"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңы 11-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 шілдедегі
N 696 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Заңның 11-бабында белгiленген мүлiктi жария етудi жүргiзудiң тәртiбiн регламенттейдi.
3. Жылжымайтын мүлiктi жария ету, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталады және 2006 жылғы 30 желтоқсанда аяқталады.
2. Жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу тәртiбi
4. Жылжымайтын мүлiктi жария ету Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссияға (бұдан әрi - комиссия) өтiнiш жасауы арқылы жүргiзiледi.
5. Жылжымайтын мүлiктi жария ету үшiн жария ету субъектiсi комиссияға мынадай құжаттарды:
1) Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данадағы өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын, ал заңды тұлға өкiлдерi - сондай-ақ жарғының (ереженiң), заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;
3) Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлiктi жария ету үшiн алым төлегенiн растайтын құжаттарды ұсынады.
6. Өтiнiш берiлген күнi комиссия:
1) жария етуге түскен өтiнiштердi тiркеу журналына өтiнiштi енгiзедi және нөмiр бередi;
2) өтiнiш иесiне өтiнiштiң күнi мен нөмiрiн көрсете отырып, өтiнiштi және ұсынылған құжаттарды алғанын растайтын қолхат бередi.
7. Жария ету мерзiмi iшiнде берiлген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш комиссияға өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.
8. Он бес жұмыс күнi iшiнде комиссия:
1) Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша құжаттарды қайтару;
2) жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту;
3) құжаттарды одан әрi қарау туралы шешiм қабылдайды.
9. Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай жағдайларда себебi көрсетiле отырып қайтарылуға тиiс:
1) құжаттардың толық пакетiн ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда тазартулар мен түзетулердiң болуы;
3) мүлiктi жария еткенi үшiн алым сомасын дұрыс есептемеу;
4) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi.
Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшiн негiз болған себептер жойылған жағдайда, жария ету субъектiсi мүлiктi жария етудiң белгiленген мерзiмi iшiнде қайтадан мүлiктi жария етуге өтiнiш беруге құқылы.
10. Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту Заңның 2 және 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде жүзеге асырылады.
11. Құжаттарды одан әрi қарау туралы шешiм шығарылғаннан кейiн Комиссия мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мынадай құжаттарды ресiмдеуi жөнiнде шаралар қабылдайды:
1) жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорт;
2) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi;
3) жер учаскесiне жеке меншiк құқығына акт.
Осы құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi ұйымдастыру мәселелерi комиссияға жүктеледi.
Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн ресiмдеу "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi ресiмдеу "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
12. Мүлiктi жария ету субъектiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн тұрғын үй объектiлерi бойынша Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды беру өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
13. Пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге және өзге тұрғын үй-жайларға, ғимарат құрамаларына (кейiнгi объектiлер) құқықтарды тiркеу жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмнiң және жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорттың негiзiнде жүзеге асырылады.
14. Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу процесi аяқталғаннан кейiн комиссия жария ету субъектiсiне Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлiметтердi жария етiлген мүлiк тiзiлiмiне бiр мезгiлде енгiзе отырып, жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi ресiмделген құжаттармен бiрге бередi.
15. Жария ету субъектiсiне мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру комиссияға өтiнiш жасалған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiлуiне тиiс.
16. Жария етiлген жылжымайтын мүлiк туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
17. Мүлiктi жария ету субъектiлерi жария етiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2007 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде ресiмдеуге мiндеттi.