Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 846 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Бiрәлиев Әлжан Хамидолаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Yмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
      Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi;
      Скрябин Сергей Васильевич - "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры;
      көрсетiлген құрамнан Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Оңғарбаев Еркiн Әнуарұлы шығарылсын;

      2) "Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 385-құжат):
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Әлiмбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық iстер алқасының төрағасы;
      Бiрәлиев Әлжан Хамидолаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Скрябин Сергей Васильевич - "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры;
      көрсетiлген құрамнан Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы, Райымбаев Сансызбек Iлиясұлы шығарылсын;

      3) "Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 758  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 401-құжат):
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Бiрәлиев Әлжан Хамидолаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi;
      Кененбаев Ерлiк Әбдiрақымұлы - Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары;
      Беседин Юрий Анатольевич - Астана қаласының Кәсiпкерлер қауымдастығы заң қызметiнiң басшысы;
      көрсетiлген құрамнан Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы, Баймаханов Мұрат Тәжiмұратұлы, Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Досмұхаметов Қанат Мұхаметкәрiмұлы, Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы, Нүрғалиев Тұрсынхан Оразұлы, Уандықов Ерiк Құсманұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы