Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 699 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетін құруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 35 258 000 (отыз бес миллион екі жүз елу сегіз мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі