Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 673 қаулысы

Қолданыстағы

      "Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095  Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жылына екі рет әр жылдың 25 қаңтары мен 25 шілдесіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

      4. Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2006 жылғы 13 шілдедегі
                                                 N 673 қаулысымен
                                                     бекітілген

          Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің
         мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
   2006-2010 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспары

р/с
N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанған шығыстар (млн.теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Жаңа теңіз блоктарын конкурстарға жоспарлы қою

1.

Жаңа теңіз учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде конкурстар мен тікелей келіссөздер өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ЭМРМ, (шақырылым) "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

Жыл сайын 20 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді

  

2.

ЖТНӘ эксклюзивті емес сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу

Геологиялық-геофизикалық ақпарат алу

ЭМРМ, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ, "Веритас Каспиан"  компаниясы

2007-2010 жылдар

Келісім-шартқа қол қою кезінде анықталатын болады

"Веритас Каспиан" компаниясының қаражаты"

3.

Мұнай операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттарда, сондай-ақ көмірсутектерді тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезінде мемлекет мүдделерін білдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ЭМРМ, (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

2006 ж. 20 желтоқсан

300

Республикалық бюджет

Ұлттық мұнай-газ компаниясының теңіз жобалары бойынша операторының функцияларын орындауы

4.

Теңіз жобалары бойынша оператордың рөлін орындау

ЭМРМ-ге ақпарат

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді

  

Халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін
қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру

5.

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су қоймаларында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспардың жаңа редакциясын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

2006 ж. 20 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді

  

Мұнай-газ жобаларының мониторингі

 6.

Мұнай-газ деректерінің ұлттық банкін дамыту (дерекқорларды толтыру, аумақтық орталықтарды қалыптастыру, Бақылау орталығын құру)

ЭМРМ-ге ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

Жыл сайын 25 маусым, 25 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді

  

Жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес келетін қосымша
табиғат қорғау іс-шаралары

7.

Мемлекеттік есепке алуды, мониторинг пен кадастрды жүргізу үшін Каспий теңізі мен оның жағалау маңы аймағындағы жануарлар мен өсімдік әлемінің жай-күйін ғылыми зерттеулерге арналған техникалық тапсырманы дайындау

Республикалық бюджеттіккомиссияға қарау туралы ұсыныс енгізе отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

АШМ (жинақтау), БҒМ, Қоршағанортамині, ККМ, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері

2006 ж. 20 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді

  

8.

Теңіз операцияларының биоәртүрлілікке әсер етуін шектеу мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қорық аймағын функционалдық аймақтарға бөлу жөніндегі техникалық тапсырманы дайындау

Республикалық бюджеттік комиссияға қарау туралы ұсыныс енгізе отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

АШМ (жинақтау), БҒМ, Қоршағанортамині, ККМ, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері

2006 ж.
20 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді

  

Мұнай-газ кешені үшін қазақстандық мамандарды даярлау және қайта даярлау

9.

Мұнай-газ компанияларымен мұнай-газ кешені үшін қазақстандық мамандарды даярлау және қайта даярлау жоспарын іске асыру

ЭМРМ-ге ақпарат

"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ, мұнай компаниялары

Жыл сайын 25 желтоқсан

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес

Мұнай компанияларының қаражаты

Теңіз операцияларын жағалаулық қолдау үшін инфрақұрылым құру

10.

КТҚС жағалау белдеуін дамытудың кешенді жоспарының жобаларын іске асыру:
Баутино портындағы теңіз-мұнай операцияларын қолдау базасын салу;
Баутино кенті ауданында Түпқараған шығанағының шығыс жағалауында теңіз кемелеріне май құю станцияларын салу;
Атырау облысында мұнайдың құйылуына ден қоюға Солтүстік Каспий базасын салу

ЭМРМ-ге ақпарат

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ
 "ТеңізСервис" ЖШС
 

"ТеңізСервис" ЖШС

 
"ТеңізСервис" ЖШС

Жыл сайын
25 желтоқсан

Талап етіледі

"ТеңізСервис" ЖШС-тің қаражаты

11.

"Қазақстан Республикасының теңіздегі және ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекемесі инспекторларыныңштат санын 14 бірлікке ұлғайту жөнінде ұсыныс енгізу және оның техникалық жарақтандырылуын кезең-кезеңімен жүзеге асыру

ЭМРМ-ге ұсыныс 

ТЖМ

2006 ж. желтоқсан

Талап етілмейді

  

12.

Мамандандырылған теңіз авариялық-құтқару отряды» мемлекеттік мекемесін құру және»Құтқару» мамандандырылған кемелерін сатып алу жөнінде ұсыныс енгізу

ЭМРМ-ге ұсыныс

ТЖМ

2006 ж. желтоқсан

Талап етілмейді

  

13.

Энергиямен жабдықтау объектілерінің жаңаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарының қуатын күшейту, оның ішінде:  
жаңа 110 кВ ЖВЖ-мен 110/10   кВ»Баутино»ҚС   салу;
екінші 110 кВ Ақтау-Құрық»ЖВЖ салу;
110/6 кВ»"Құрық"ҚС қайта құру;
жаңа 110 кВ Ақтау - Форт- Шевченко ЖВЖ салу;
110 кВ "Форт-Шевченко" ҚС қайта құру;
Құрық селосында үш жаңа ҚС салу

ЭМРМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімі (жинақтау), ЭМРМ, "Қазына" АҚ;
"МЭЖТК" АҚ

2006 ж. қыркүйек

2007 ж. қыркүйек 

2007 ж. қыркүйек

2008 ж. қазан

2008 ж. қазан

2010 ж. қазан

Талап етіледі

"МРЭК" АҚ

14.

"Атырау халықаралық әуежайында" жаңа жолаушылар кешенін және жүк терминалдарын салу

ЭМРМ-ге ақпарат

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ

2010 ж. қараша

Талап етіледі

Сыртқы қарыздар

15.

Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту 

ЭМРМ-ге ақпарат

ККМ

2006 - 2008 жылдар 25 желтоқсан

62 млн. АҚШ долл.

Мемлекеттік емес қарыздарға мемлекеттік кепілдік

16.

Теңіз операцияларын қолдау флотын дамыту 

ЭМРМ-ге ақпарат

ККМ (жинақтау), "Қазтеңкөлфлот" ҰТКК" АҚ

Жыл сайын желтоқсан

Талап етіледі

"Қазтеңкөлфлот" ҰТКК" АҚ-тың қарыз қаражаты

Мұнай тасымалдаудың экспорттық бағдарларының бағыттарын белгілеу

  17.

Ескене-Құрық теңіз терминалы бар жаңа экспорттық мұнай құбырының құрылысы, оның ішінде:
ЖСҚ әзірлеу;
терминалы бар мұнай құбырын салу   

ЭМРМ-ге ақпарат

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және мұнай өндіруші компаниялар   

ЖСҚ әзірлеу 2007 ж. желтоқсан.
Салу 2010 ж. желтоқсан  

ЖСҚ сәйкес және тендер нәтижелері бойынша жоба қатысушылары анықтайтын болады  

Қатысушылардың жеке қарыз қаражаты  

18. 

КТҚС мұнай ресурстарын тасымалдаудың экпорттық бағыттарының маршруттарын анықтау жөнінде ұсыныстар беру   

ЭМРМ-ге ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ   

2009 ж. желтоқсан  

Қаржыландыру талап етілмейді  

  

19.

Қашағаннан көмірсутегі шикізатын тасымалдау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу

ЭМРМ-ге ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ   

2006 ж. желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді  

  

Теңіз мұнай-газ кешені үшін негізгі отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу (Теңіз операцияларын жүргізу үшін импорт алмастыру)

20.

КТҚС-ғы мұнай-газ жобалары үшін бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды көздейтін инвестициялық жобалардың тұрақты мониторингін жүргізу

ЭМРМ-ге ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, "Қазына" АҚ

Жыл сайын 25 желтоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді  

  

Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі
АШМ  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ККМ  - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ИСМ  - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТЖМ  - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Қазына" АҚ - "Қазына" тұрақты даму қоры" акционерлік қоғамы
"МЭЖТК" АҚ  - "Маңғыстау электр желілерін тарату компаниясы" акционерлік қоғамы
"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ - "Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ - "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" акционерлік қоғамы
"Қазтеңкөлфлот" ҰТКК" АҚ - "Қазтеңкөлфлот" ұлттық теңіз кеме жүзу компаниясы" акционерлік қоғамы
КТҚС - Каспий теңізінің қазақстандық секторы
ЖСҚ - жобалық-сметалық құжаттама 
ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме 
ЖТНӘ - жалпы тереңдік нүктесінің әдісі 
ҚС - қосалқы станция 
ЖВЖ - жоғары вольттық желі