"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 6 маусымдағы N 131 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердiң тиiстiк нормативiнде:
реттiк нөмiрi 2-жолдың 3-бағанындағы "Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 7, 75-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.