Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
9-тармақтың екiншi абзацы "шетелдiк" деген сөздiң алдынан "Eгep Қазақстан Республикасының Үкiметi мен шетелдiк инвесторлар арасында рұқсат берудiң белгiленген тәртiбi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.