"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiнде:
4-тармақта:
"өткен" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленедi.";
6-тармақта:
7) тармақшада:
бiрiншi абзацтағы "қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацтағы ", қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) адамның балалары, асырауындағылар;" деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi абзацтағы "анықтама немесе құжат" деген сөздерден кейiн ", қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiктерi)" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
жетiншi абзацтағы "қайтыс болған адамдардың" деген сөздер "қайтыс болғандардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшiн, олар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн оқу орнын бiтiрген уақытқа дейiн (бiрақ 23 жастан аспайтын) - балалардың туу туралы куәлiктерi мен отбасының құрамы туралы анықтамалары, балалардың оқу фактiсi туралы оқу орындарының анықтамалары".