Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 511 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262; 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 35, 351-құжат);
      2) "Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 990 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 404-құжат).
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2006 жылғы 6 маусымдағы
                                                N 511 қаулысымен
                                                    бекітілген

         Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін
                           Акт
    на право частной собственности на земельный участок

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің    
                                             2006 жылғы 6 маусымдағы
                                                N 511 қаулысымен
                                                    бекітілген

            Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін
                            Акт
            на право постоянного землепользования

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2006 жылғы 6 маусымдағы
                                                N 511 қаулысымен
                                                    бекітілген

         Уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі
          жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін
                             Акт
        на право временного возмездного (долгосрочного,
          краткосрочного) землепользования (аренды)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2006 жылғы 6 маусымдағы
                                                 N 511 қаулысымен
                                                       бекітілген

         Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін
                             Акт
      на право временного безвозмездного землепользования

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 511 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 910 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 369-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiнде:
      мәтiндегi "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган (бұдан әрi - облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган)", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган", "облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық органның" деген сөздер тиiсiнше "жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган)", "облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган", "облыстық жер қатынастары жөнiндегi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта "белгiлеудi" деген сөз "белгiлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. "Жердi сақтап қою ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 407-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi сақтап қою ережесiнде:

      5-тармақтағы "атқарушы органдар," деген сөздерден кейiн "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың екiншi абзацында "аумақтық жер ресурстарын басқару" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық жер ресурстарын басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "аумақтық жер ресурстарын басқару жөнiндегi орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 43, 464-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiнде:

      2-тармақта:
      7) тармақшаның екiншi абзацында "жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген олардың құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшада "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген олардың құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      42-тармақта:
      "жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер ресурстарын басқару жөнiндегi", "аумақтық" деген сөздер тиiсiнше "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi", "уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiне қосымшада:
      бiрiншi абзацта "жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бөлiмнiң 1-тармағында "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бөлiмнiң "Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi" деген кiшi бөлiмiнде "жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердi пайдалану ережесi мен режимiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1269 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 47, 525-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердi пайдалану ережесi мен режимiнде:
      мәтiндегi "жер ресурстарын басқару" деген сөздер "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын.