Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236 және 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 515 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбiнде:
      1-тармақтағы ", куәлiктеме" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақ "лицензиялары бар" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын;

      2) "Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын (сипаттамасы) және оларды беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 15 наурыздағы N 175  қаулысында :
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс".

      2. 2006 жылғы 15 сәуiрден бастап "Мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың нысандары мен оларды берудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 тамыздағы N 1236  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 381-құжат) қолданылуы жаңғыртылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі