Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 514 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148  қаулысына  мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-тармақта:
      екiншi абзац "уран мен оның құрамаларын" деген сөздерден кейiн "сирек кездесетiн металдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "сирек кездесетiн металдардың экспортын және импортын;
      уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетiн металдарды өндiру процесiн сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларын барлауды және өндiрудi;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі