"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 685
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2003 ж., N 29, 287-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiнде:
1-тармақтағы "мемлекеттiк кәсiпорындардың" деген сөздердiң алдынан "лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқуы орындарының бiрiншi басшыларынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.