Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Оңтүстiк Қазақстан" деген жолдың "сұр топырақты (мақта шаруашылығы аймағы)" деген 13-бағанындағы "204,4" сандар "137,7" деген сандармен ауыстырылсын.