Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 19 шілдедегі
N 687 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы
мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi, төрайым
Әлiбаев - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Айтбай Сүйiнбайұлы министрлiгi Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлiк қызмет көрсетудi
ұйымдастыру комитетi төрағасының
орынбасары, төрайымның орынбасары
Ағатаева - Қазақстан Республикасының
Күләш Әбдiбекқызы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
Әмiров - Қазақстан Республикасының
Иран Әмiрұлы Парламентi Сенатының депутаты
Белоруков - Қазақстан Республикасы
Николай Васильевич Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi
Байболов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Болат Әбiлхақұлы Сотының Аппарат Басшысының
орынбасары
Бекшинова - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Бағдат Мұхамедәлиқызы ғылым министрлiгi Балалардың
құқықтарын қорғау комитетi
төрағасының орынбасары
Акрачкова - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Дина Викторовна сақтау министрлiгi Ұйымдастыру-
құқықтық жұмыстар департаментiнiң
директоры
Ешiмова - Қазақстан Республикасы Экономика
Дана Ақылбекқызы және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Заң басқармасының
бастығы
Қамзабаев - Қазақстан Республикасы Бас
Қорған Темiртайұлы прокуратурасы Соттарда қылмыстық
iстердi қарау заңдылығын қадағалау
департаментiнiң бастығы
Куанышбаева - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Роза Сақтағанқызы және ақпарат министрлiгi Әкiмшiлiк-
құқықтық жұмыс департаментiнiң
директоры
Құсетов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Сұлтан Тұрлыұлы министрлiгiнiң Криминалдық полиция
комитетi төрағасының орынбасары
Нұржанов - Қазақстан Республикасы
Қасымтай Бiржанұлы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi
(қаржы полициясы) Құқықтық
қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментiнiң
бастығы
Оразалиева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Зәбира Жандарқызы министрлiгi Заң қызметi
департаментiнiң директоры
Тезекбаев - Қазақстан Республикасы Қарулы
Ерiк Асылбекұлы Күштер Әскери полициясы бас
басқармасының бастығы
Әмiржанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жасұлан Жұмадiлұлы қауiпсiздiк комитетiнiң Заң
басқармасы бастығының орынбасары
Жовтис - Адам құқықтары мен заңдылықты
Евгений Александрович сақтау жөнiндегi Қазақстандық
халықаралық бюросының директоры
Ткаченко - "Penal Reform International"
Вера Валерьевна (Орталық Азиядағы Халықаралық түрме
реформасы) халықаралық қоғамдық
бiрлестiгiнің өңірлік директоры
Турецкий - "Қазақстан криминологиялық
Николай Николаевич қауымдастығы" қоғамдық
бірлестігінің атқарушы директоры
Фокина - Алматы Хельсинки комитетiнiң
Нинель Константиновна төрайымы
Әбдiрәсiлов - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
Ермек Баяхметұлы ұлттық университетi заң
факультетiнiң деканы, заң
ғылымдарының докторы
Мәуленов - Қазақ гуманитарлық заң
Ғазиз Сырбайұлы университетiнiң қылмыстық-құқықтық
пәндерi кафедрасының профессоры,
заң ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 19 шілдедегі
N 687 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшін жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Үкiметтiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның мiндеттерi:
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi мұқият және жан-жақты зерделеу;
қажеттi нақты материал мен объективтi ақпараттарды жинау болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
Қазақстан Республикасында өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселе бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын қарау;
өлiм жазасын қолдану және оның күшiн жою мәселелерi бойынша халықаралық тәжiрибе мен заңнаманы талдау;
Комиссия отырыстарының өткiзiлу ретiне қарай өлiм жазасының күшiн жою туралы мәселенi зерделеу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар ету;
өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
5. Комиссияның:
орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен отырыстар, кеңестер мен конференциялар өткiзуге;
министрлiктерден, ведомстволардан және Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарынан, ғылыми, үкiметтiк емес және басқа да ұйымдарынан қажеттi материалдарды сұратуға, комиссия жұмысына қажеттi мамандарды тартуға;
Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi, өзге де құқықтарға құқығы бар.
7. Төраға Комиссияның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның шешiмдерiн iске асыруды жалпы бақылауды, салааралық, ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысынан кейiн хаттаманы ресiмдеудi Комиссияның мүшесi болып табылмайтын Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi.
10. Отырыстардың күн тәртiбi, сондай-ақ оларды өткiзу орны мен уақытын Комиссия төрағасы белгiлейдi және нақтылайды.
Бекiтiлген тiзбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша жiберiледi.
11. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Отырыс оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерi оның қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына, сондай-ақ есеп-хатына қоса тiркелуi тиiс.