"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 770 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңының  12-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                            2006 жылғы 15 тамыздағы
                                                N 770 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды
ұйымдастыру және жүргiзу
ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi  Заңына  сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) құрылысы бұрын аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданбаған және осы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықты ресiмдей отырып, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрi - Жария етiлген объект) пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының  74-78-баптарының  ережелерiне, сондай-ақ:
      1) құрылысқа (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге) рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу;
      2) жария етiлген объектiнi сыртқы жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, су құбыры, кәрiз және радиоландыру желiлерiне қосу;
      3) қабылдау комиссияларының құрамын қалыптастыру және құрылысы аяқталған объектiнi пайдалануға қабылдау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге қолданылмайды.

  2. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды
ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi

      3. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етушi азаматтары мен заңды тұлғалары (бұдан әрi - жария етушi субъектiлер) Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды жүргiзу үшiн мүлiктiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) екi данада өтiнiш;
      2) Жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) құжаттарды одан әрi қарау туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
      3) жеке басын куәландыратын құжат, ал заңды тұлға өкiлдерi - сондай-ақ жарғының (ереженiң), заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi және олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттар;
      4) жария етiлетiн объектiнiң нысаналы және функционалдық мақсатын растайтын жобалық және (немесе) өзге құжаттама;
      5) мүлiктi жария етушi субъектiнiң Жария етiлген объектiге құқығын растайтын құжаттар, оның iшiнде мүлiк орналасқан жер учаскесiне құқығын белгiлейтiн және (немесе) құқығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ Жария етiлген объектiге қатысты ауыртпалықтардың, шектеулердiң болуын немесе жоқтығын, оның бөлiнуiн және бөлiнбеуiн растайтын құжаттар.
      Жария етушi субъектiлер осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар болған жағдайда оларды тапсырады.

      4. Жергiлiктi атқарушы орган жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды:
      1) жария етiлген объектiнi iс жүзiндегi жай-күйi бойынша құрылыс салу жүйесiне жайластыру (орналастыру) бөлiгiнде қала құрылысы регламенттерiне, өртке қарсы және өзге де нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу;
      2) жария етiлген объектiнi пайдаланудың қоршаған ортаға, басқа объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiне жағымсыз әсер етуге жол беретiн, сондай-ақ жеке тұлғалардың, қоғамның және (немесе) мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзатын субъективтi жағдайларының болуын тексеру;
      3) жария етiлген объектiнiң тiреу және қоршау құрастырмаларының төзiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiне, сондай-ақ санитарлық, экологиялық, радиациялық, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiне қойылатын нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн көзбен шолып байқау, ал қажет болған кезде зертханалық тексеру;
      4) жария етiлген объектiнiң жария етушi субъектi мәлiмдеген функционалдық мақсаты (тиесiлiгi) бойынша пайдалануға олардың әзiрлiгiн (жарамдылығын) кешендi тексеру мақсатында инженерлiк (автономды немесе орталықтандырылған жылыту, электр-энергия тұтыну, су құбыры және кәрiз, газдандыру, радиоландыру) жүйелердi, сондай-ақ технологиялық өндiрiстiк жабдықтарды көзбен шолып байқау, ал қажет болған кезде бақылап сынау жолымен жүзеге асырады.

      5. Жүргiзiлген кешендi байқау нәтижелерi бойынша жария етiлген объект пайдалануға қабылданады.

      6. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау осы Ережеге қоса берiлiп отырған үлгі нысанға сәйкес қабылдау актiсiмен ресiмделедi.
      Қабылдау актiсiнде жария етiлген объектiнiң орналасқан жерiнiң, нысаналы және функционалдық мақсатының ерекшелiктерiне байланысты мәлiметтер қосымша көрсетiлуi мүмкiн.

      7. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi ресiмделгеннен кейiн бұл құжатты жергiлiктi атқарушы орган бұрын құжаттарды одан әрi қарау туралы шешiм қабылдаған Комиссияға жiбередi.

      8. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

                                   "Мүлiктi жария етуге байланысты
                                       рақымшылық жасау туралы"
                                   Қазақстан Республикасының Заңына
                                   сәйкес жария етiлген жылжымайтын
                                    мүлiк объектiлерiн пайдалануға
                                      қабылдауды ұйымдастыру және
                                           жүргiзу ережесiне
                                                 қосымша

               Жария етiлген құрылыс объектiсiн
        пайдалануға қабылдау туралы актiнiң үлгi нысаны

                                 ___________________________________
                                 (облыстың, қаланың, ауданның атауы)
                                        әкiмiнiң (әкiмдiгiнiң)
                                 200__ жылғы "___" _________________
                                      N___ қаулысымен бекiтiлген
                                 ___________________________________
                                  (әкiмнiң қолы, тегi және аты-жөнi)

                       Қабылдау комиссиясының
                 жария етiлген құрылыс объектiсiн
                   пайдалануға қабылдау туралы
                             АКТIСI

                   200__жылғы "__"_____________
                                         ___________________________
                                        (объектiнiң орналасқан жерi)
_________________________________________________________(комиссияны
тағайындаған органның атауы) әкiмiнiң 200__ жылғы "___"_____________
шешiмiмен тағайындалған қабылдау комиссиясы мына құрамда:
төраға_________________________________ ____________________________
           (тегi, аты, әкесiнiң аты)              (лауазымы)
төрағаның орынбасары - мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының
өкiлi
_______________________________________ ____________________________
   (тегi, аты, әкесiнiң аты)                       (лауазымы)
комиссия мүшелерi - өкiлдер:
тапсырысшы ____________________________ ____________________________
           (тегi, аты, әкесiнiң аты)               (лауазымы)
пайдаланушы ұйым ___________________________ _______________________
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)         (лауазымы)
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары
________________________________________ ___________________________
       (тегi, аты, әкесiнiң аты)                    (лауазымы)
мемлекеттiк өрттi қадағалау органдары
________________________________________ ___________________________
       (тегi, аты, әкесiнiң аты)                    (лауазымы)
жергiлiктi атқарушы органның өкiлi
________________________________________ ___________________________
       (тегi, аты, әкесiнiң аты)                    (лауазымы)

      Анықталды:
      1. Тапсырысшы (тапсырысшымен бiрге мердiгер) _________________
____________________________________________________________________
                        (ұйымның атауы)
_________________________________________________мекен-жайы бойынша
(облыс, аудан, елдi мекен, шағын аудан, махалла, көше, үйдiң
____________________________________________________________________
(корпустың)
____________________________________________________________________
                              нөмiрi)
____________________________________________________________________
(объектiнiң атауы және құрылыстың түрi (жаңадан салу, кеңейту, қайта
____________________________________________________________________
                 жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру)
пайдалануға қабылдауды ұсынды.
      2. Пайдалануға беруге ұсынылған объектiнiң мынадай қуаттылық, өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзақтық, сыйымдылық, көлем, өткiзу қабiлетi, алып жүру қабiлетi, жұмыс орындарының саны және с.с. негiзгi көрсеткiштерi бар (мақсатты өнiмдерге немесе негiзгi қызметтердiң түрлерiне сәйкес барлық объектi (тұрғын үйлерден басқа) бойынша өлшем бiрлiктерiмен толтырылады):

Қуаттылық, өнiмдiлiк және т.б.

Өлшем бiрлiгi

Жоба бойынша

Іс жүзiнде

 

 

жалпы (бұрын қабылдан ғандарды ескере отырып

оның iшiнде iске қосу кешенi немесе кезегi

жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)

оның iшiнде iске қосу кешенi немесе кезегi

  

  

  

  

  

  

Бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада
көзделген көлемде өнiмдердi шығару (қызметтер көрсету)______________
____________________________________________________________________
(көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың басталу фактiсi)

Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдiң мынадай көрсеткiштерi
бар:

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Іс жүзінде

Жалпы алаңы

м 2

  

  

Қабаттар саны

қабат

  

  

Жалпы құрылыс көлемi

м 3

  

  

Оның iшiнде жер асты бөлiгi

м 3

  

  

Жапсарлас салынған, жапсарлас-жанаса салынған және жанаса салынған үй-жайлар алаңы

м 2

  

  

 

Көрсеткіштер

Жоба бойынша

Іс жүзінде

Пәтерлер саны

Пәтерлер алаңы, м 2

Пәтерлер саны

Пәтерлер алаңы, м 2

жалпы

тұрғын

жалпы

тұрғын

Барлық пәтерлер, оның iшiнде: бiр бөлмелi

  

  

  

  

  

  

екi бөлмелi

  

  

  

  

  

  

үш бөлмелi

  

  

  

  

  

  

төрт және одан көп бөлмелi

  

  

  

  

  

  

      3. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешiмдерi мынадай деректермен сипатталады:____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (оны орналастыру ерекшелiктерi бойынша, жоспарлау, қабаттылығы,
       негiзгi материалдар мен құрастырмалар, инженерлiк және
         технологиялық жабдықтар бойынша қысқаша техникалық
                              сипаттамалар)

      4. Объектiде жобада көзделген, жеке сынағаннан және кешендi сынап байқалғаннан кейiн оны қабылдау туралы актiлерге (көрсетiлген актiлердiң тiзбесi осы актiге... қосымшада берiлген) сәйкес мөлшерде жабдық орнатылған.
      5. Жобада көзделген еңбектi қорғау, жарылыс қауiпсiздiгiн, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар және сейсмикаға қарсы iс-шаралар ______________
____________________________________________________________________
                    (орындалуы туралы мәлiметтер)
      Iс-шаралардың сипаттамасы актiге... қосымшада берiлген.
      6. Суық және ыстық сумен жабдықтаудың, кәрiздiң, жылумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және байланыстың тыстағы сыртқы коммуникациялары объектiнi қалыпты пайдалануды қамтамасыз етедi және қалалық пайдаланушы ұйымдар қабылдаған. Қалалық пайдаланушы ұйымдардың анықтамалық тiзбесi актiге... қосымшада берiлген.
      7. Жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтар мен ақаулар жойылды.
      8. Көгалдандыру ғимараттарға, жаяу жолдарға, шаруашылық, ойын және спорт алаңдарына кiреберiс жолдардың бетiн жабу, сондай-ақ ғимараттар қасбетiнiң элементтерiн әрлеу жөнiндегi жұмыстар орындалуы тиiс:

Жұмыстың түрлері

Өлшем бірлігі

Жұмыстың көлемі

Орындалу мерзімі

  

  

  

  

      9. Бекiтiлген жобалау-смета құжаттамасы бойынша сметалық құн:
      барлығы ____ мың теңге, оның iшiнде: құрылыс-монтаж жұмыстары
_______ мың теңге, жабдықтар, аспаптар және мүкәммал ____ мың теңге.
      10. Пайдалануға қабылданатын негiзгi қорлардың сметалық құны:
_________ мың теңге, оның iшiнде: құрылыс-монтаж _________ жұмыстары
_________ мың теңге, жабдықтар, аспаптар және мүкәммал____мың теңге.
      11. Объектiнi тексеру және тиiстi құжаттамамен танысу
негiзiнде:
технологиялық ______________________________________________________
                       (тұрғын үйлер бойынша толтырылмайды)
сәулет-құрылыс (көлем-жоспарлау және материалдар мен құрастырмаларды
қолдану жөнiндегiнi қоса алғанда) шешiмнiң озықтығына баға берiлдi.

      Қабылдау комиссиясының шешiмi

      Қабылдауға ұсынылған__________________________________________
                                       (объектiнiң атауы)

      Пайдалануға қабылдансын.

      Қабылдау
      комиссиясының төрағасы _______________________________________
                                             (қолы)

      Қабылдау комиссиясы
      төрағасының орынбасары _______________________________________
                                             (қолы)

      Қабылдау
      комиссиясының мүшелерi: ______________________________________
                                           (қолдары)

      Ескертпе: Акт бекiтiлген күн пайдалануға берiлген күн болып саналады.