Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Палымбетов - Қазақстан Республикасының
Болат Әбiлқасымұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Смайылов - Қазақстан Республикасының
Әлихан Асханұлы Қаржы вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Баталов - Қазақстан Республикасының
Асқар Болатұлы Индустрия және сауда
вице-министрi
Бектұров - Қазақстан Республикасының
Азат Ғаббасұлы Көлiк және коммуникация
вице-министрi
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы
Рәпiл Сейiтханұлы Сыртқы iстер министрiнiң
орынбасары
Исабеков - Қазақстан Республикасы
Тимур Шамсатұлы Әдiлет министрлiгiнiң
Халықаралық құқық, мемлекеттiң
мүлiктiк құқықтарын қорғау,
шарттар, наразылық-талап арыз
жұмысы департаментiнiң
директоры, хатшы
көрсетiлген құрамнан Коржова Наталья Артемовна, Әрiпханов Айдар Әбдiразақұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Мұсайбеков Сәкен Жүнiсбекұлы, Зверьков Вадим Павлович, Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк ұйымдардың алдындағы берешек мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралык комиссия туралы ережеде:
2-бөлiмнiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"берешектердi өтеу тетiгi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау.";
5-бөлiмнiң бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткiзудiң нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі