"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
8-тармақта:
2-1) тармақшадағы "2-1)" деген сандар "3)" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi өкiлеттi органның өңiрлiк қаржы орталығында қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтiнiшi негiз болып табылады.".