Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 28 сәуiрдегi N 337 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге кредит беру үшiн шағын кредит ұйымдарының желiсiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге кредит беру үшiн шағын кредит ұйымдарының желiсiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Облыстардың әкiмдерi Жоспар бекiтiлгеннен кейiн бiр ай мерзiмде мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, өңiрлiк ic-шаралар жоспарларын әзiрлесiн.
3. Жоспарды iске асыруға жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен мүдделi ұйымдар:
1) Жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) 10 қаңтарға және 10 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы»14»шілдедегі
N 675 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге кредит беру үшін шағын кредит
ұйымдарының желісін дамыту тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары туралы
р/с N № |
Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжалды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ауылдық жерлерде шағын кредит берудің тиімді жүйесін қалыптастыру | ||||||
1. Өңірлерде шағын кредит ұйымдарының желісін дамыту | ||||||
1.1 |
Ауылдық жерлерде шағын кредит ұйымдарының өңірлік желісін дамыту |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, облыстар әкімдері, АШҚҚҚ, ШКДҚ |
Жарты жылдықтар бойынша, |
Талап етілмейді |
|
1.2 |
Жарғылық капиталына қаржы институттарының үлестік қатысуымен ауылдық жерлерде шағын кредит ұйымдарын құру |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ШКДҚ, АШҚҚҚ |
Жарты жылдықтар бойынша, жыл сайын |
Қаржы институт-тарының қаражаты |
|
1.3 |
Кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шағын кредит беру үшін шағын кредит ұйымдарына кредит қаражатын беру ережесін әзірлеу |
Директорлар кеңесінің шешімі |
АШҚҚҚ, ШКДҚ |
тамыз 2006 жыл |
Талап етілмейді |
|
1.4 |
Жарғылық капиталына қаржы институттарының үлестік қатысуымен ШКҰ құру ережесін әзірлеу |
Директорлар кеңесінің шешімі |
АШҚҚҚ, ШКДҚ, |
тамыз 2006 жыл |
Талап етілмейді |
|
1.5 |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кепілдіксіз қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қол жетімділігін ұлғайту үшін топтық кредит беру әдістерін енгізу |
АШМ-ға ақпарат |
Облыстар әкімдері, АШҚҚҚ, ҚШҚҰҚ |
Жарты жылдықтар бойынша, жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
1.6 |
Ауыл қарыз алушыларының жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тіркеуге жәрдем көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
АШМ-ға ақпарат |
Әділетмині, облыстар әкімдері |
тамыз 2006 жыл |
Талап етілмейді |
|
1.7 |
ШКҰӨбөлген кредит қаражатын қамтамасыз ету тетігі ретінде, талап ету құқықтарын бере отырып енгізу |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ШКДҚ, АШҚҚҚ, ШКҰ |
Жарты жылдықтар бойынша, жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
2. Шағын кредит ұйымдарын қаржыландыру | ||||||
2.1 |
Кейіннен шағын кредит ұйымдарына және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ты капиталдандыру |
ЭБЖМ-ге ұсыныс |
АШМ, АШҚҚҚ |
Жыл сайын |
2007 жыл 10000 млн. теңге; 2008 жыл 8000 млн. теңге |
Республикалық бюджет |
2.2 |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге одан әрі кредит беру үшін ШКҰ қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының, донорлық ұйымдардың, екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің және ірі отандық кәсіпорындардың қаражатын тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру |
АШМ-ға ақпарат |
Қаржымині, ИСМ, ЭБЖМ, облыстар әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
3. Ауылда оқыту және консалтинг бағдарламаларын дамыту | ||||||
3.1 |
Құрылатын шағын кредит беру ұйымдарының мамандарын оқытуды жүргізу |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ШКДҚ, АШҚҚҚ, ШКҰ |
Жарты жылдықтар бойынша, жыл сайын |
Қаржы институттарының қаражаты |
|
3.2 |
Ауыл халқына кәсіпкерліктің негіздерін және қаржы |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, АШҚҚҚ, ШКДҚ, ҚШҚҰҚ |
Тоқсан сайын, жыл сайын |
Қаржы институттарының қаражаты |
|
3.3 |
Бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық жүйелер арқылы шағын кредит беруді насихаттауды жүргізу |
АШМ-ға ақпарат |
МАМ, ИСМ, облыстар әкімдері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
3.4 |
Шағын кредит беру мәселелері жөнінде семинарлар, конференциялар,»"дөңгелек үстелдер" өткізуді қамтамасыз ету |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, облыстар әкімдер, ШКДҚ, АШҚҚҚ, ҚШҚҰҚ |
Жарты жылдықтар бойынша, жыл сайын |
Қаржы институттарының қаражаты |
|
3.5 |
Шетелдердің тәжірибесін зерделеу мақсатында мемлекеттік органдардың шағын кредит беру мәселелерімен айналысатын мамандарының тағылымдамасы |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ |
Жыл сайын |
Халықаралық гранттар |
|
3.6 |
Ауылдық ақпараттық консультациялық орталықтар арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында |
АШМ-ға ақпарат |
ҚАМ |
Тоқсан сайын, жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
Ауылда шағын кредит беруді дамыту жүйесінің мониторингі | ||||||
1 |
ШКДҚ базасында шағын кредит беруді дамыту үшін бірыңғай ақпараттық-әдістемелік орталық құру |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ШКДҚ |
қыркүйек 2006 жыл, тоқсан сайын |
Қаржы институттарының қаражаты |
|
2 |
Қаржы институттарында құрылған ШКҰ-ын талдау және бақылау жөніндегі жүйелерді енгізу |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ШКДҚ, АШҚҚҚ |
2007 жыл |
Қаржы институттарының қаражаты |
|
3 |
Мемлекет бөлген қаржы ресурстарын тартатын ШКҰ-ның аудит жүйесін енгізу |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ШКДҚ, АШҚҚҚ |
2007 жыл |
Қаржы институттарының қаражаты |
|
4 |
Шағын кредит берудің қазіргі заманғы стандарттарын және менеджменттің қазіргі заманғы әдістемесін енгізу үшін халықаралық қауымдастықтармен ынтымақтастықты кеңейту |
АШМ-ға ақпарат |
ИСМ, ҚШҚҰҚ |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
|
Жиыны |
18 000 млн. теңге |
|||||
о.і: республикалық бюджет |
18 000 |
|||||
жергілікті бюджет |
||||||
басқа да көздер |
Ескертпе:
2007 және 2008 жылдар шығыстарының көлемі№ N 654 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін
тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкестікке
келтірілген және тиісті қаржы жылға арналған»"Республикалық
бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нақтыланады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИСМ Индустрия және сауда министрлігі
Қаржымині Қаржы министрлігі
ЭБЖМ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині Әділет министрлігі
МАМ Мәдениет жане ақпарат министрлігі
ШКДҚ « "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
АШҚҚҚ « "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры"»АҚ
ҚШҚҰҚ Қазақстанның шағын қаржы ұйымдары қауымдастығы
ҚАМ « "Қазагромаркетинг" АҚ
ШКҰ Шағын кредит ұйымы