Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi комитеттерiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қолданыстағы заңнамада белгiленген штат санының лимитi шегiнде:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi:
      оған өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау, өрттер туралы iстер бойынша анықтау және өрт сөндiрудi ұйымдастыру функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетiне;
      оған өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы және азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын бақылау функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiне бөлу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi:
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы ;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы ;
      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi ;
      4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi ;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн  өзгерiстер мен толықтырулар  бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң төрағаларына екi орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 626 қаулысына    
қосымша     

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдарының - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Ақмола облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Ақмола облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Ақмола облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы.

      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесі, Ақтөбе қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитеті Ақтөбе облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Ақтөбе қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Ақтөбе облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Ақтөбе қаласы.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Алматы облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Талдықорған қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Алматы облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Талдықорған қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Алматы облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Талдықорған қаласы.

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Атырау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Атырау облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Атырау облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы.

      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы.

      6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Тараз қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Жамбыл облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Тараз қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Жамбыл облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Тараз қаласы.

      7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Батыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы.

      8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесі, Қарағанды қаласы, мыналарға бөлiну жолымен: 
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Қарағанды облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Қарағанды қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Қарағанды облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы мемлекеттiк мекемесi, Қарағанды қаласы.

      9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Қызылорда облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Қызылорда облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы.

      10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Қостанай облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Қостанай қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Қостанай қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Қостанай облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Қостанай қаласы.

      11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Ақтау қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Маңғыстау облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Ақтау қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Маңғыстау облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Ақтау қаласы.

      12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Павлодар облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Павлодар қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Павлодар облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Павлодар қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Павлодар облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Павлодар қаласы.

      13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Петропавл қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Петропавл қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Петропавл қаласы.

      14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Оңтүстiк Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Шымкент қаласы;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Шымкент қаласы.

      15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесі, Астана қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Астана қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттiк мекемесi, Астана қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Астана қаласының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.

      16. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Алматы қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы, мыналарға бөлiну жолымен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi Алматы қаласының Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Алматы қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 626 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi (бұдан әрi - Комитет) өрт қауiпсiздiгi саласындағы iске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк өрт бақылау, өрттер туралы iстер бойынша анықтау және өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру болып табылады.
      Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) бар.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi, мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға оның құқығы бар.

      4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi түрде күшi бар бұйрықтар шығарады.

      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілiк көшесi, 22.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызметi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      10. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыру саласында:
      құрамына басқару органдары, күштер мен құралдар, өртке қарсы құралымдар, өрт-техникалық оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерi кiретiн өртке қарсы қызмет органдарын басқарады;
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк есепке алуды жүргiзедi;
      меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
      өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы сертификаттауды жүзеге асырады;
      жеке және заңды тұлғаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргiзуге және қызметтер көрсетуге лицензиялар бередi;
      өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiседi;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау саласында:
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк өрт бақылауын жүзеге асырады;
      өрттер және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүргiзедi;
      елдi мекендерде және ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан объектiлерде өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
      салынып жатқан объектiлердi олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының өрт қауіпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiне тексередi;
      елдi мекендерде, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан, барлық ұйымдарда өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауларын бақылауды жүзеге асырады;
      заңнамада белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi жүзеге асырады.

      12. Комитет өзiнiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) азаматтарға, кәсiпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы нұсқамалар бередi;
      2) жер учаскелерiн бөлу және кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды қабылдау жөнiндегi комиссияларға қатысуға;
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
      4) заңнамада әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өрт қауiпсiздiгi ережелерін бұзғаны туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi мемлекеттiң оған бекiтiп берген мүлкi есебiнен және негiзгі қорлардан, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптастырылады.

      14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      15. Комитеттiң өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

      17. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      18. Комитеттiң аумақтық органдарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрi тағайындайды.

      19. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы yшiн жеке жауап бередi.

      20. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы:
      1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң аумақтық органдары мен мекемелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң аумақтық органдары мен мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқамалар бередi;
      6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 626 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық.
      2. Мемлекеттiк өрт бақылау басқармасы.
      3. Анықтау бөлiмшесi.
      4. Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi бөлiмi.
      5. Әкiмшiлiк жұмыстары бөлiмi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 626 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы iске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi жоспарлар мен шаралардың толық және тиiмдi орындалуын, белгiленген нормативтер, стандарттар мен ережелер талаптарының сақталуын, лауазымды тұлғалардың, күштер мен құралдардың дайындығын, олардың iс-қимылын тексеру болып табылады.
      Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) болады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi, мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары бар.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен бұйрықтар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күшi бар нұсқамалар шығарады.

      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауіпсіздіктi мемлекеттiк бақылау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

      9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      10. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      11. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыру саласында:
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және бұрқаққа қарсы қызметтерi мен құралымдардың қызметiне басшылық жасайды;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      авариялардың және өндiрiстiк жарақаттанудың себептерi мен жағдайларын талдайды;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргізедi;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып нормативтiк құқықтық актілерді әзiрлейдi, көрсетiлген нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiтедi немесе келіседі;
      ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органдармен бiрлесiп, қауiптілігi жоғары өнiмдердi (процестердi, қызметтердi) сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мен сынақ жүргiзу зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеудi жүргiзедi;
      бақылаудағы салаларда жұмысы ықтимал тәуекелмен байланысты технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды (оның iшiнде импорттық) әзiрлеуге, жасауға, сынауға және қолдануға тау-кен техникалық бақылау органдарының қорытындылары мен рұқсатын бередi;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару қызметтерi мен құралымдарының жарғыларын, ережелерi мен көшiру схемаларын қарайды және келiседi;
      пайдалы қазбаларды немесе олардың бөлiктерiн, мұнай, газ, гидротермалдық және минералдық ұңғымаларды өндiру жөнiндегі ұйымдарды тарату мен консервациялау бойынша жұмыстардың қауiпсiздiгі бөлiгiндегi арнайы жобаларды келiседi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiгінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды келiседi;
      ұйымдардағы тау-кен жұмыстарының ағымдағы және перспективалық даму жоспарын келiседi;
      халықты және ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы хабардар ету тәртiбiн белгiлейдi;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау саласында:
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс, меншiк нысанына және ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан, барлық ұйымдардағы қауiптi объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды, өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi бақылауды, тау-кен бақылауды және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлердi иеленушiлердiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiне байланысты объектiлердi иеленушiлердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттердi орындауын және олардың заңнамада белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердi бiрдейлендiруге - объектiнi ұйымдардың құрамына қауiптi өндiрiстiк объектiлер санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды;
      егер өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес әзiрленген аварияларды жою жоспарында өзге тәртiп көзделмеген болса, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардың салдарын шектеу және зардаптарын жою жөнiндегi жұмысты бақылайды;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң технологиялық процестерiнде пайдаланылатын бiртектi өнiмдер мен жабдықтарды (процестердi, қызметтердi) сертификаттаудың болуын, өндiрiстердiң, технологиялардың жасалуы мен пайдаланылуына рұқсаттардың берiлуiн бақылайды;
      қауiпсiздiгi жөнiнде жоғары талаптар қойылатын машиналардың, тетiктер мен жабдықтардың, сондай-ақ жарылуға қауiпсiз орындалған электр техникалық бұйымдардың дайындаушы-зауыттарда, жөндеу кәсiпорындарында және пайдалану кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк стандарттарына, ережелерi мен нормаларына сәйкестiгiн тексередi;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға қабылдау ережелерiнiң сақталуын бақылайды, өнеркәсiптiк жарылғыш материалдардың, жабдықтардың жаңа үлгiлерiнiң сынақтарын өткiзу жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады, қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң технологиялық процестерінде пайдаланылатын өнiмдер мен жабдықтарды (процестердi, қызметтердi сертификаттау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      өндірiстiк объектiлердегi авариялар мен өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың әзiрленуi мен жүргiзiлуiн, ықтимал авариялар мен олардың салдарларын жоюға ұйымдастыру дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
      ұқсатылған тау-кен әзiрлемелерiн және табиғи жер асты қуыстарын шаруашылық мақсаттарда және минералдық шикiзатты қайта өңдеуде пайдалану кезiнде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын қауiпсiз жүргізуді геологиялық-маркшейдерлiк қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асырады;
      тау-кен жұмыстарының қауiпсiз жүргiзiлуi шекарасын белгiлеудiң дұрыстығын, сондай-ақ шахталар мен кенiштерге сулардың, зиянды және қауіпті заттар ағынының өтуiн алдын алу жөнiндегi ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйiне арналған кен жұмыстарының зиянды әсерiн алдын алу және жою жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн тексерудi жүзеге асырады;
      меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардағы аварияларды жоюға әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқарушы қызметтер мен құралымдардың жедел және техникалық дайындығын, олардың алдын алу, құтқарушылық және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуiн бақылайды;
      ұйымдарда тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының орындалуын, учаскелер үшiн пайдалы қазба кен орындарын әзiрлеуге арналған техникалық және жергiлiктi жобалардың сақталуын, минералдық шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi объектiлердi жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың құрылысын салу мен қайта жаңартуға арналған жобаларды, өнеркәсiп қауiпсiздiгі бөлігінде тау-кен әзiрлемелерiн консервациялау және жою кезiнде зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмудi және ағынды су төгiндiлерiн бақылайды;
      қауiптiлiгі жоғары өнiмдердi (процестердi, қызметтердi) сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мен сынақ жүргiзу зертханаларының (орталықтарының) сертификаттау ережелерiн сақтауын тексередi, олардың техникалық құзыреттілігін белгiлейдi;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлерде нұсқаулықтың, персоналды оқытудың, жұмысқа жiберудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын, мамандарда тау-кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлiк, электр техникалық, газбен және басқа да жұмыстарға басшылық жасауға құқық беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде жарылыс, газ қаупi бар және қауiптiлiгi жоғары басқа да жұмыстарды жүргiзу құқығына құжаттардың болуын тексередi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларын бiлуiне тексеру жүргiзедi;
      мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi.

      12. Комитет өзiнiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға анықталған өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою туралы мiндеттi күшi бар нұсқамаларды беруге;
      2) жабдықтардың, бұйымдардың, заттардың, материалдардың жарылу, олардың өрт қауiптiлiгi дәрежесiн анықтау үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiнен өткiзiлуi үшiн мiндеттi бақылау сынақтарын тағайындауға;
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзiнiң құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
      4) заңнамада әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiн және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік кесiмдердi бұзғаны туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға;
      5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігін және оны қорғау ережелерiнiң белгіленген бұзушылықтарын жоюға бағытталған iс-шаралардың мерзiмдерi мен көлемдерi жөнiнде келiсуге;
      6) қауiптi өндiрiстiк объектiде сөзсiз аварияға ұрындыру қаупi бар қызметтi осы қауiп жойылғанға дейiнгi кезеңге тоқтата тұруға;
      7) жобалау-техникалық құжаттаманың, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi талаптары мен нормаларына сәйкестiгіне сертификаттау, сараптама жүргiзу жөнiндегi ұйымдарды, зертханаларды және орталықтарды құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      8) жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн ескермеген, олар мемлекеттiк бақылау органдарының талаптарын (нұсқамаларын) орындамаған жағдайда, лицензиарларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келiсiм-шарттардың күшiн тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге және осы лицензиялар мен келiсiм-шарттарға бұрын берiлген қорытындыларды керi қайтарып алуға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi мемлекеттiң оған берген мүлкi есебiнен және негiзгі қорлар, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен қалыптастырылады.

      14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      15. Комитеттiң өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға - Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы басқарады.

      17. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болады.
      Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      18. Комитеттiң аумақтық органдарының басшыларын - облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрi тағайындайды.

      19. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.

      20. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы: 
      1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң аумақтық органдары мен мекемелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң аумақтық органдары мен мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқамалар бередi;
      6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 626 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық.
      2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасы.
      3. Әкiмшiлiк жұмыстары бөлiмi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 626 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Мемлекеттiк мекеме

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттiк мекемесi, Астана қаласы.

Кәсiпорын

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң "Өрт қауiпсiздiгi және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы.

Акционерлiк қоғам

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң "Өрт сөндiрушi" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 626 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Мемлекеттiк мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Атом-энергетикалық кешенiнде қауiпсiз жұмыс жүргiзудi қадағалау облысаралық мемлекеттiк инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi, Степногор қаласы.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларының қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау мемлекеттiк инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы.

Кәсiпорындар

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Астана қаласы.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Көмip" әскерилендiрiлген авариялық құтқару қызметi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
      5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Құтқарушы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Тараз қаласы.
      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Кен" әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Өскемен қаласы.
      7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
      8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң "Ақ Берен" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Атырау қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 626 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген бөлiмде реттiк нөмiрлерi 109-4, 109-15, 109-17-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi" деген бөлiмде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi";
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 109-23-1, 109-23-2-жолдармен толықтырылсын:
      "109-23-1 "Қазақстан Республикасы
                Тау-кен құтқарушылар
                ғылыми-инженерлiк орталығы"
                республикалық мемлекеттiк
                қазыналық кәсiпорны             Қарағанды қаласы
      109-23-2  "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi
                проблемалары жөнiндегi
                ұлттық ғылыми-зерттеу
                орталығы" республикалық
                мемлекеттiк кәсiпорны 
                (шаруашылық жүргiзу
                құқығында)                       Астана қаласы";

      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 109-25-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi 
      109-25 "Өрт қауiпсiздiгi және азаматтық
             қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы"
             республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
             (шаруашылық жүргiзу құқығында)         Алматы қаласы".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiне" деген бөлiмде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетiне".

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 523-құжат):
      2-тармақтың 2) және 5) тармақшалары, 3-тармақтың үшiншi азат жолы алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың үшiншi азат жолындағы "Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi" деген сөздер "Өртке қарсы қызмет комитетi, Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың 2) тармақшасындағы "Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi" деген сөздер "Өртке қарсы қызмет комитетi және Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi комитеттерiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1381  қаулысында :
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 19-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      6. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың штат санының лимиттерiнде:
      реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "3 Қазақстан Республикасы Төтенше
      жағдайлар министрлiгi:                                  198
      ведомстволарды қоспағанда,
      Министрлiктiң орталық аппараты                          110
      Өртке қарсы қызмет комитетi                              23
      Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi
      мемлекеттiк бақылау комитетi                             25
      Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi              40";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "2 Қазақстан Республикасы Төтенше
      жағдайлар министрлiгi:                                 3812
      ведомстволарды қоспағанда, 
      министрлiктiң аумақтық органдары                        888
      Өртке қарсы қызмет комитетi                            2289
      Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi
      мемлекеттiк бақылау комитетi                           635".