Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"2006-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
2006-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары"
мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған 2006-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасы Бiлім және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
N ______
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы "___" _____
N _______ Жарлығымен
бекiтiлген
Бағдарламаның
2006-2011 жылдарға арналған
атауы
"Қазақстан балалары" мемлекеттiк бағдарламасы
(бұдан әрi - Бағдарлама)
Әзiрлеу үшiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан
негiздеме
халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарын орындаудың Желiлiк кестесiнiң
144-тармағы және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеушi
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгi
Мақсаты: Балалардың өмiр сүру сапасын жақсарту
Мiндеттерi:
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
мемлекеттiк құрылымдармен халықаралық және
үкiметтiк емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара
iс-қимылды қамтамасыз ету;
барлық санаттағы балалардың сапалы бiлiм,
медициналық және әлеуметтiк қызметтер алуы
үшiн жағдайды қамтамасыз ету;
өмiрде қиын жағдайға душар болған балалардың
құқықтарын қорғау үшiн кешендi шаралар
жүйесiн қалыптастыру;
кәмелетке толмағандар арасында балалар
қадағалаусыздығының, панасыз қалуының және
құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесiн
жетiлдiру;
әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алу;
балалардың демалуға, бос уақытқа, мәдени және
шығармашылық өмiрге қатысуға құқықтарын iске
асыруға ықпал ететiн жағдай жасау.
Қажеттi ресурстар
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi
және оларды
мемлекеттiк бюджет шығыстарының көлемi
қаржыландыру
10398,067 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде:
көздерi
республикалық бюджет қаражаты есебiнен -
300,533 млн. теңге:
2006 жылы - 34,183 млн. теңге;
2007 жылы - 72,886 млн. теңге;
2008 жылы - 47,905 млн. теңге;
2009 жылы - 48,827 млн. теңге;
2010 жылы - 48,827 млн. теңге;
2011 жылы - 47,905 млн. теңге;
жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен -
10097,534 млн. теңге:
2006 жылы - 66,529 млн. теңге;
2007 жылы - 32,000 млн. теңге;
2008 жылы - 438,243 млн. теңге;
2009 жылы - 4 592,653 млн. теңге;
2010 жылы - 4 137,168 млн. теңге;
2011 жылы - 830,941 млн. теңге.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық және жергiлiктi
бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын
болады.
Бұдан басқа, ҮЕҰ-ның, қоғамдық қорлардың және
Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де көздердiң
демеушiлiк қолдауы ретiнде халықаралық
ұйымдардың, коммерциялық банктер мен
кәсiпкерлiк құрылымдардың техникалық және
гранттық көмегiн тарту көзделедi.
Бағдарламаны iске
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстан
асырудан күтiлетiн
Республикасында 2011 жылға дейiн халықаралық
нәтижелер
нормалар мен стандарттарға жауап беретiн
және оның
балалар жұртшылығының барлық санаттарының
көрсеткiштерi
өмiрi мен дамуының сапасын жақсарту үшiн
жағдай жасайтын балалардың құқықтары мен
мүдделерiн қорғаудың тиiмдi жұмыс істейтiн
қазақстандық жүйесi қалыптасады.
Бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар):
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
нормативтiк құқықтық актiлерiне балалардың
құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi
бойынша тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар
әзiрленедi және енгiзiледi;
әлеуметтiк қорғалмаған, күн көрiсi төмен және
көп балалы отбасыларға қолдау көрсететiн
әлеуметтiк институттар ретiнде мектепке дейiнгi
бiлiм беру ұйымдарын дамыту жөнiндегi
нормативтiк құқықтық база әзiрленедi;
сапалы бiлiм және әлеуметтiк қызметтер алуға
балалардың құқықтарын қамтамасыз ету
мәселелерi бойынша тұрақты мониторинг жүйесi
енгiзiледi;
пилоттық жобалар шеңберiнде әлеуметтiк отбасын
қолдау орталықтары, өмiрi мен денсаулығы үшiн
қауiптi мiнез-құлық нысандарының алдын алу
жөнiндегi кәмелетке толмағандарға арналған
орталықтар құрылады;
балалар үйлерiнiң 36 бiтiрушiлерiнiң әлеуметтiк
бейiмделуi үшiн жағдай жасау мақсатында
жасөспірiмдер үйi ашылады;
2 облыста 96 баланы қамтитын отбасы үлгiсiндегi
4 балалар үйлерi ашылады;
қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын
қамтамасыз ету үшiн балалар қоғамдық
ұйымдарының желiсi 30 %-ға кеңейтiледi.
Екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар):
әр түрлi ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен
органдар қызметiн мемлекеттiк аттестаттауды
жүргiзу кезiнде балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау жөнiндегi құқықтық
нормаларды орындау көрсеткiш ретiнде
енгiзiледi;
мүдделi ведомстволармен және үкiметтiк емес
ұйымдармен ынтымақтастық жолымен балалардың
құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi
әдiстемелiк қызмет жетiлдiрiледi;
денсаулық сақтау iсiнiң стандарттарына сәйкес
балалардың барлық санаттарының медициналық
қызметтер алуын тұрақты мониторингтеу және
бақылау жүйесi енгiзiледi;
4 облыста жыл сайын әлеуметтiк бейiмдеу мен
оңалтуға мұқтаж 2400 кәмелетке толмаған баланы
қамтитын 4 оңалту орталығын ашу есебiнен
қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың
саны 43,5 %-ға төмендейдi;
патронаттық тәрбиешiлер саны 501-ден 800-гe
дейiн көбейедi;
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған мекемелердi кезең-
кезеңмен қысқарту қамтамасыз етiледi;
1115 жетiм баланы және ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтитын
отбасылық жағдайға жақындатылған жағдайда
тұру үшiн 8 облыста отбасы үлгiсiндегi 9
балалар ауылы салынады;
балалар үйлерiнiң 940 бiтiрушiлерiн қоғамға
кiрiктiру мақсатында жағдай жасау үшiн 7
облыста 14 жасөспiрiмдер үйi ашылады;
7 облыста 3704 баланы қамтитын отбасы
үлгiсiндегi 15 балалар үйi ашылады;
5 облыста мүмкiндiгi шектеулi балаларды және
мүгедек 1600 баланы қамтитын 8
мамандандырылған түзеу бiлiм беру ұйымдары
салынады;
қызығушылықтары бойынша балалар қоғамдық
ұйымдарын одан әрi дамыту жүзеге асырылады.
Iске асыру
Бағдарлама екi кезеңде iске асырылады:
мерзiмдерi
бiрiншi кезең: 2006-2008 жылдар
(кезеңдерi)
екiншi кезең: 2009-2011 жылдар.
Мемлекет балалық шақты адам өмiрiнiң маңызды кезеңi деп таниды және балаларды қоғамдағы толыққанды өмiрге даярлау басымдығы қағидаттарын негiзге алады.
Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрi - Конвенция) ратификациялады. Осы Конвенция ережелерiн, балалардың жағдайы жөнiндегi БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған "Балалардың өмiр сүруi үшiн жарамды әлем" атты Декларацияны және Іс-қимыл жоспарын iске асыру мақсатында республикада белгiлi бiр жұмыстар жүргiзiлдi.
Балалар құқықтарын қорғау мәселелерiн реттейтiн халықаралық нормалардан туындайтын мiндеттемелердi Қазақстан Республикасының орындауына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың Желiлiк кестесiнiң 144-тармағына сәйкес осы Бағдарлама әзiрлендi.
Бағдарлама шеңберiнде балалардың өмiрiн жақсарту мақсатында мүдделi мемлекеттiк құрылымдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылының тиiмдi жүйесiн құру көзделедi.
Бағдарлама балалардың барлық санаттарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған iс-шаралардың атаулылығын, Конвенцияның, "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған басқа да нормативтiк құқықтық құжаттардың ережелерiнiң орындалу кепiлдiгiн қамтамасыз етедi.
Бағдарламада балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары, балалардың барлық санаттары үшiн әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктердi қамтамасыз етудiң кешендi шаралар жүйесi айқындалды.
Бағдарламаны қабылдау қажеттiлiгi балалардың барлық санаттарына бiлiм беру жүйесiне тең қол жетiмдiлiктi, сапалы медициналық қызмет көрсету мен сауықтыруды, немқұрайды қатынастың, қатыгездiк пен еңбегiн пайдаланудың барлық нысандарынан қорғауды, балалардың демалуға, бос уақытына, мәдени және шығармашылық өмiрге құқықтарын қамтамасыз ететiн әлеуметтiк басымдықтарды сақтауға және дамытуға мүмкiндiк беретiндiгiмен келiсiледi.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Қазақстан Республикасы Конвенцияның 4-бабына сәйкес Конвенцияда белгiленген нормаларды жүзеге асыру үшiн заңнамалық, әкiмшiлiк және басқа да шараларды қабылдады.
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық нормаларды имплементациялау процесi Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын дамыту мен жетiлдiруде өз көрiнiсiн тапты. Конвенцияның жалпы қағидаттары мен нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiнде имплементацияланған. Негiзгi қолданылу аясы балалардың құқықтары мен мүдделерi болған тұтас кешендi заңдар: "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы", "Неке және отбасы туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы заңдары және басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды.
Халықаралық және ұлттық нормаларды неғұрлым егжей-тегжейлi және толық үйлестiру мақсатында қолданыстағы заңнамалық актiлерге түзетулер, толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлдi. Балалардың құқықтарын iске асыруға Қазақстан ратификациялаған Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына, балалар саудасына, балалар жезөкшелiгi мен балалар порнографиясына, сондай-ақ балалар еңбегiнiң ең жаман нысандарына тыйым салу және оларды жою жөнiндегi шұғыл шараларға қатысты Конвенцияларға факультативтiк хаттамалар ықпал етедi.
Балалардың құқықтарын сақтауға қатысты мемлекеттiк саясат оның Конвенция қағидаттары мен ережелерiне толық сәйкес болуы мақсатында заңнаманы одан әрi дамытуды қамтамасыз етедi.
Ұлттық заңнамаға имплементацияланбаған Конвенцияның бiрқатар нормалары бар. Мәселен, босқын балаларға ерекше қорғау беру мәселесi шешiлмеген.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Балалар құқықтары жөнiндегi комитетiнiң 33-шi арнайы сессиясының отырысында Қазақстан Республикасына берiлген ұсынымдарға сәйкес 2006 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалар құқықтарын қорғау комитетi құрылды, оның негiзгi мiндетi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
Конвенцияның нормаларын мейлiнше толық орындау үшiн басты назар ресурстарды жұмылдыруға бөлiнедi. Экономикалық өсу ұсынып отырған жаңа мүмкiндiктер балалардың мүддесiнде оқыту, тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтiк қызмет көрсету және әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты басым қаржыландыру үшiн пайдаланылады.
Мемлекеттiк бюджеттiң әлеуметтiк салаға арналған шығыстарының көлемi мыналарды құрайды:
Мемлекеттiк бюджеттiң жалпы көлемiндегi шығыстардың үлесi
2003 жыл |
2004 жыл |
2005 жыл |
48,2 % |
48,4 % |
43,7 % |
Алайда, бiрқатар жетiстiктерге, сондай-ақ қазiргi кезде қабылданып отырған шараларға қарамастан, барлық балалар үшiн өздерiнде бар құқықтардың әрқайсысын толық пайдалану мүмкiндiгi әлi қамтамасыз етiлмеген.
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерiмен қорғаншы және қамқоршы органдарының мамандары айналысады. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 106-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерiнiң қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi функцияларын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау уәкiлеттi органдары арқылы жүзеге асырады, ал кенттiк, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл функцияларды дербес жүзеге асырады. Қазiргi кезде республикада 0 жастан 18 жасқа дейiнгi халықтың саны 4 968 630 баланы құрайды, ал қорғаншы және қамқоршы органдарының штаты небәрi 180 маман, осылайша, бiр маманға 27603 баланың құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктеледi. Әлемдiк практика көрсетiп отырғанындай, балаларды қорғау жөнiндегi мамандардың саны 5000 балаға бiр маман есебiнен айқындалады. Осыған байланысты Қазақстанда қорғаншы және қамқоршы органдарының штат санын 956 маманға дейiн ұлғайтқан орынды.
Жергiлiктi жерлердегi өкiлдерi қорғаншы және қамқоршы органдары болатын уәкiлеттi органның тарапынан балалар ұйымдарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiру мен бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру өмiр сүру сапасын жақсартуға мүмкiндiк беретiн және балалардың дамуы үшiн жағдай жасайтын тиiмдi тетiк болады.
Мәлiметтердi жинаудың бiрыңғай жүйесi мен тұрақты мониторингтiң болмауы Конвенция нормаларының орындалу нәтижелерiн және өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн үнемi қадағалауға және бағалауға мүмкiндiк бермейдi.
Тұрақты мониторинг пен бақылау тетiгiн енгiзу Конвенция нормаларын орындауды iске асыруға және балалар құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға әрбiр мемлекеттiк органның тиiмдi қатысуын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Балалардың бiлiмге қол жеткiзу мәселесi ашық күйiнде қалып отыр. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында 1283 мектепке дейiнгi ұйымдар жұмыс iстейдi, онда 192,5 мың бала тәрбиеленуде. Мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсi 2003 жылмен салыстырғанда небәрi 127 бiрлiкке: 2004 жылы 25 бiрлiкке, 2005 жылы 102 бiрлiкке ұлғайды. Контингент 2003-2005 жылдар аралығында - 31,8 мың балаға өстi, 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту 2006 жылы небәрi 23,2 %-ды құрады. Осыған байланысты мектепке дейiнгi бiлiм берудiң аз шығынды нысандарын дамытуды ескере отырып, мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi реформаларды одан әрi жетiлдiру қажет.
Республикада 120 мыңнан астам мүмкiндiктерi шектеулi балалар анықталды. Олардың бiлiм алуға тиiмдi қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн республикада 102 арнайы түзету бiлiм беру ұйымы ашылды, онда 17861 бала оқиды, бұл осы санаттағы балалардың жалпы санының 30%-ын ғана құрайды.
Арнайы түзету бiлiм ұйымдарының желiсi мен контингентiнiң
даму серпiнi
Жыл |
Ұйымдардың саны |
Балалардың саны (мың) |
2001 |
103 |
18,9 |
2002 |
102 |
19,1 |
2003 |
102 |
19,1 |
2004 |
102 |
18,6 |
2005 |
102 |
17,8 |
Республикада арнайы бiлiм беру жүйесiнiң дәйектiлiкпен кеңейтiлуiне қарамастан, әлi барлық мұқтаж балалар арнайы бiлiммен қамтамасыз етiлмеген. Қазiргi кезде республиканың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 50 мыңнан астам бала мамандардың бiлiктi көмегiнсiз оқиды. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 643 арнайы сыныптарында ғана ақыл-ой кемiстiктерi бар және психикалық дамуы тежелген 6480 баланың оқуына жағдай жасалған.
Есту, көру, тiрек-қимыл аппаратында, сөйлеу қабiлетiнде кемшiлiгi бар балалар үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдардың, арнайы техникалық оқыту құралдарының өткiр жетiспеушiлiгi орын алып отыр.
Мүмкiндiктерi шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерiндегi проблемаларды шешу үшiн арнайы бiлiм беру бағдарламаларын қолдау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу және оларды мәдени өмiрге белсендi және тең қатыстыруға тарту, көркем шығармашылық, спорт саласында талантты мүгедек балаларды анықтау қажет.
Интернаттық ұйымдардағы балалардың қазiргi заманғы басылымдар, оқулықтар, мерзiмдi баспасөз, интернет сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуi шектеулi, лайықты деңгейде компьютерлiк бiлiм алмайды, шет тiлiн оқыту деңгейi төмен.
Бүгiнгi күнi жасөспiрiмдiк кезеңдегi балалардың денсаулық жағдайы көкейкестi проблемалардың бiрi болып табылады, оның әлеуметтiк маңыздылығы кәсiби қызметке, қарулы күштердегi қызметке және отбасын құруға дайындалу қажеттiлiгiне негiзделедi.
Баланың денсаулық сақтауға құқығы мынадай шаралармен қамтамасыз етiледi: Қазақстан Республикасының бала денсаулығын сақтау саласындағы заңнамасын жетiлдiрумен, балалардың салауатты өмiр салтын насихаттаумен және оған ынталандырумен, баланың, оның ата-аналарының денсаулығы жай-күйiне бақылауды қамтамасыз ету және балалар ауруларының алдын-алу.
Соңғы бес жылдың iшiнде республикада ЖIӨ-ден шығыстарының денсаулық сақтау жүйесiне үлесi 2001 жылғы 1,97 %-дан 2006 жылы 2,85 %-ға дейiн ұлғайды. Осыған қарамастан республикада жыл сайын 18 жасқа дейiнгi балаларда 5 млн-ға жуық аурулар тiркеледi. Жасөспiрiмдердi (12-18 жас) жыл сайынғы медициналық алдын алу тексерулерiнiң қорытындылары бойынша диагностикадан өтетiн балалардың 53%-ынан астамы ас қорыту, көру органдарының, сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң, дем алу, жүйке және эндокриндiк жүйелерi ауруларынан зардап шегедi.
Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарда жекелеген
аурулар сыныптары мен аурулар топтары бойынша
балалардың жалпы науқастануы
(100 000 балаға шаққанда өмiрiнде бiрiншi рет тiркелген
аурулардың саны)
Аурулардың негiзгi топтары |
2003 жыл |
2004 жыл |
2005 жыл |
жаңа пайда болған iсiктер |
133,9 |
140,6 |
159,6 |
қан, қан түзу органдарының аурулары және иммунды тетiктi тартумен жекелеген бұзушылықтар |
6516,1 |
6786,5 |
7653,0 |
эндокриндi аурулар, тамақтану және зат алмасу бұзылулары |
2665,7 |
2664,2 |
2878,8 |
психикалық бұзылу және мiнез-құлықтың бұзылуы |
1560,5 |
1589,4 |
1535,3 |
нерв жүйесi аурулары |
5186,0 |
5279,8 |
5336,1 |
тыныс алу органдары аурулары |
54402,1 |
58258,7 |
61513,3 |
ас қорыту органдары аурулары |
9698,6 |
9443,8 |
9910,0 |
терi және терi асты жасушаларының аурулары |
6109,3 |
6280,5 |
6318,5 |
сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң және бiрiктiру тiндерiнiң аурулары |
2109,6 |
2077,9 |
2091,8 |
жарақаттар және улану |
3403,6 |
3596,1 |
3719,5 |
Берiлген кестеден көрiнiп тұрғанындай, балалар аурулары өсу үстiнде. Бұл балалардың емдеу-алдын алу ұйымдарының медицина кадрларымен аз жасақталуына, материалдық-техникалық базасының әлсiздiгiне байланысты.
Балаларға арналған әлеуметтiк бағыттағы медициналық қызметтер алудың басымдылығы мыналарға байланысты: медициналық қамтамасыз ету қолда бар қаражатты негiзге алып емес, денсаулық сақтаудың қазiргi стандарттарын ескере отырып жүргiзiлуге тиiс.
Жасөспiрiмдердiң денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiптi мiнез-құлықтың тәуекелдi түрлерiнiң алдын алу жөнiндегi іс-шаралардың болмауы ерекше алаңдаушылық туғызады.
Кәмелетке толмағандардың арасында iшiмдiктi пайдалану, шылым шегу, нашақорлық проблемасы шиеленiсiп отыр: республикада 52 мыңнан астам есiрткiнi пайдаланушылар, оның iшiнде 14-17 жас аралығындағы 4 мыңнан астам бала ресми тiркелген.
2005 жылдың 1 желтоқсанына АҚТҚ жұқтырған 5541 адам, оның iшiнде 14 жасқа дейiнгi - 41 бала, 15-тен 19 жасқа дейiнгi - 498 адам тiркелген, АҚТҚ жұқтырған аналардан туған 201 бала тiркелген.
Жасөспiрiмдердiң өмiрге және денсаулыққа қауiптi мiнез-құлық нысандарының алдын алу жөнiндегi жұмыстың жүйелi сипатқа ие емес екендiгiн ескере отырып, атаулы iс-шараларды iске асыру үшiн үкiметтiк емес азаматтық секторды кеңiнен тарту қажет.
Балаларға қатысты мемлекеттiк саясат экономикалық және саяси реформалау жағдайында iске асырылуда. Елде жүрiп жатқан оң өзгерiстерге сәйкес қоғамдағы балалардың жағдайын жақсарту жөнiнде барабар шаралар қабылдануда.
Осыған қарамастан әлеуметтiк отбасы институтының төмендеу проблемасы сақталып отыр, терiс өмiр салтын ұстанатын ата-аналардың саны өсуде.
Әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған ата-аналардың саны 2003 жылы 1902 адамды, 2004 жылы - 1338 адамды, 2005 жылы 1539 адамды құрады.
Балалардан бас тартуға әкеп соғатын некесiз туылғандардың саны 2005 жылдың басында кәмелетке толмаған қыздарда (100000 мың босанғандарға шаққанда) 23,5 %-ды, 20 жасқа дейiнгi аналарда - 49,2 %-ды құрады.
Шетелдiк мемлекеттердiң тәжiрибесi балалар мен олардың отбасыларына басқарылатын көмектiң әлеуметтiк бағытталған бiртұтас кешендi жүйесiн құру, балалардың барлық санаттарын қолдауға бағытталған қызметтер тiзбесiн жаңарту және кеңейту қажеттiгiн көрсетедi.
Ресей, Чехия, Латвия, Болгария, Албания, Дания, Швеция сияқты бiрқатар елдерде балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс iстеудiң жаңа нысандары - "әлеуметтiк патронаж", отбасылар мен балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтары, ересектер мен балаларға қызмет көрсетудiң әлеуметтiк орталықтары құрылған. Осы қызметтердiң жұмысы балалар мен олардың отбасыларын қоғам өмiрiнің барлық салаларында әлеуметтiк, психологиялық, медициналық және құқықтық сүйемелдеуге бағытталған. Отбасын әлеуметтiк сүйемелдеу мен балаларды зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғау мәселелерiндегi Еуропа елдерiнiң тәжiрибесiн Қазақстанның пайдалануы мүмкiн.
Соңғы жылдарда балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактiлерiне мемлекеттiк органдар назарының өскенiне және осы проблеманы жоюға арналған қолда бар ресурстарға қарамастан, балаларға қарсы зорлық-зомбылық қазiргi қоғамның өзектi әлеуметтiк проблемасы болып отыр. Қазақстан Республикасының Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының деректерi бойынша балалардың 70 %-ы құрдастарының тарапынан, 38 %-ы мұғалiмдер тарапынан, 18 %-ы ата-ана тарапынан жәбiрлеушiлiктi бастан кешiп отыр. 2003-2006 жылдары балалармен қатыгездiк қарым-қатынас жасағаны үшiн 238 ата-ана қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды.
2006 жылғы маусымда өткен Еуропа және Орталық Азия елдерiнiң (Паленсия қаласы, Испания) үшiншi үкiметаралық конференциясының деректерiне сәйкес Бельгияда, Чех Республикасында, Венгрияда және Францияда дөрекi қарым-қатынас нәтижесiндегi балалар өлiмiнiң деңгейi дамыған елдердегi тиiстi орташа көрсеткiшiнен 4-6 есе жоғары.
Осы өңiр елдерiнен алынған жұмыс тәжiрибесi балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөнiнде бiрқатар шаралар енгiзудi көздейдi. Бұл ұлттық заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтiру, заңдардың нормаларын практикалық қолдану жөнiндегi әкiмшiлiк шараларды енгiзу, халықтың мақсатты топтары үшiн бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактiлерiн анықтау жөнiндегi есептiлiк тетiктерiн жасау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою мәселелерiнде қоғамдық құрылымдарға ақпарат беру және олармен ынтымақтастық.
Өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк бейiмсiздендiру және соның салдары ретiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң ұлғайып отырған қадағалаусыздығы, панасыздығы, қылмыстылығы кәмелетке толмағандар үшiн де, қоршаған орта үшiн де қауiптi. Бейiмсiздендiрiлген балалар санының көп болуы елдiң болашағы үшiн қауiп төндiредi.
Осыған байланысты көптеген мүдделi қызметтердiң жұмысын үйлестiру заңмен жанжалға түскен немесе өз құқықтарын қорғауға мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тағдырында ерекше маңыздылыққа ие болады. Барлық құрылымдардың өзара iс-қимыл жасауы осындай балалармен әлеуметтiк-құқықтық жұмысты қанықтыруды қамтамасыз ететiн тетiк болып табылады.
Бiр жағынан, құқық қорғау органдары мен соттың қызметiн, екiншi жағынан емдеу-оңалту және әлеуметтiк-психологиялық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қызметтердi бiрiктiретiн әлеуметтiк және құқықтық тетiктер кешенiн енгiзу БҰҰ Бала құқықтары жөнiндегi комитетiнiң құқыққа қарсы әрекет жасаған кәмелетке толмағандарды оңалту және әлеуметтiк қайта кiрiктiруге жәрдемдесу үшiн тиiстi шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы ұсынымдарын iске асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының әр түрлi министрлiктерiнiң құрылымында балалардың құқықтарын қорғау мәселелерiмен айналысатын ұйымдар бар.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құрылымында балаларға, оның iшiнде 74536 баланы қамтитын жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 665 интернаттық ұйымдар бар. Бұдан басқа, 1035 кәмелетке толмағандардың контингентiмен 23 жасөспiрiмдер үйi және 904 баланы қамтитын 27 панасыздар үй бар.
Денсаулық сақтау жүйесiнде 2095 баланы қамтитын 27 балалар үйi жұмыс iстейдi.
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнде 2994 баланы қамтитын мүгедек балаларға арналған 20 интернат үйi жұмыс iстейдi.
Құқық қорғау жүйесiнде 10342 баланы қамтитын кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау мен оңалтудың 18 орталығы жұмыс iстейдi.
Бұл ұйымдардың қызметi бірыңғай мақсатқа қол жеткізуге: тәрбиеленушiлердiң дене және рухани денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған. Бұл ретте жоғарыда көрсетiлген ұйымдардың мiндеттерi әр түpлi және осы ұйымдарға тән белгiлi бiр ерекшелiк бойынша әлеуметтiк, медициналық, құқықтық және өзге де қызметтер көрсетудi болжайды. Бiрыңғай тәсiлдердiң, iс-әрекеттiң үйлесiмдiлiгiнiң болмауы осындай ұйымға тап болған баланың құқықтарын қорғауды iске асыруға мүмкiндiк бермейдi.
Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерi мен интернаттарда 16843 кәмелетке толмаған балалар тұрады.
Бүгiнде республикада отбасы үлгiсiндегi 6 балалар ауылы, отбасы үлгiсiндегi 29 үй жұмыс iстейдi. Осы балалардың небәрi 19,4 % -ы жетiм балалар болып табылады, мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн балалардың көптеген бөлiгiн ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған әлеуметтiк жетiмдер құрайды.
Бұл санаттағы балалар санының өсуi жетiм балаларға арналған ұйымдардың: сәбилер үйлерi, балалар үйлерi, мектеп-интернаттар, паналау үйлерi және т.б. санының ұлғаюына әкеледi. 1999 жылмен салыстырғанда балалар үйiнiң саны 31 бiрлiкке, ал ондағы балалардың саны - 63,6 %-ға өстi.
Талдау көрсеткендей, Батыс Еуропаның көптеген елдерiнде балаларды осыған ұқсас орындарда ұзақ мерзiмде тәрбиелеу кейiннен баланы өз отбасына қайта қоса немесе оны алмастыратын отбасына бере отырып, оларды арнайы ұйымдарда (паналау үйлерiнде) қысқа мерзiмге ұстауға орнын бердi. Еуропада жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды пайдалану ауқымының күрт қысқаруына әкелген себептер ретiнде: қоғамдағы балалардың құқықтарға көзқарастардың өзгеруiн, тәрбиенiң отбасылық нысандарымен салыстырғанда стационарлық мекемелер базасында тәрбиелеу құнының артуын, қоғам тарапынан сенiмсiздiктi және әлеуметтiк қамтамасыз етудiң осы нысанының нашар нәтижелерiн атайды.
Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту осы санаттағы балалардың қоғамға табысты кiрiгуi үшiн қажеттi шара болып табылады.
Тәрбиеленушiлердi азаматтардың отбасыларына орналастыру немесе отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау осы процестi iске асырудың пәрмендi тетiгi болып табылады.
2000 жыл мен 2006 жыл аралығында Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуға (қыз асырап алуға) 17 мыңнан астам бала, шетелдiк туыстарына - 306, шетелдiктерге - 5 мыңнан астам бала берiлген.
1999 жыл мен 2005 жыл аралығында Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына қорғаншылыққа және қамқоршылыққа 29 мыңнан астам бала берiлген.
Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қысқарту процесi тетiктерiнiң бiрi балалар үйлерi тәрбиеленушiлерiнiң санын қысқартуға мүмкiндiк беретiн баламалы тәрбие нысандарының бiрi ретiндегi патронат жүйесiн кеңейту болуға тиiс. Қазiргi уақытта патронаттық тәрбиемен небәрi 1928 бала қамтылған. Бұл мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 2004 жылы 244 млн. 682 мың теңге, 2005 жылы жергiлiктi бюджет қаражатынан ғана 348 млн. 352 мың теңге бөлiндi.
Балалардың демалуға, бос уақытты өткiзуге және мәдени қызметке құқығы республикада мектептен тыс ұйымдардың желiсi арқылы iске асырылады. Бұл оқушылар үйлерi, балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығы студиясы, жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары мен базалары, балалардың музыкалық, спорт мектептерi, өнер мектептерi, қызығушылығы бойынша клубтар, спорттық, сауықтыру, туристiк лагерлер және басқалар.
Бiлiм беру ұйымдарында: лицейлерде, гимназияларда, өнердi тереңдетiп оқытатын жалпы орта бiлiм беретiн мектептерде, бейiндiк және көркемсурет сыныптарында тиiстi жағдай жасау жолымен балаларды өнерге баулу процесi жанданды.
Қазiргi кезде республикада 586 мектептен тыс ұйымдар, оның 216-сы ауылдық жерлерде, 500-ге жуық аула клубтары, 5 мың спорт залдары, 8,5 мың спорт алаңдары жұмыс iстейдi. Алайда, мектептен тыс ұйымдардың мектеп жасындағы балаларды қамтуы республикада небәрi 12 %-ды, оның iшiнде ауылдық жерде 5 %-ды құрайды.
Жасөспiрiмдердiң оқудан тыс уақытта бос болуы, жасөспiрiмдер клубтары, спорт секциялары желiсiнiң жеткiлiктi дамымауы, жазғы демалысты, ауладағы бос уақытты және әсiресе, ересек жасөспiрiмдердiң еңбекпен қамтылуын ұйымдастырудағы кемшiлiктер балалардың терiс әлеуметтiк мiнез-құлқы себептерiнiң бiрi болып табылады.
Барлық санаттағы балалардың қосымша бiлiм алуына кадрлық, материалдық, әдiстемелiк ресурстармен қамтамасыз ету жолымен жалпыға бiрдей қол жеткiзудi жүзеге асыру қажет. Қазiргi кезде қосымша бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны мен оларды iске асыру технологиясы балалар мен жасөспiрiмдердiң басты құзыреттермен және функционалды дағдылармен байланысты қызмет бағыттарын игерудегi қажеттiлiктерiне толық сәйкес келмейдi.
Балалардың демалуға, бос уақытты өткiзуге, мәдени және шығармашылық өмiрге Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтарын iске асыру үшiн жағдай жасау қажеттiлiгi балалардың қоғамдағы толыққанды өмiр сүруге дайындығы, оларда қоғамдық маңызды және шығармашылық белсендiлiктi дамыту басымдықтары қағидаттарын негiзге алады.
Бос уақытты өткiзу орталықтарын ашу, қоғамдық балалар бiрлестiктерi желiсiн дамыту, барлық санаттағы балалардың демалуға және балалардың өмiр сүру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да iс-шараларға қол жеткiзуi үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесiп жүзеге асырылуы мүмкiн.
Республикада бала еңбегiн пайдалану мәселесi ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.
Халықаралық еңбек ұйымының деректерi бойынша Қазақстан Республикасында бала еңбегiн пайдаланудың салалары мен нысандарына мыналар жатады: бала еңбегi жасы ескерiлместен, шарттық мiндеттемелердi бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншiк нысанындағы кәсiпорындарда ауыр жұмыстарды атқару. Республикада шаруа және фермерлiк қожалықтарда бала еңбегiн пайдалану мәселесi қосымша зерттеудi талап етедi.
Балаларды жезөкшелiкпен, сұраншақтықпен айналысуға тартады, наркотрафикке пайдаланады, пайда табу үшiн сатады.
Пайда табу мақсатында балаларды қамқорлыққа алуды ресiмдеу, әлеуметтiк жәрдемақы алу мақсатында балаларға зақым келтiру оқиғалары орын алып отыр.
Мүдделi мемлекеттiк органдардың БАҚ-пен, үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы балаларды еңбектiң ең жаман түрлерiне пайдалануды жоюдың тиiмдi тетiгi болып табылады.
Балалықтың қазiргi кездегi жай-күйiн талдау терiс құбылыстарды еңсеру, түбегейлi ұйымдық және құрылымдық қайта құрулар, қоғамды балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша ағарту, балалардың өмiрiн жақсарту мақсатында мамандарды республика дамуының қазiргi заманғы әлеуметтiк-экономикалық және саяси жағдайларына сәйкес даярлау жөнiнде кешендi шаралар қабылдауды талап ететiнiн көрсетедi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты балалардың өмiр сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
мемлекеттiк құрылымдармен, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
барлық санаттағы балалардың сапалы бiлiм, медициналық қызметтер және әлеуметтiк қызметтер алуына арналған жағдаймен қамтамасыз ету;
өмiрде қиын жағдайда қалған балалардың құқықтарын қорғау үшiн кешендi шаралар жүйесiн қалыптастыру;
кәмелетке толмағандар арасында балалардың қадағалаусыздығының, панасыздығының және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесiн жетiлдiру;
әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алу;
балалардың демалу, бос уақытты өткiзу, мәдени және шығармашылық өмiрге қатысу құқықтарын iске асыруға ықпал ететiн жағдай жасау болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуымен байланысты және мынадай негiзгi бағыттар бойынша кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады:
5.1. Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы
заңнаманы жетiлдiру
Барлық санаттағы балалардың өмiр сүру сапасын жақсарту процесiн құқықтық қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар)
балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық құжаттарға сараптама жүргiзу;
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлеу және енгiзу;
ұлттық заңнама мен практиканы Конвенцияның қағидаттары мен ережелерiне сәйкес келтiру;
екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар)
балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағын шығаруды ұйымдастыру;
Конвенция ережелерiн орындау жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және енгiзу.
5.2. Мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, халықаралық
және үкiметтiк емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара
iс-қимылды қамтамасыз ету
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру мақсатында мыналар көзделедi:
бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар)
балалармен және балалар үшiн жұмыс iстейтiн әр түрлi кәсiби топтарға арналған әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу;
балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
бiрлескен iс-шаралар жүргiзу жолымен балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы ынтымақтастыққа мүдделi мемлекеттiк құрылымдар мен азаматтық қоғам өкiлдерiн тарту;
екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар)
балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған iс-шараларға мемлекеттiк органдардың қатысуының тиiмдiлiгiн зерделеу мақсатында тұрақты мониторингті әзiрлеу және енгiзу;
балалардың барлық санаттарының өмiр сүруi және дамуы үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерiндегi ведомствоаралық үйлестiрудi одан әрi жетiлдiру;
әр түрлi ведомствоға тиесiлi ұйымдар мен органдар қызметiн мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу кезiнде балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi құқықтық нормаларды орындауды көрсеткiш ретiнде енгiзу.
5.3. Балалардың сапалы бiлiм, медициналық және әлеуметтiк
қызметтер алуына арналған жағдаймен қамтамасыз ету
Сапалы бiлiм, медициналық және әлеуметтiк қызметтер алуға арналған жағдай жасау негiзгi бағыттардың бiрi болып табылады:
бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар)
балаларға сапалы әлеуметтiк қызметтер көрсету процесiн ұйымдық-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
сапалы бiлiм және медициналық қызметтер алу мәселелерiнде мектепке дейiнгi жастағы балалардың, дамуында ауытқушылығы бар балалардың, шалғайдағы ауылдық аудандарда тұратын балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
балалардың сапалы бiлiм мен әлеуметтiк қызметтер алуға құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде тұрақты мониторинг пен бақылау жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
пилоттық жобалар шеңберiнде отбасын қолдаудың әлеуметтiк орталықтарын құру;
екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар)
пенитенциарлық ұйымдардағы кәмелетке толмағандардың қоғамға кiрiгуiне ықпал ететiн бiлiм және медициналық қызметтер алу құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес балалардың барлық санаттарының медициналық қызметтер алуына тұрақты мониторинг және бақылау жүйесiн енгiзу;
мүгедек балаларды әлеуметтiк интеграциялау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған түзету мектеп-интернаттарын салу.
5.4. Өмiрде қиын жағдайда қалған балалардың құқықтарын
қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық
пен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн кешендi шаралар
жүйесiн қалыптастыру
Балалар құқықтарын қорғауға арналған кешендi шаралар жүйесiн қалыптастыру және өмiрде қиын жағдайда қалған кәмелетке толмағандар (әлеуметтiк жағынан қауiптi жағдайдағы отбасыларында тұратын, зорлық-зомбылыққа және еңбегiн пайдалануға ұшыраған, психотроптық құралдар мен психотроптық заттарды, алкогольдi пайдаланатын қадағалаусыз және панасыз балалар) арасындағы балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар)
өмiрде қиын жағдайда қалған балаларды анықтау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;
балалардың денсаулығы мен өмiрiне қауiптi мiнез-құлықтың тәуекелдi нысандарының алдын алу әдiстерiн әзiрлеу;
пилоттық жобалар шеңберiнде өмiрi мен денсаулығына қауiптi мiнез-құлық нысандарының алдын алу жөнiндегi кәмелетке толмағандарға арналған орталықтар құру;
балалармен жұмыс iстейтiн, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол беретiн кәсiби топтардың өкiлдерiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi мониторинг жүйесiн енгiзу;
екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар)
балаларға құқық қорғау дағдыларын дарыту үшiн шаралар кешенiн әзiрлеу және енгiзу;
балалар еңбегiнiң ең жаман нысандарын жою мәселелерi бойынша тұрақты мониторингтi ұйымдастыру;
әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуға мұқтаж кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталықтарын салу.
5.5. Әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алу
Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға кiрiктiру үшiн мыналар болжанады:
бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар)
ықтимал бала асырап алушыларды (қыз асырап алушыларды), қамқоршыларды, қорғаншыларды, патронат тәрбиешiлердi, қабылдаушы ата-аналарды анықтау және есепке алу жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы анықтау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу және енгiзу;
жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды медеткер, қонақжай, қабылдау және патронат отбасыларына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту;
екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар)
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және баланы өз отбасында тәрбиелеуге қабылдауға ниет бiлдiрушi азаматтар туралы мәлiметтердi өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
патронат отбасыларында тәрбиеленетiн балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқартуды қамтамасыз ету;
балалар ауылдарын, отбасы үлгiсiндегi балалар үйлерiн, жасөспiрiмдер үйлерiн салу.
5.6. Балалардың мәдени және шығармашылық өмiрге қатысу
құқықтарын iске асыруға ықпал ететiн жағдайлар жасау
Балалардың шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға, мәдени, қоғамдық өмiрге қатысуға, демалысқа және бос уақытын өткiзуге құқықтарын iске асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз ету мынадай шаралармен көзделедi:
бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар)
балалардың салауаттылығына зиянын тигiзетiн ақпарат пен материалдардан оларды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу балалардың демалуға құқығын iске асыру жөнiндегi мониторингтi жүзеге асыру;
балалардың бос уақытын өткiзуге құқығын қамтамасыз ету және бос уақытты өткiзу қызметiнiң нысандарын жетiлдiру;
балалардың барлық санаттарының мәдени және шығармашылық өмiрге жан-жақты қатысу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн енгiзу;
екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар)
балалардың демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жаңа нысандарын дамыту;
қызығушылықтары бойынша балалардың қоғамдық ұйымдар желiсiн одан әрi дамытуға арналған жағдайларды жүзеге асыру.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттiк бюджет шығыстарының көлемi 10398,067 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде:
республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 300,533 млн. теңге:
2006 жылы - 34,183 млн. теңге;
2007 жылы - 72,886 млн. теңге;
2008 жылы - 47,905 млн. теңге;
2009 жылы - 48,827 млн. теңге;
2010 жылы - 48,827 млн. теңге;
2011 жылы - 47,905 млн. теңге;
жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен - 10097,534 млн. теңге:
2006 жылы - 66,529 млн. теңге;
2007 жылы - 32,000 млн. теңге;
2008 жылы - 438,243 млн. теңге;
2009 жылы - 4 592,653 млн. теңге;
2010 жылы - 4 137,168 млн. теңге;
2011 жылы - 830,941 млн. теңге.
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.
Бұдан басқа, YEҰ-ның, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де көздердiң демеушiлiк қолдау ретiнде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсiпкерлiк құрылымдардың техникалық және гранттық көмегiн тарту көзделедi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер және
оның индикаторлары
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстан Республикасында 2011 жылға дейiн халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретiн балалар жұртшылығының барлық санаттарының өмiрi мен дамуының сапасын жақсарту үшiн жағдай жасайтын балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың тиiмдi жұмыс iстейтiн қазақстандық жүйесi қалыптасады.
Бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар):
Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiне балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар әзiрленедi және енгiзiледi;
әлеуметтiк қорғалмаған, күн көрiсi төмен және көп балалы отбасыларға қолдау көрсететiн әлеуметтiк институттар ретiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын дамыту жөнiндегi нормативтiк құқықтық база әзiрленедi;
сапалы бiлiм және әлеуметтiк қызметтер алуға балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша тұрақты мониторинг жүйесi енгiзiледi;
пилоттық жобалар шеңберiнде Әлеуметтiк отбасын қолдау орталықтары, өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi мiнез-құлық нысандарының алдын алу жөнiндегi кәмелетке толмағандарға арналған орталықтар құрылады;
балалар үйлерiнiң 36 бiтiрушiлерiнiң әлеуметтiк бейiмделуi үшiн жағдай жасау мақсатында жасөспiрiмдер үйi ашылады;
2 облыста 96 баланы қамтитын отбасы үлгiсiндегi 4 балалар үйi ашылады;
қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын қамтамасыз ету үшiн балалар қоғамдық ұйымдарының желiсi 30 %-ға кеңейтiледi.
Екiншi кезеңде (2009-2011 жылдар):
әр түрлі ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен органдар қызметiн мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу кезiнде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi құқықтық нормаларды орындау көрсеткiш ретiнде енгiзiледi;
мүдделi ведомстволармен және үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық жолымен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi әдiстемелiк қызмет жетiлдiрiледi;
денсаулық сақтау iсiнiң стандарттарына сәйкес балалардың барлық санаттарының медициналық қызметтер алуын тұрақты мониторингтеу және бақылау жүйесi енгiзiледi;
4 облыста жыл сайын әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуға мұқтаж 2400 кәмелетке толмаған баланы қамтитын 4 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 43,5 %-ға төмендейдi;
патронаттық тәрбиешiлер саны 501-ден 800-гe дейiн көбейедi;
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту қамтамасыз етiледi;
1115 жетiм баланы және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтитын отбасылық жағдайға жақындатылған жағдайда тұру үшiн 8 облыста отбасы үлгiсiндегi 9 балалар ауылы салынады;
балалар үйлерiнiң 940 бiтiрушiлерiн қоғамға кiрiктiру мақсатында жағдай жасау үшiн 7 облыста 14 жасөспiрiмдер үйi ашылады;
7 облыста 3704 баланы қамтитын отбасы үлгiсiндегi 15 балалар үйi ашылады;
5 облыста мүмкiндiгi шектеулi балаларды және мүгедек 1600 баланы қамтитын 8 мамандандырылған түзеу бiлiм беру ұйымдары салынады;
қызығушылықтары бойынша балалар қоғамдық ұйымдарын одан әрi дамыту жүзеге асырылады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
YEҰ - үкiметтiк емес ұйымдар
КТУОБОО - кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу
және оңалту орталығы
ЖIӨ - жалпы iшкi өнiм
АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы