Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiнде:
2-3-тармақтағы "Мемлекеттiк қызмет" деген сөздер "Мемлекеттiк басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы N 153
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 9, 83-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы туралы үлгi ережеде:
3-тармаққа ескертпедегi және 5-тармақтың 2) тармақшасындағы "Мемлекеттiк қызмет" деген сөздер "Мемлекеттiк басқару" деген сөздермен ауыстырылсын.