Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 716 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Денсаулық сақтауды дамыту институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорын Жарғысын бекiтуге ұсынсын;
      2) кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-74-жолмен толықтырылсын:
"9-74. "Денсаулық сақтауды дамыту институты"
       республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
       (шаруашылық жүргiзу құқығында)           Алматы қаласы";

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде: 
      реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. "Денсаулық сақтауды дамыту институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі