1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және экология республикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын.
3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 43-жол алынып тасталсын.