Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.10 N 1055 Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және "Байланыс туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 504-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспедегi "2001 жылғы 12 шiлдедегi" деген сөздер "2001 жылғы 12 маусымдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары жыл сайын қайта қаралады.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкаларында:
"Бiр абонент үшiн айлық есептiк көрсеткiшпен төлемнiң жылдық ставкалары" деген бағандағы "1,724", "0,862" және "0,862" деген сандар "1,137", "0,568" және "0,568" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі