыма өнеркәсiбi немесе киiм тiгу жөнiндегi компания болады. Бұл жағдайда, "Оңтүстiк" АЭА компаниялары сатуды тiкелей тоқыма компанияларына жүзеге асыратын болады.
5.3.2. "Оңтүстiк" АЗА аумағында тоқыма кәсiпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру
Саланы бастапқы дамыту сатысында тарифтiк және тарифтік емec шектеулер жолымен жеңiл өнеркәсiп тауарларының жекелеген түрлері бойынша iшкi тауар нарығының ашықтығы деңгейiн реттеудi жүзеге асыру қажет. Бұл шаралар өндiрiс қуатын өсiру сатысында iшкi рынокқа сату жөнiндегi тоқыма өнiмiнiң өндiрушiлерiне қосымша басымдық беретін болады.
"Оңтүстiк" АЭА-да тоқыма кәсiпорындарын қолдауға бағытталған мынадай сипаттағы iс-әрекеттер жоспарланады:
инвесторлардың өз жобаларын iске асыру кезiнде инвесторларды бағыттау және оларға жәрдем көрсету үшiн "Оңтүстiк" АЭА-дa инвесторлар үшiн ақпараттық қызмет орнату. Осы қызмет мыналардан тұрады:
инвестициялық жобалармен тiкелей байланысты ережелермен және заңдармен байланысты барлық мәселелер мен сәттердi жою жөніндегі заң көмегi;
лицензиялар, рұқсаттар, кеден рәсiмдерiн ұйымдастыруда әкімшілік қолдау;
көмекшi қызметтер ұсынатын компаниялар қарым-қатынасы парағымен бiрге тоқыма маркетингi, көлiк, логистика жөнiндегi ақпаратпен бірге тоқымa мен киiмнiң техникалық деректерiнiң ақпараттық қызметi;
экспортқа көмек қызметi. Бұл сараптамалық қызмет экспортты жеңілдету үшiн интернет желiсiнде ұсынылатын қызмет болуы тиiс. Ол мынадай қызметтердi беруi тиiс: үшiншi елдерде импортқа қойылатын талаптар туралы ақпарат, сондай-ақ өнiмге қолданылатын iшкi салықтар, сауда деректері, импорттаушылар мен экспорттаушылар iс жүзiндегi сауда операцияларына және сауданы жылжытуға тартылған басқа уәкiлеттi органдармен халықаралық ұйымдармен iс-әрекет, байланыс орната алатын нарық орыны өндiрушiлер мен экспорттаушылар кездесуi мүмкiн нақты жағдайлар бойынша егжей-тегжейлi ақпараттық сұрау салу беру мүмкiндiгi;
"Оңтүстiк" АЭА аумағында орналасқан тауарларды, сауда-саттық және компанияларды жылжыту үшiн интернетте Оңтүстiк веб-сайтын орнатудан және қолдауды қаржыландыру.
Консультациялық қызметтер түрiнде "Оңтүстiк" АЭА аумағында кәсiпорындарға қолдау ұйымдастырылатын болады, бұл тоқыма кластерін құруға көмек берiп қана қоймай, сондай-ақ "Оңтүстiк" АЭА дирекциясы" ММ-ні "Оңтүстiк" АЭА аумағында кәсiпорындардың қызметiн одан әрі дамыту үшiн барлық шығыс деректерiмен қамтамасыз етедi.
5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру
Орта буын бiлiктi кадрлары мен менеджерлерiне белгiлi бiр жетiспеушiлiк бар. Осы проблеманы шешу үшiн тоқыма өнеркәсiбiне арналған мамандандырылған Тренингтiк Орталықты қолдау және қаржыландыру ұйғарылады. Тоқыма кәсiпорындарының кадрлық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстанда бар тренингтiк және бiлiм беру орталықтарын бiр жобаға бiрiктiру қажет.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны орындау үшiн республикалық бюджеттен қаражат, инвесторлар кәсiпорындарының жеке ресурстары, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ қаражаты, Оңтүстiк Қазақстан облыстық бюджетiнiң қаражаты тартылатын болады.
Бiрiншi кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде "Оңтүстiк" АЭА инфрақұрылымын салу Республикалық бюджет есебiнен жоспарланады, шығындардың жалпы сомасы 4 174,334 млн. теңгені құрайды:
2007 жылғы объектілер жалпы сомасы 2 970,546 миллион теңге;
2008 жылғы объектілер жалпы сомасы 1 203,788 миллион теңге.
Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын салуға шетелдік және отандық инвесторлардың салынған инвестицияларының ұйғарылатын сомасы 65 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджеттің қаражаты тартылатын болады.
Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар). Маркетингтік шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке қаражаты жұмсалатын болады, "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға қажет бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Жұмыстарды жүргізу нәтижесінде "Оңтүстік" АЭА тоқыма өнеркәсібінің тігінен біріктірілген құрылым құрылатын болады.
Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар кезеңі):
республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген 4 174,334 мың теңгені игере отырып "Оңтүстік" АЭА қазіргі заманғы инфрақұрылымын салу аяқталатын;
тоқыма өнеркәсiбiн дамытуда инвестиция салуға ниет бiлдiрген отандық және шетелдiк компаниялар тартылатын болады.
Екiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар кезеңi):
15 тоқыма саласы кәсiпорнын салуды аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында инвестициялар тарту;
шамамен 11 мың жұмыс орнын құру;
жыл сайын 100 мың тоннаға дейiн мақта-талшық импортын ескере отырып мақта-талшықты iшкi тұтыну көлемiн арттыру;
мақтаға егу алаңдарын 90 мың га дейiн арттыру;
ішкі нарықта мақта-талшықты тұтыну үлесін өндірістің жалпы көлемінің 30 %-ына дейiн арттыру күтiледi.
Yшiншi кезеңде (2013 - 2015 жылдар кезеңi):
Қазақстанның тоқыма өнеркәсiбiн әлемдiк нарыққа бiрiктiру;
"Қазақстан тоқымасы" сауда маркасын (брендiн) құру және одан әрi жылжыту күтiледi.
8. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың
2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с
№ |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
5.1. Бірінші кезең 2007-2009 жылдар -»Оңтүстік»АЭА инфрақұрылымын дамыту |
||||||
1. |
Сумен жабдықтаушының құрылысы диаметрі 600 мм, ұзақтығы 7 км 2 желі) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік"» АЭА дирекциясы"» ММ |
2007 жылғы 25 шілде |
357,334 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
2. |
Кәріз коллекторының құрылысы диаметрі 800 мм, ұзақтығы 7 км) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік"» АЭА дирекциясы" ММ |
2007 жылғы 25 шілде |
203,104 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
3. |
АЭА 200 га ауыл шаруашылығы жерлерін беруден ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік"» АЭА дирекциясы" ММ |
2007 жылғы 25 шілде |
72,669 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
4. |
ПС 220/10 кВ және ВЛ-220 кВ кірісі мен шығысының құрылысы |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік"» АЭА дирекциясы" ММ |
2008 жылғы 25 қаңтар |
1381,376 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
5. |
"Оңтүстік" АЭА-ға темір жол кіреберіс жолдарын және Текесу станциясында вагондарды жинау үшін екі қосымша жол тұйығын салу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ |
2008 жылғы 25 қаңтар |
229,320 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
6. |
Бадам өзені арқылы өтетін кіреберіс автомобиль жолдарын және автомобиль көпірін салу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ |
2008 жылғы 25 қаңтар |
688,503 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
7. |
Кеденге арналған қосымша құрылыстар салу (БӨП, салмақ өлшем, жете тексеру алаңы және бастырма) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ |
2008 жылғы 25 қаңтар |
38,24 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
8. |
2 инновациялық жобалардың тоқыма конгресін (мақта/тоқыма саласында үздік зерттеулерді/технологияларды іздеуге тексеру/сараптау) жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЖӨКҚ, АШМ |
2008 жылғы 25 қаңтар |
- |
- |
9. |
Алаңішілік автомобиль жолдарын салу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ |
2008 жылғы 25 шілде |
488,9 млн. теңге * |
Республикалық бюджет |
10. |
Алаңішілік инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау, телефондандыру, газбен жабдықтау) салу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ |
2008 жылғы 25 шілде |
714,888 млн. теңге * |
Республикалық бюджет |
11. |
"Оңтүстік" АЭА халықаралық конференцияларда, көрмелерде тұсаукесері және»"ROAD SHOW" ұйымдастыру және АЭА ақпараттық жылжыту жөніндегі басқа да іс шаралар |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), СІМ, ОҚО әкімдігі,»"Оңтүстік"» АЭА дирекциясы"» ММ,»"Қазына"орнықты даму қоры» АҚ |
Жыл сайын 25 қаңтар |
- |
- |
12. |
Шетелдік және отандық компаниялардың инвестицияларын тоқыма кәсіпорындарын салуға тарту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру |
ИСМ ақпарат |
ОҚО әкімдігі |
Жыл сайын 10 қаңтар |
- |
- |
13. |
Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын толығымен салу |
ИСМ ақпарат |
ОҚО әкімдігі |
Жыл сайын 10 қаңтар |
- |
- |
Ескерту:
* Қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ЖӨКҚ - Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп
кәсіпорындары қауымдастығы
"Оңтүстік" - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы
АЭА
"Оңтүстік" - "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" мемлекеттік мекемесі
АЭА дирекциясы"
ММ