Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 568 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетовке" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi