1. "Ақтау халықаралық теңiз сауда портының екiншi кезегi құрылысының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Маңғыстау облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша Ақтау портын солтүстiк бағытта кеңейту және гидротехникалық құрылыстар салу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен су қоры жерiнен жалпы алаңы 35 гектар жер учаскесiн 49 (қырық тоғыз) жыл мерзiмге осы қаулының 3-тармағында көзделген шарттарда Серiктестiкке уақытша өтемдi жер пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн.".