Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 887 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне Астана қаласындағы "Transport Tower" әкiмшілік-технологиялық кешенiнiң ғимаратындағы өрттiң салдарын жоюға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 1064100000 (бiр миллиард алпыс төрт миллион бiр жүз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына тапсырыс берушi болып белгiленсiн.

      3. "Базис-А корпорациясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген жұмыстарды берушi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі