Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 509 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):

      3-тармақтың 2) тармақшасы "комитетi" деген сөзден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы ережеде:

      19-тармақта:
      3) тармақша "құрылымдық" деген сөзден кейiн "және аумақтық" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн ", аумақтық бөлiмшелер бастығын және бастығының орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша "құрылымдық" деген сөзден кейiн "және аумақтық" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң құрылымында:
      екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тауар нарықтарын талдау басқармасы
      Бағалық реттеу басқармасы";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiнен кейiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесiмен толықтырылсын;

      2)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2006 жылғы 6 маусымдағы 
N 509 қаулысына    
қосымша     

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң     
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi

      1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
      16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма