Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323
қаулысында
:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Елемесов Асқар Раушанұлы;";
2) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Марат Әпсеметұлы Құсайынов;";
3) тармақшаның екiншi абзацында "Премьep-Министрiнiң орынбасары" деген сөздерден кейiн " - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшаның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Асқар Болатұлы Баталов;";
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104
қаулысында
:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болып тағайындалсын.".