Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлік қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат):
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын беру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Самақова - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Айткүл Байғазықызы кеңесшiсi, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi
және гендерлiк саясат жөнiндегi
ұлттық комиссияның төрайымы
Қарақұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Асқаров - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әлiбек Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
бас инспекторы
Божко - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Карпович қауiпсiздiк комитетi төрағасының
бiрiншi орынбасары
Әлпиев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Нығметұлы ақпарат министрлiгi "К.Байсейiтова
атындағы ұлттық опера және балет
театры" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының директоры;
көрсетілген құрамнан Әбдiков Төлен, Оразғалиев Қуаныш Ғабидоллаұлы шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамынан Асқаров Әлiбек, Самақова Айткүл Байғазықызы, Божко Владимир Карпович, Қарақұсова Гүлжан Жанпейiсқызы, Әлпиев Төлеубек Нығметұлы шығарылсын.