Бiреудiң күтiп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар ауруларының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі N 840 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2268 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2268 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының  13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса берiлiп отырған бiреудiң күтiп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар ауруларының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
2006 жылғы 5 қыркүйектегi      
N 840 қаулысымен           
бекiтiлген             

  Бiреудiң күтiп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар ауруларының тiзбесi

       Аса ауыр дәрежедегi аурулар және/немесе өзiне-өзi күтiм жасай алмаушылық (Денсаулыққа байланысты аурулар мен проблемалардың халықаралық статистикалық жiктемесiне сәйкес, 10-қайта қарау): 
      1. I класс. Кейбiр жұқпалы және паразитарлық аурулар:
      (А 00-В 99).
      2. II класс. Iсiктер:
      қатерлi iсiктер:
      (С 00-С 97), (Д 00-Д 09);
      қатерсiз iсiктер:
      (Д 37-Д 48).
      3. III класс. Қан, қан түзiлу органдарының аурулары және иммундық тетiктi қатыстыратын жекелеген бұзылулар:
      (D 55-D 64, D 65-D 70).
      4. IV класс. Эндокриндiк жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасу бұзылулары:
      (E 00-E 46; E 71; E 85).
      5. V класс. Психикалық бұзылулар мен мiнез-құлықтың бұзылуы:
      (F 0-F 99).
      6. VI класс. Жүйке жүйесiнiң аурулары:
      (G 00-G 23; G 25-G 72; G 80-G83).
      7. VII класс. Көз бен оның қосалқы аппаратының аурулары:
      (H 05; H 15-H 22; H 26-Н 27; H 30-H 36; H 40-H 46; H 54).
      8. VIII класс. Құлақ және емiзiк тәрiздi өсiндiнiң аурулары:
      (H 65-H 66; H 70; H 81).
      9. IX класс. Қан айналымы жүйесiнiң аурулары:
      (I 09-I 36; I 05; I 10-I 15; I 10-I 15; I 26-I 27; I 30-I 33; I 34; I 40; I 42; I 47-I 50; I 60-I 69; I 84; I 95; I 97).
      10. X класс. Тыныс алу мүшелерiнiң аурулары:
      (J22; J45; J01; J04-J05; J10-J11; J32; J36; J44).
      11. XI класс. Ас қорыту мүшелерiнiң аурулары:
      (К 11; К 14; К 50-К 52; К 60-К 61; К65; К 75; К 80; К 85).
      12. XII класс. Терi және терi астының - майлы жасушаларының аурулары:
      (L 04; L 30; L 40; L88).
      13. XIII класс. Сүйек-бұлшық ет жүйесi мен байланыстырушы тiннiң аурулары:
      (M 00; M 05-M 14; M 30-M 36; M 86-M 89).
      14. XIV класс. Несептiк жыныстық жүйе аурулары:
      (N 00-N 39).
      15. XVII класс. Туа бiткен aуытқулар (даму кемiстiктерi), пiшiннiң өзгеруi мен хромосомдық бұзылулар:
      (Q 00-Q 99).
      16. XIX класс. Жарақаттар, уланулар мен сыртқы себептер әсерлерiнiң кейбiр басқа да салдары:
      ($01-S 39; S 44-S 49; S 54-S 55; S 57-S 58; S64-S 65; S 67-S 68; S 72-S 74; S 78; S84-S88; S 94-S 95; S 97- S 98; Т 01-T 09; T 17-T 65; T 90-T 98).