"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 616 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) мүшелiлiгiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.
      2. Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн:
      1) осы ұйымға кiру процесiнiң шеңберiнде қабылданатын мiндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiруiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу;
      2) ДСҰ-ның негiзгi келiсiмдерiнiң ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
      3) халықаралық сауда келiссөздерiне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткiзуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;
      4) Еуразия экономикалық қоғамдастығы, Бiртұтас экономикалық кеңестiк, ДСҰ және басқалары сияқты өңiрлiк бiрлестiктердiң шеңберiнде жалпы сауда режимiн құру мен көршiлес елдермен және өңiрлiк бiрлестiктер шеңберiнде еркiн сауда аймақтарын құру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
      5) халықаралық сауданың қазiргi заманғы жүйесi және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен iлiмдердi тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi персоналының кәсiби деңгейiн арттыру.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) қоғамның жарғысын бекiтудi және Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қ." деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-76-жолмен толықтырылсын:
      "21-76. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-20-жолмен толықтырылсын:
      "237-20 "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ";

      3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-жолмен толықтырылсын:
      "10. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы, Астана қаласы.".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi