Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы N 543 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 13 маусымдағы 
N 543 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9-24-жол алынып тасталсын.

      2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 127-жол алынып тасталсын.

      3. "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 450-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесiнде:
      "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң клиникалық базалары" деген бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы" деген жол алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 23-жол алынып тасталсын.