"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда қызметiн реттеу комитетi:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты iстi қарауды бастасын;
2) iстi қарау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
3) он күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiне және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне iстi қараудың басталғандығы туралы хабарласын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
N 721 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға
қатысты істі қарау рәсімі басталатын тауарлардың тізбесі
Өнімнің атауы |
СЭҚ ТН бойынша коды |
Жартылай целлюлозадан жасалған гофрлеуге арналған қағаз |
4805110000 |
Одан әрі өңделмеген немесе аталған топқа 3 ескертуде көрсетілгендей өңделген орамдардағы немесе парақтардағы борланбаған, өзге де қағаз |
4805199000 |
Массасы 1 шаршы м. 150 г. немесе тест-лайнер (гофрленген картонның тегіс қабатына арналған регенерленген картон) |
4805240000 |
Массасы 1 шаршы м. 150 г. артық тест-лайнер (гофрленген картонның тегіс қабатына арналған регенерленген картон) |
4805250000 |
Орамдардағы немесе парақтардағы массасы 1 шаршы м. 150 г. немесе аз гофрленген қағазға немесе картонға арналған борланбаған қағаз және картон |
4805919100 |
Орамдардағы немесе парақтардағы 1 шаршы м. 150 г. немесе аз боланбаған өзге де қағаз немесе картон |
4805919900 |
Гофрленген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған қағаз және картон |
4808100000 |
Гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған жәшіктер мен қораптар |
4819100000 |