Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 ақпандағы N 72 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 455 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 ақпандағы N 72 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамына енгiзiлсiн:
      Зайсан көлi, Бұқтырма және Шүлбi су қоймалары, Ертiс өзенi және Қ.Сәтпаев атындағы канал бойынша:

      Белихин              - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
      Иван Васильевич        орынбасары;

      көрсетiлген құрамнан Кәрімов Айбек Мүталапханұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі