Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу
ережесiнде
, жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiнде:
3-тармақтың 15) тармақшасындағы "оралмандарға" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдерi шеңберiнде тартылатын ғарыштық зымыран кешенiн құру және жердегi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн пайдалану жөнiндегi маман болып табылатындарға".