"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысында жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi инвестициялар мен инновацияларды тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, жаңа жобаларды iске асыру, қорғалған сауда белгiсi және зияткерлiк меншiк құқықтары бар тауарларды өндiру үшiн жағдай жасау, өңiрдегi әлеуметтiк саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру жолымен Қарағанды облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 284444500 (екi жүз сексен төрт миллион төрт жүз қырық төрт мың бес жүз) теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
1) қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 284444500 (екi жүз сексен төрт миллион төрт жүз қырық төрт мың бес жүз) - теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
2) қоғамды Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен, Қарағанды облысының әкiмдiгiмен және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне қоғам Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Қарағанды облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-13-жолмен толықтырылсын:
"214-13. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-21-жолмен толықтырылсын:
"237-21. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы";
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 12-жолмен толықтырылсын:
"12. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы", Қарағанды қаласы".