"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және кондитер бұйымдарының кейбiр түрлерiнiң импортына қатысты жүргiзiлген талқылаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Кедендiк бақылау комитетi "Анықтауды бастау және кейбiр кондитер бұйымдары түрлерiнiң импортына уақытша қорғау шараларын енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1448 қаулысына сәйкес ЕурАзЭҚ CЭҚ ТН 1704907100, 1704907500 және 180690 кодтарымен жiктелетiн кондитер бұйымдарының импорты кезiнде уақытша қорғау баждарын алу нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен импорттаушыларға қайтарсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда қызметiн реттеу комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, он күнтiзбелiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсiн.