Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 929 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 785 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 929  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 35, 484-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздерден кейін "және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары" деген сөздермен толықтырылсын:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы 18 тамыздағы 
N 785 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2005 жылғы 20 қыркүйектегі 
N 929 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі

      1. "Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат         Астана қаласы
      орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны

      2. "Республикалық ғылыми-техникалық          Алматы қаласы
      кітапхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
      және оның филиалдары