Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 6, 49-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
4-тармақтың соңғы абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Тексеру қорытындысы бойынша іс-қағаз макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі